Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері. Лизинг
Автор: Karlygash Alkenova • Январь 15, 2018 • Курсовая работа • 7,265 Слов (30 Страниц) • 1,888 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері 6
2 Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері. Лизинг 9
2.1 Кәсіпорындарды жалдау шарты 11
2.2
3
3.1
4
4.1 Үйлер мен ғимараттарды жалдау
Көлік кұралдарын жалдау
Прокат
Мүлікті тегін пайдалану
Өтемелі қызмет көрсету 13
16
17
19
21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері нарықтық экономикаға көшіп, азаматтық заңнамалар жаңадан жетіле бастады. Азаматтық құқық –құқық саласы ретінде дами келе «аренда» институты құрамында жаңадан ұғымдар пайда болды. Олар: лизинг, прокат және тағы басқалар сияқты ұғымдар Қазақстан экономикасына жаңадан келген болатын.
Қазақстан экономикасының дамуы үшін арендалық, лизингтік келісімдердің мынадай объектілері, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін құрылғылар, жеңіл өнеркәсіп, мұнай және газ өндіретін, сондай-ақ көлік құралдары (автокөліктер, ұшақтар, кемелер), байланыс құралдары едәуір әсер етеді.
Қазақстанда жалдау негізіндегі бизнестің дамуына кедергі жасайтын маңызды мәселелердің бірі лизингтік компаниялар қызмет етуі тиіс құқықтық базаның жеткілікті қалыптаспауы. Кейінгі кезге дейін аренда, прокат және лизинг ұғымдары біздің заңдарымыз үшін өмір сүрмеді. Сондықтан да шарт жасасқанда лизинг, прокат ұғымдарына нақты және кең көлемді анықтама беріп, тараптар арасында шарт талаптарын нақтылап жату керек болды. Онда да «лизинг» терминін біздің заңдарымызға көпте болса жақын болып келетін ұғымдармен: қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді жалдау деп ауыстырып келдік.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігінің сатып алуға қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлік бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі осындай мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.
Мүлік жалдау шарты қазіргі кездегі қоғамда жиі кездесетін құқықтары мен міндеттері тек тараптардың келісімі негізінде пайда болатын өзара, өтеулі (ақылы) болып табылатын шарт болып табылады. Осыған сәйкес, шарт тараптарының субъектілері мен объектілері арасында жалға алу қатынасы сипатына қарай, мүлік жалдау шарты бес түрге бөлінеді: лизинг (қаржы жалдау шарты), үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты, көлік құралдарын жалдау шарты және прокат шарты.
Осы мүлік жалдау қатынасына түсетін тараптардың құқықтары мен міндеттері шарт мазмұнында толық қарастырылады. Осы міндеттемелер мен құқықтар бұзылмас үшін, шарт мазмұнында шарттың тоқтатылу жағдайлары есеп айырысу, сонымен бірге жалға алу кезінде жүргізілетін жақсарту мәселесі, мүлікті қайта, қосалқы жалдау жағдайларын қарастыру мәселесі өте маңызды.
Сондықтан, курстық жұмыстың тақырыбы ретінде осы объектіні, яғни мүлік жалдау шартының елеулі мәселелерін қарастыруға алдым.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыста мүлік жалдау шартының ұғымын анықтап, оның мазмұнын
...