Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарифтер туралы түсінік

Автор:   •  Март 2, 2019  •  Курсовая работа  •  5,068 Слов (21 Страниц)  •  1,019 Просмотры

Страница 1 из 21

Мазмұны

Кіріспе

  1. Тарифтер туралы түсінік
  2. Жүктік тарифтер
  3. ДТЖ операторының міндеті

3.1 Даңғылдық темір жол операторының «пойыздарды даңғылдық желілер арқылы өткізу» қызметі

3.2 Вагон ағымдарын станцияларда күтімге алу

3.3 Жылжымалы құрамның станциялық жолдарда қозғалыс кестесінен тыс қаңтарылып тұруы есебі.

3.4 Вагондарды тиеу-түсіру фронтына беру-алу

  1. Локамативтік тартымның қызметтері
  1. Тарифтік саясат

4.1 Темір жол тарифін реформалау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

        «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» ЖАҚ-ның тарифтік жүйесінің негізі ретінде қазіргі жағдайларда құрамына жүктерді тасымалдау үшін немесе жолаушылардың жүргені үшін тасымалдық төлемдер кіретін бағанамалар қабылданады, ал саясаттың икемділігіне тіркелген бағанамалық тарифтерге қатысты коэффициенттерді енгізу жолымен қол жеткізеді. Бағанамалар орталықтан басқарылатын эканомика жағдайларында әзірленіп, жүк пен жолаушыларды тасымалдау бойынша көліктік қызмет көрсетулердің табыстарын қалыптасытыруға бағытталған болатын. Қазақстан Республикасының темір жолдары арқылы жүктерді тасымалдаған кезде төмендегі мөлшерлемелер қолданылады:

- республикалық қатынаста (республика ішіндегі тасымалдаулар) 1989ж. «Темір жол жүк тасымалдау тарифтері» шығарылымының №10-01 бағанамасының мөлшерлемелері;  

- халықаралық (экспорттық-импорттық) қатынаста (кіргізу-шығару) – «экспорттық-импорттық темір жол жүк тасымалдаулар тарифтерінің» мөлшерлемелері;

- халықаралық өтпек қатынас – «Қазақстан Республикасы темір жолдарының жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдаудың жырықтық жылға арналған тарифтік саясатының» мөлшерлемелері, ол мөлшерлемелер ТМД елдерінің Тарифтік Келісімі Темір жол әкімшіліктерінің (тасымалдаушылардың) жыл сайынғы тарифтік конференциясында қабылданды.

Тасымалдау үшін төленетін бағаны белгілеу кезінде негізгі құрастырушылар – жүктің салмағымен түрі, тасымалдаудың қашықтығы, вагонның типі. Осыған байланысты барлық жүктер 99 топқа біріктірілген жүктердің атаулығы 11 800 атаудан тұрады, ал тасымалдаушылардың қашықтығы 50 км-ден 200 км-ге дейін еселенеті қашықтық белдеулері бойынша топталады. Бұл тарифтердің деңгейі халықаралық өтпек тарифтерге қарағанда екі және одан көп есе төмен болады.

Қазақстандағы халықаралық қатынастағы темір жол тасымалының кірепұлы жүктің түріне байланысты Ресеймен салыстырғанда 1,2 – 3,3 есе төмен, Белорусьпен салыстырғанда – 1,7 – 2,7 есе төмен, Өзбекстанмен салыстырғанда 1,7 – 3,9 есе төмен. Мемлекет ішіндегі қатынастағы ресейлік тарифтер қазақстандық тарифтерге қарағанда жүктердің кейбір түрлері бойынша 1,7 – 3,3 есе жоғары. Қазақстаннан басқа ТМД елдерінде одан жоғары тарифтерді белгілеудің негізгі себебі болып, бұл елдердің жүктерді халықаралық қатынастарда тасымалдауға арналған теміржолының тарифтік саясатының мөлшерлемелерін қолданылуы болып табылады.

Әлемдік нарықтағы бағалардың өсуінің, ұлттық волюта – теңгенің еркін құбылған айырбас бағамын енгізудің есебімен, мемлекетаралық қатынастағы тарифтердің есебін жүргізудің ең ыңғайлы нұсқасы ретінде, халықаралық қатынастардың валютасы ретінде – швейцар франкімен есептелетін тарифтерге ауысуы.

     

  1.  Тарифтер туралы түсінік

Темір жол тарифі табиғатына қарай – теміржол көлігінің жүктерді, жолаушыларды және почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулері құндылығының ақшалай түрлері. Теміржол тарифінің ненгізгі функциялары эканомиканың өзге салаларындағы бағалардың қызметіне сәйкес және темір жол кәсіпорындары шығындарының орындарын толтыруға, алдағы болашақта олардың дамуын, қаржылық тұрақтылығымен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражаттарды қалыптастырудан тұрады. Тарифтер көлік саласының эканомикалық тұрақтылығының деңгейін ғана белгілеп қоймай, өзге негізгі факторлармен қатар материалдық өндіріс кәсіпорындары  мен салалардың эканомикалық жағдайына елеулі түрде әсер етеді. Темір жол жүк тарифтерінің деңгейіне тұтану орындарындағы, өткізу саласындағы өнемнің көлемі мен бағасы тәуелді болады, басқаша айтқанда осы тауарларды өндірушілердің және тұтынушылардың эканомикалық жағдайына байланысты болады. Тарифтер көліктік кәсіпорынмен оның қызметін тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасына әсерін тигізеді: өздерінің тарифтерін өзгерте отырып теміржол көлігінің кәсіпорындары қолда бар, өздерінің қызметін сатып алушыларды сақтап қалуға немесе жаңаларын таратуға құлшынысын жасайды.

...

Скачать:   txt (73.5 Kb)   pdf (313.7 Kb)   docx (35.8 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club