Сырдария өзенінің бассейнінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
Автор: gaukharginayat • Октябрь 3, 2018 • Реферат • 5,182 Слов (21 Страниц) • 1,698 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Су шаруашылық кешенінің қазіргі жай күйі мен әлеуметтік- экономикалық болжамы.
1.1 Жалпы ережелер
1.2 Халық және оның орналасуы
2 Сырдария өзенінің бассейнінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
2.1 Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
3 Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)
3.1 Бассейннің өнеркәсібі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
4
4
5
11
11
16
16
18
19
КІРІСПЕ
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің басты табиғи компоненті болып табылады. Сонымен бірге, су ресурстары қоғам дамуының лимиттеуші факторларының бірі. Қазіргі қолда бар су ресурстары мен оларға деген қажеттілік арасындағы теңгерімнің бұзылуы орнықты әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы кедергі болып табылады.
Елдің анағұрлым өткір су проблемалары суға деген тапшылықтың өсуі, жер үсті және жер асты суларының ластануы, орасан зор, нормативтен тыс су шығындары, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі бар проблемалар, мемлекетаралық су бөлу проблемалары, климаттың өзгеруі салдарынан су ресурстарының сарқылу қаупі болып табылады.
Су ресурстарының жылдық әртүрлі сулылығын Қазақстан экономикасының қажеттілігімен салыстыру жекелеген өңірлер бойынша да, тұтастай республика бойынша да судың өткір тапшылығының бар екендігін көрсетеді. Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы табиғи байлықтарды игеруді, өндірістік күштердің дамуын және тұтастай экономикалық өсуді тежейтін айтарлықтай фактор болып табылады. Бұл ретте, соңғы жылдары экономика салалары мен халықтың суды тұтынуы қысқарғаны байқалғандығына қарамастан, су ресурстарын пайдалану тиімсіз күйде қалуда. Мысалы, 2003 жылы Қазақстанда тек тасымалдау кезіндегі тұщы су шығынының көлемі - 5,6 км з құрады, яғни 2000 жылмен салыстырғанда 0,7 км з -ге ұлғайды. Қазіргі кезеңде жағдай негізгі құралдардың тозуы және оларды қалпына келтіру үшін қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан күрделене түсуде.
Суару жүйелеріндегі судың шығыны 50-60 %-ын құрайды (бас су тоғанынан бастап).
1 Су шаруашылық кешенінің қазіргі жай күйі мен әлеуметтік- экономикалық болжамы
1.1 Жалпы ережелер
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және оның жекелеген өңірлерінің ұзақ мерзімді перспективасының мақсаты халықтың орналасуы негізінде өмір сүру сапасын арттыру, орнықты бәсекеге қабілетті экономика, негізделген әртараптандыру және инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.
Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін гі даму стратегиясы және "Жасыл экономика" тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын экономиканың қарқынды және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда. «Стратегия-2030» міндеттерін іске асыру «Стратегия - 2050» аясында жалғасады.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мынадай негізгі стратегиялық міндеттер шеңберінде жүзеге асырылады:
- тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтаудың қол жетімді және тиімді жүйесін құру;
- демографиялық жағдайды жақсарту;
- ана мен баланы қорғау;
- халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен
...