Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Автор: nazerke220302 • Декабрь 12, 2018 • Курсовая работа • 4,410 Слов (18 Страниц) • 2,528 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Агрономия факультеті
Тағам өнімдерін өңдеу
технологиясы кафедрасы
ЕСЕП
1-ші өндірістік тәжірибе бойынша
5В072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша
Орындаған студент: Тұрсынгалиева Н.Г.
Университеттен жетекшісі: Гумарова А.К
ОРАЛ - 2017 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы.................................................................................................................4
2. Өңдеуге жататын негізгі шикізатты сақтау шарты және сипаттамасы.........7
3.Тағамдар ассортименті.........................................................................................8
4. Шикізатты өңдеп өнімге айналдыру технологиясы.......................................12
5. Кәсіпорынның еңбекті қорғауы және қауіпсіздігі..........................................14
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР...............................................................18
ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................................................19
КІРІСПЕ
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – мемлекет экономикасының нақты секторы, оның басқа салаларға қарағандағы ерекшелігі бір ғана функцияны емес бір уақытта өндіріс, өнімді тұтынушыға дейін жеткізу, тұтынуды сол жерде ұйымдастыру сияқты үш функцияны атқаратынымен байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда қоғамдық тамақтандырудың функциялары өңдеу кәсіпорындарының функцияларына ұқсайды. Қоғамдық тамақтандырудың өз өнімі мен тауарын тұтынушыға дейін жеткізу функциялары негізінен бөлшек сауданың функцияларымен бірдей, ал тұтынуды сол жерде ұйымдастыру – өнім өткізуді коммерциялық қызмет сияқты дамытудың мүмкіндігін күшейтуге мүмкіндік беретін қоғамдық тамақтандыруға ғана тән және ерекше функция ғана емес, сонымен бірге ол жекелеген кәсіпорындардың және жалпы ел бойынша қоғамдық тамақтандыру желісінің өсуі мен кеңеюінің негізін қалайтын маркетингтік зерттеуді жақсы ұйымдастыруды қажет ететін қызмет түрі. Сондықтан осы саланы көбінесе сұраныс ұсыныс пен тауардың түріне ғана емес, сонымен бірге халықтың орташа табысының сатылатын өнімнің нарық бағасы параметрлерінің арақатынасына орай қалыптасатын жалпы өте сезімтал салаға жатқызуға болады. Қоғамдық тамақтандырудың даму деңгейі мен оның мемлекеттегі жай - күйі халықтың орташа табысының деңгейін анық байқатады, сонымен бірге халықтың сатып алу қабілетінің көрсеткіші болып табылады және кез-келген мемлекет азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму үрдістерін айқындайды . Қоғамдық тамақтандырудың ерекше рөлі оның елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етумен байланысты болып келеді. Сонымен бірге сала кәсіпорындарының басым бөлігінің (әр түрлі елдерде 87% -100% аралығында) кәсіпкерлік қызмет ауқымында ұйымдастырылуына, яғни жеке меншікте болуына байланысты, басқа салаларға қарағанда мемлекеттің нарықтық қатынастар проблемаларын шешу қабілеті неғұрлым анық байқалады. Осыған байланысты экономикалық қызметтің басқа салаларына қарағанда қоғамдық тамақтандыруда сұраныс пен ұсыныстың нарық заңдары, тең салмақты баға қалыптастыру жағдайлары есебінен мемлекет өзінің нарықтық экономикасын реттей алады.
1-ші өндірістік тәжірибенің мақсаты:
- Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында өндіріс технологиясы жөнінде алғашқы мәліметтер алу.
- Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында жұмысты ұйымдастыру және механизацияландыру жөнінде алғашқы мәліметтер алу:
- Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігімен танысу.
1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
«Айжан» мейрамханасы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат. Мейрамхана кең ауқымды банкет залынан және күндізгі уақытта тамақтану үшін кафе залынан тұрады. Банкет залы 180 - орынға жабтықталған. Әкелінген тағамдарды орналастыру орындары, тоңазытқыштар ас әзірлеу плиталары, әр қайсысына арналған бөлмелер орналасқан. Мейрамхана күндізгі 11.00 - 03.00 дейін жұмыс жасайды. Ас мәзірі қазақ және орыс тілінде ұсынылады. Қызметкерлер мен даяшылар екі тілде сөйлеуі міндетті. Қауіпсіздік техникасы сақталған, барлық жерде төтенше жағдай кезінде дабыл орнатылған. Қадағалау камераларыда жұмыс жасайды. Соның ішінде гардероб, қол жуатын бөлме, әжетхана): аванзалдар, холл, буфет, темекі тартуға арналған бөлмелер бар. Келушілерге арнайы дайындықтан өткен даяшылар,бармендер қызмет көрсетеді. Сусындар мен тағамдарды жоғары білікті аспазшылар дайындайды. Қызмет көрсетушілер бірдей киім және аяқ киім киеді. Ас мәзірі тұтынушыға түсінікті жазылған, тағам, сусын атаулары қысқартылмаған. Егер мейрамханаға бір топ адамдар шақырылса, онда шақырған адам бірінші болып келіп, қонақтарын күтеді. Мұндай жағдайларда күту залдары: аванзал, холл бар. Мейрамхана іші әр түрлі жарықтармен безендірілген.
...