Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұтымды тамақтану

Автор:   •  Апрель 23, 2018  •  Реферат  •  1,157 Слов (5 Страниц)  •  1,354 Просмотры

Страница 1 из 5

Ұтымды тамақтану

Ұтымды тамақтану – балалардың қалыпты өсуі мен дамуын, тұрғындардың ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, өмір сүруді ұзартатын, сырқаттардың алдын алатын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және жақсы әл-ауқатын қамтамасыз ететін, ұлт денсаулығын анықтайтын басты факторлардың бірі.

Тамақтану сипатымен байланысты, тұрғындардың сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейін анықтайтын негізгі 7 қауіп факторы бар:

1. Дене салмағының аз болуы

2. Семіздік

3. Жоғары қан қысымы

4. Темір жетіспеушілік анемия

5. Холестериннің жоғары болуы

6. Алкогольді тым көп пайдалану

7. Сапасыз ауыз су

Адамның ұтымды тамақтану рационы – тамақтануда балансталған минералды элементтерді, көмірсуларды, майлар мен май қышқылдарын, ақуыз және дәрумендерді қамтуы қажет.

Семіздік – бұл денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселесі. Бір жағынан - бұл семіздіктің таралуының ілгері артуына байланысты, екінші жағынан - артық дене салмағы мен семіздікке байланысты болатын қосымша ауыр сырқаттардың дамуымен байланысты. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) жобалауы бойынша 2015 жылға қарай ересек адамдардың 2,3 миллиарды артық дене салмағына ие болады, ал 700 миллионнан астамы семіздіктен зардап шегеді. Артық дене салмағы мен семіздікке шалдыққан балалар санының анағұрлым артуы қорқыныш тудырады. Қазақстандағы бастапқы сынып оқушыларының 5% семіздіктен зардап шегеді, 10% артық дене салмағына ие, қазақстандық жасөспірімдер арасындағы көрсеткіштер де шамамен осындай. Жалпы республика бойынша барлық балалар санының 15% артық дене салмағынан зардап шегеді.

Семіздік тұрғындар денсаулығын айтарлықтай нашарлатады және атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, артериальді гипертония, қант диабетінің 2 типі, өт тас ауруы, нефролитиаз, эндокриндік бұзылыстар, ісік ауруларының кейбір түрлері, депрессия және т.б. аурулар қатарына жататын қосымша ауыр сырқаттардың дамуымен қатар жүреді. Дене салмағының 10%-ға және одан артық төмендеуі кезінде жүрек-қан тамыр ауруының даму қауіпі 9%-ға, қант диабетінің 2 типі- 44%-ға, семіздікпен байланысты онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім 40%-ға төмендейтіндігі анықталған. Дене салмағы қалыпты адамдарға қарағанда, семіздіктен зардап шегетін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 8-10 жылға қысқа болады. Сонымен қатар семіздік ойлау қабілетін де төмендетеді. Семіздіктің таралуы физикалық белсенділік деңгейіне, еңбек қызметінің сипатына байланысты. Мысалы, ауыр физикалық еңбекпен шұғылданатын адамдар арасында семіздік 10-12%-да ғана кездеседі; ойлау еңбегімен шұғылданатындардың 30%-да кездеседі және зейнеткерлер мен отбасында отыратын әйелдер арасында өзінің мәресіне – 50%-ға дейін жетеді.

Қазақстандағы жұқпалы емес аурулардың эпидемиясына анемия да жатады. Анемиядан әйелдердің 45%, балалардың 36% зардап шегеді, яғни әрбір екінші ана, үшінші бала. Ер адамдардың 25% анемиядан зардап шегеді, бұл Қазақстандағы әрбір төртінші еркектің сперматогенез қызметін нашарлататын критикалық деңгей, яғни ол демографиялық жағдайға теріс әсер етеді және еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне кауіп тудырады.

Қазіргі уақытта тағамдық азық-түліктерді байыту (фортификация) – бұл мүмкіншілік бойынша анемияның алдын алудағы жақсы шешім. Қазақстанда бірінші рет ұнды фортификациялау басталды, себебі ол ең қолжетімді және тұтынылатын өнім. Қазақстан Республикасының ең ірі ұн өндіру кәсіпорындарында минералды-дәруменді қоспаларды (премикс) ұнға қосуға арналған дозаторлар орнатылған. Астанада ұнды фортификациялау «Цесна-Астық» Концерінімен іске асырылады. Минералды-дәруменді қоспа ретінде құрамында темір, мырыш тотығы және В тобының дәрумендері

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (53 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club