2021 жылғы тамақтану саласындағы өзгерістер
Автор: Mterstegen • Май 21, 2021 • Реферат • 1,344 Слов (6 Страниц) • 454 Просмотры
2021 жылы тамақтану саласында тұтынушылар сұранысы әсерінен жаңа өзгерістер пайда болатындығын The DairyNews ADM тамақ компаниясының деректеріне сілтеме жасау арықылы жазған.
Өзінің OutsideVoiceSM consumer insights платформасының зерттеулеріне сүйене отырып, ADM компаниясы алдағы 12 айда негізгі болатын трендтердің тізімін жасаған болатын. Олардың өзгеруіне пандемия кезінде қалыптасқан тұтынушылардың мінез-құлқы мен әлеуметтік ерекшеліктері әсер етті. Өйткені денсаулық сақтаудың жаһандық дағдарысы тұтынушылардың қалауын жаңа және күтпеген жолдармен өзгертті. Сол себепті иммундық жүйені қолдайтын, көңіл-күйді жақсартатын және қоршаған ортаға әсерін төмендететін тамақ пен сусындарға деген сұраныстың артуы байқалуда. Бұл брендтерге тамақтану тәсілін түбегейлі өзгертетін жаңа өнімдерді жасауға ерекше мүмкіндік берді. 2021 тамақтану саласындағы маңызды жетістіктермен белгіленген инновация жылы болатыны анық.
ADM сарапшылары алдағы жылы туризмдегі тамақтану саласын инновациялық жетістіктерге жеткізер үздік 5 трендті атап өткен.
Біріншісі – денені және ақыл-ойды тамақтандыруға белсенді көзқарас. Компанияның зерттеулері көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-ы табиғи ингредиенттері бар тамақ өнімдері мен сусындарға артықшылық береді, ал 31%-ы денсаулығына арналған арнайы өнімдерді сатып алады.
Сонымен қатар, талғам мен түс сияқты факторлар сұраныста маңызды рөл атқара бастады. Тұтынушылар көбінесе өнімдерді түрлі-түсті жарқын қаптамада таңдайды. Цитрустық дәмі бар сүт өнімдеріне артықшылық беріледі, өйткені мұндай өнімде денсаулыққа пайдалы С дәрумені бар. Адамдардың сезімдеріне әсер етер, мысалы балалық шақтың иісі немесе дәмі бар өнімдер де тұтынушылар сұранысына да әсер етеді.
Алдағы жылдың үздік 5 трендіндегі екінші орын тұтынушылардың қоршаған ортаға қамқорлық жасауына деген ұмтылысын қарастырады. Сарапшылар тұтынушылардың 65%-ы экологиялық таза қаптама, арнайы пісіру әдісі және басқалары оларға қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі деген үмітпен өнімдерді таңдайды деп есептеді. Осыған байланысты тұтынушылар арасында қоршаған әлемді сақтау бойынша түрлі жобаларды қолдайтын, сондай-ақ өз өндірісінде осы үрдісті пайдаланатын компаниялардың өнімдеріне сұраныс артты. Бұл тұтынушылардың 32% тұрақты өндірілетін тауарларды сатып алуының басты себебі.
Мысалы, мал шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайтуға арналған арнайы жем ақуыздың экологиялық таза көздеріне деген тұтынушылық қызығушылықты қанағаттандыруға көмектеседі. Топырақты байыту үшін регенеративті егіншілік сияқты жаңа ауылшаруашылық әдістері қолданылады. Осыған байланысты көміртегі шығарындылары азаяды және су айналымы жақсарады. Жүгері крахмалы немесе теңіз балдырлары жаңартылатын өсімдік материалдары бола отырып, тұтынушы қаптамасында пайда болады. Бұл полигондардағы қалдықтардың азаюына әкеледі.
Келесі үрдіс тұтынушылардың денсаулығына көбірек назар аудара бастағанымен байланысты. Дүние жүзіндегі сатып алушылардың шамамен 25%-ы ас қорыту жүйесінің ауруларынан зардап шегеді, ал олардың жартысы мұндай проблемалар олардың денсаулығына орташа немесе ауыр әсер етеді деп мәлімдейді, осыған байланысты тамақ өнімдеріне деген сұраныстың көрінісі де өзгереді. Сонымен, пандемия тұтынушылардың денсаулық мәселесіне, сонымен бірге оны сақтауға әсер ететін өнімдерге деген қызығушылығын арттырды.
Зерттеушілер микробиомаға бағытталған өнімдер метаболизмнің белгілі бір мәселелерін шешуге, салмақтың өзгеруін реттеуге және тіпті иммунитетті сақтауға көмектесетінін дәлелдеді. Бұл микробиома функциясын қолдайтын пребиотиктер, пробиотиктер және постбиотиктер сияқты функционалды шешімдер арқылы тамақ өнімдері мен сусындар саласындағы инновациялардың пайда болуына және дамуына ықпал етеді.
2021 жылғы тұтыну нарығындағы тағы бір үрдіс адамдар әдеттегі ақуыздарға балама ретінде тұтынатын өсімдік ақуызына деген сұраныстың тез кеңеюімен байланысты. Мұндай «инновациялардың» тізіміне асшаяндар мен ұлулар, түрлі ақуыз тағамдары, өсімдік ірімшіктері және басқалары сияқты теңіз өнімдері кіреді.
Мысалы, 3D басып шығару және ақуызды ашыту сияқты жаңа технологиялар инновацияны алға жылжытуда маңызды рөл атқарады.
Сүт өнімдеріне балама өсімдік тағамдары нарығында инновация ретінде ұсынылғанға дейін алғашқылардың бірі болып трендке шыққанын айтып өту қажет деп санаймын. Қазіргі уақытта олардың ауқымы кеңеюде, сондықтан өндірушілер йогурт, балмұздақ, май, спрэд және кілегей сияқты басқа форматтарды қамтуға тырысады.
...