Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рационалды тамақтану және оның денсаулық үшін маңызы

Автор:   •  Апрель 26, 2018  •  Реферат  •  3,112 Слов (13 Страниц)  •  2,288 Просмотры

Страница 1 из 13

Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлімі:​

1. Рационалды тамақтану және оның денсаулық үшін маңызы.

2. Рационалды тамақтану принциптері.

3.Негізгі тағамдық заттар

4. Тамақтану режимі, диета, тамақ қабылдау шарттары.

5. Оңтайлы күн тәртібі .

6.  Гигиеналық шара.

III.Қорытынды        ​

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

        

  I.Кіріспе

     Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

    Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды? Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

     Адамның ең қымбат байлығы – денсаулық. Жақсы денсаулық – адамның биологиялық және әлеуметтік міндеттерін орындауының негізгі шарты, тұлғаның өзін-өзі тануының іргетасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысына сәйкес, денсаулық – бұл түрлі аурудың немесе физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толықтай физикалық, рухани және әлеуметтік аман-саулық жағдайы.

Біз денсаулықты қайдан аламыз, әрі ол неге тәуелді? Денсаулық бізге туғаннан беріледі және белгілі бір деңгейде ол ата-аналар денсаулығы, олардың өмір салты мен ұрпағын дүниеге әкелуді қалай жоспарлайтындарына байланысты. Денсаулықтың қалыптасуы туылмас бұрын басталып, дүниеге келген мезеттен адамның өсуі мен дамуы тоқтамайынша жалғасады. Денсаулықты дәріханадан қандай да бір ақшаға сатып алуға менесе сыйлыққа алу мүмкін емес, бірақ, егер әрқайсымыз салауатты өмір салтын физикалық, психологиялық, рухани және әлеуметтік аман-саулықты нығайту шарттарының негізгілерінің бірі ретінде мәңгілікке таңдаса оны қалыптастырып, мықтап, ұзақ жылдарға сақтай аламыз.

Адамның денсаулығы 10-20% тұқым қуалауға, 10-20% – қоршаған ортаның жағдайына, 8-12% – денсаулық сақтау деңгейіне және 50-70% – өмір салтына байланысты.

Салауатты өмір салты ұғымына келесі құрамдас бөліктер кіреді:

– үйлестірілген тағам;

– ұтымды күн тәртібі;

– оңтайлы физикалық белсенділік;

– шынығу;

– гигиенаны сақтану;

– зиянды әдеттерден бас тарту;

– қолайлы психологиялық жағдай.

Салауатты өмір салты бірнеше құрамдас бөліктерден қалыптасады және әрбір компоненттің өзіндік маңызы бар. Тіпті, олардың тек бірін ескермеу өзге шарттардың мәнін толықтай жойып жіберуі мүмкін.

1. Рационалды тамақтану және оның денсаулық үшін маңызы.

    «Егер денсаулығың болса, бәрі де бар» - Американдық Геронтологтар қоғамының ұраны. Біздің денсаулығымыздың жартысы біздің өмірімізге байланысты. Сонымен бірге тамақтану басым рөл атқарады. Тіпті «диета» сөзі (грек) аудармада салауатты өмір салтын білдіреді.  Ежелгі грек философы Сократтың сөздері бар: «Біз ішіп-жейміз, бірақ өмір сүру үшін жейміз». Тамақтану дененің маңызды физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Бірақ, сонымен бірге, ұтымды тамақтану сияқты даулы және күрделі тақырып жоқ. Қиындықтар: 1) экономикалық, 2) әр түрлі теориялар, пікірлер.

...

Скачать:   txt (40.7 Kb)   pdf (179.7 Kb)   docx (26 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club