ҚР көлік логистикасының дамуын талдау, ҚР көлік логистикасына шолу
Автор: fatimakurmangali • Апрель 27, 2023 • Реферат • 959 Слов (4 Страниц) • 145 Просмотры
Тақырыбы: ҚР көлік логистикасының дамуын талдау, ҚР көлік логистикасына шолу
ҚР көлік логистикасының дамуын талдау, ҚР көлік логистикасына шолу
Қазіргі таңда тек біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде көліктердің маңызы күн өткен сайын артып келеді. Кез келген жүкті бір жерден екінші бір жерге жеткізу үшін, немесе шетелге шығу үшін міндетті түрде көліктің көмегіне сүйенеміз. Елімізде көлік саласына аса мән тәуелсіздік алғаннан бастап берілуде. Тіпті дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспарында да бұл саланың маңыздылығы мен жоспарлары көрсетілген.
Қазіргі қоғамда адамдардың қажеттіліктерін көліксіз қанағаттандыру мүмкін емес. Көліктің ерекшелігі материалдық өндірістің бір саласы ретінде, ол қоғамдық өнім көлемін арттырады. Тауар айналысы бойынша операциялар тауар айналысының экономикалық мәнін сипаттайтын функцияларды білдіреді, өйткені көлік айналым процесінде өндіріс процесінің жалғасы болып табылады.
Көліктермен жүзеге асырылатын қызметтерді бақылау әрі зерттеу үшін логистика ғылымы пайда болды. Ол кәсіпорынның корпоративтік мақсаттарына жетуі үшін ақпараттық, қаржылық, материалдық ағындарды басқарады. Негізгі мәні қажетті тауарды, қажетті жерге, қажетті сапада және көлемде, дәл уақытында минималды шығынмен жеткізу. Ал көлік сол логистиканың таптырмас құралы. Мысалы, бір кәсіпорын тауар өндіретін болса оны басқа қалаға жеткізу үшін логист мамандарға жүгінеді, ал олар бұл істі көліктің бес түрінің біреуін қолдана отырып жүзеге асырады.
Көлік осыншалықта маңызды болғандықтан логистикадан арнайы көлік логистикасы бөлініп шықты. Көлік логистикасы жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын логистика бөлімі. Оның негізге міндеттеріне мыналар жатады:
- Жүкті жеткізуді жоспарлау, тауарды тиеу, түсіру
- Шығындарды азайтып, тасымал сапасын арттыру
- Қоймалау, көлік құралын таңдау
- Маршрут пен жабдықтаушыны таңдау
- Тасымал кезінде жүкті бақылау жіне ақпаратпен қамтамасыз ету
Енді, еліміздегі көлік логистикасы мен оның дамуына тоқталайын.
Көлік жүйесі тәуелсіз Қазақстанның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл бір жағынан алып аумаққа, халықтың тығыздығының төмендігіне, шикізат пен өндірістік ресурстардың таралуына байланысты. Мұндай жағдайда көлік -коммуникация кешені территориялық тұтастықты, экономикалық кеңістіктің бірлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанның Еуразияның кіндігінде орналасуы, барлық дерлік мемлекеттермен экспорт, импорт байланысын орнатуға мүмкіндік береді, алайда теңіз не мұхит жолдарының болмауы су көлігінің артта қалуына тікелей әсер етеді.
Қазақстандағы экономикалық өсудің баяулауына қарамастан, 2011-2016 жж. сыртқы факторлардың әсерінен және ішкі қиындықтар (өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі, ұлттық валютаның айырбас бағамының түзетілуі, ішкі бағаның өсуіне әкеліп соқтырады), көлік пен қойма қызметтеріне, сондай -ақ сыртқы саудаға қатысы жоқ басқа қызметтерге сұраныс жеткілікті тұрақты болып қала береді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ЖІӨ -нің 7,7% -ы және барлық жұмыс орындарының 7,2% -ы көлік және қойма секторына жатқыза аламыз.
[pic 1]
Қазіргі уақытта Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесі «эволюциялық» дамудың бастапқы сатысында тұр, оған тән ерекшелігі-жеткізу тізбегінің сапасыз процестері мен көлік инфрақұрылымының нашар жағдайы.
Логистикалық тиімділік индексінің жақсаруына қарамастан, Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан 2018 жылы 71 орынға төмендеді. Бұл нәтиже - «логистикалық құзыреттілік» критерийі бойынша Қазақстанның әлсіреуінің салдары. Басқаша айтқанда, жеткізу тізбегінің субъектілері өткен жылдармен салыстырғанда тиісті қызмет көрсету деңгейін беруді тоқтатты.
...