Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тамақтану саласындағы мемлекеттік стратегиялар

Автор:   •  Январь 18, 2023  •  Реферат  •  1,943 Слов (8 Страниц)  •  281 Просмотры

Страница 1 из 8

Тамақтану саласындағы мемлекеттік стратегиялар

Ағзаның дәрумендер мен микроэлементтерсіз қалыпты тіршілік етуі мүмкін емес. Аса маңызды микроэлементтер мен дәрумендердің азғантай тапшылығының өзі адам ауруларының барлығының пайда болуы мен тереңдеуіне апарып, дене және ақыл-ой кемістігін тудырып, ең ақырында халықтың денсаулығы мен жалпы ұлттың өміршеңдігін күрт төмендетеді. Сол себепті, әсіресе, дамушы мемлекеттер мен өтпелі экономикалы елдердегі қоректенуді жақсартуға арналған бағдарламалардың құрамына  микронутриенттердің (дәрумендер мен микроэлементтердің) тапшылығының алдын алу шаралары кіруі тиіс. Бұл әсіресе, балалар үшін маңызды, себебі, қоректенудің жеткіліксіздігінің салдарынан олардың денесі мен ақыл-ойының дамуында қайтымсыз бұзылыстар орын алуы мүмкін. Қоректенудің бұзылуын тек тағамның жеткіліксіздігімен, яғни, аштықпен  сипаттауға болмайды, соңғы кезде әлемде адамның денесі мен ақыл-ойының саулығына  «жасырын аштықтың» аса қауіпті ықпалы анықталып отыр.

Индустриялық заман жағдайында «жасырын аштық» мәселесі кедей елдермен қатар бай елдерге де тән құбылыс. Экологиялық жағдайы қолайсыз қалаларда өмір сүру, жүйкеге түсетін салмақ пен күйзелістің әсері дәрумендер мен микроэлементтердің жоғары деңгейде шығындалуын талап етеді.

Қазіргі технологиялық үрдістердің қарқынды даму алған дәуірінде, адамның тағам үлесі қуаттылығы жағынан жеткілікті бола тұра, ағзаның көптеген дәрумендер мен микроэлементтерге қажеттігін қанағаттандырмайды. Тамақ өнеркәсібіндегі өндірудің, өңдеудің және сақтаудың ағымдағы технологиялары тағам өнімдеріндегі бағалы заттектерді сақтай алмайды. Көкөністер мен жемістерді өсірудің заманауи технологиялары дәрумендердің, микроэлементтердің және басқа биологиялық белсенді қосылыстардың аз шоғырландырумен сипатталады.

Осыған орай, микронутриенттердің (дәрумендер мен микроэлементтердің) тапшылығын алдын алудың үш негізгі стратегиясы бар. Саплементация (дәрумендер мен микроэлементтерді таблетка, капсула, шәрбат, т.б. түрде қабылдау)

  • Фортификация - тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен құнарландыру.
  • Тағамдық диверсификация, немесе ұтымды тамақтануға халықтың хабардарлығын арттыру арқылы қол жеткізу.

Саплементация.

Саплементация дәрумендердің жақсы сіңуіне байланысты дәрумен жетіспеушілігінің алдын алуда тиімді әсер етеді. Бұл стратегияны қолдану - әсіресе, басқа стратегиялар жүзеге аспаған жағдайда тиімді. Қазақстанда темірдің тапшылығымен қоса, мырыштың, мыстың, селеннің, йодтың, басқа да дәрумендердің жетіспеушілігі бар. Осыған байланысты алдын алу мақсатымен көп дәрумендік немесе минералдық кешендерді күнде не күнара бір дражеден қабылдаған жөн. Әрі құрамында дәрумендермен қатар мырыш, мыс, селен бар препараттарды таңдаған дұрыс. Қазір Қазақстанда тұздың йодталуына байланысты йодтың тапшылығы сиреген.        

Бұл стратегияның қымбатқа түсетіндігін атап өту қажет, себебі препараттардың бағасы қымбат. Темірдің препараттары мен дәрумендерді дәрілік құралдардың түрі ретінде қабылдау едәуір қаржылық шығындарды қажет етеді. Дәрілік препараттарды үнемі қабылдау үшін халықтың хабардарлығы, саналы қатынасы мен психологиялық дайындығы қажет. Темірі бар препараттардың жанама нмесе қолайсыз субъективті әсерлері болуы мүмкін, бұл да үнемі қабылдауға кері әсерін тигізеді. Әрі бұл стратегиямен халықты жаппай қамту мүмкін емес.

Қазақстан мен Орта Азия республикаларында темірдің фолий қышқылды препараттарының келесі схемасы қолданылған:

-тууға қабілетті жастағы әйелдер үшін -  60 мг FeSO4 + 4 мг фолий қышқылы; -жүкті әйелдер үшін - 120 мг FeSO4 + 8 мг фолий қышқылы;

- 6-12 айлық балалар үшін шырынмен  - 30 мг FeSO4 ;

-12-24 айлық балалар үшін - 60 мг FeSO4 + 4 мг фолий қышқылы.

 Мемлекеттік хаттама бойынша емдеудің өткізілуіне демеу көрсетілді, әрі препараттарды қабылдауды қамтамасыз ету мен темірді тағаммен тұтынуды жақсарту шаралары ұйымдастырылды.

...

Скачать:   txt (28.1 Kb)   pdf (134.2 Kb)   docx (224 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club