Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық тамақтану кәсіпорнындардағы өндірістік-сауда қызметінің ерекшеліктері

Автор:   •  Ноябрь 1, 2018  •  Доклад  •  11,431 Слов (46 Страниц)  •  2,580 Просмотры

Страница 1 из 46

1 тақырып .  ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дәріс жоспары:

  1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорнындардағы өндірістік-сауда қызметінің ерекшеліктері.

1.2. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жіктелуі.

1.3. Қоғамдық тамақтану кәсіпорын түрлерінің сипаттамасы.

1.4. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары желісін рационалды орналастыру.

1.1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорнындардағы өндірістік-сауда қызметінің ерекшеліктері.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорыны - бұл кулинарлық, ұн-кондитерлік және тоқаш өнімдерін шығару мен оны тұтынуды ұйымдастыратын кәсіпорын.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорыны әр - түрлі ұйымдастырушылық - құқықтық формада болуы мүмкін. Қоғамдық тамақтану кәсіпкершілігі жұмыс қолын жалдамай-ақ іске асырылуы мүмкін және ол жеке жұмыс кәсібі ретінде тіркеледі. Жұмыс қолын жалдау арқылы іске асырылатын кәсіпкерлік кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Заңға сәйкес кәсіпорындар жеке меншік, мемлекеттік немесе муниципальды иелігіндегі түрлері болады.

Муниципальды кәсіпорындар жергілікті басқару органдарымен ұйымдастырылады, олар бюджет қорынан қаржыландырылады және сол қала немесе ауданның қожалық иелігінде болады.

Қоғамдық тамақтануда жеке меншік  кәсіпорындары өте көп, сонымен қатар мұндай кәсіпорындар мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорындарды жеке меншіке (преватизация) аударып алудан пайда болған.

Кәсіпорындар әр-түрлі ұйымдастыру формада болады: толық серіктестік (бұл кәсіпорындар заңды тұлға болып есептелмейді); аралас серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; жабық түрдегі акционерлік қоғам; ашық түрдегі акционерлік қоғам.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының бірқатар рекшеліктері бар. Егер басқа салалардағы кәсіпорындар бір немесе екі функция орындаумен шектелсе, мысалға, тамақ өнеркәсібі - өндіріспен, ал сауда кәсіпорындары  өнімді сатумен айналысса, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары бір - бірімен тығыз байланысқан үш функцияны орындайды:

  • кулинарлық өнімді шығару;
  • кулинарлық өнімді сату;
  • оны тутынуды ұйымдастыру.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында әзірленетін өнімдердің сақтау мерзімдері шектеулі. Көпшілікке  дайындалған  ыстық тағамдар 2-3 сағат , ал суық тағамдар 1 сағат шамасында сатылуы тиіс.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының шығаратын өнімдер ассортименті әр-түрлі болғандықтан шикізаттың бірнеше түрлері қолданылады. Ассортименттің кең болуы тұтынушылардың сұранысын  жақсы қанағаттандырады бірақ, өндірісті ұйымдастыруды қиындатады, яғни  кулинарлық өңдеуге жеке бөлмелердің болуын талап етеді.

Өнімдердің әр-түрлі болуы тұтынушылардың сұранысына, қызмет көрсетілетін контингент ерекшелігіне, олардың кәсіби, жастық, ұлттық құрамы, еңбек немесе оқу  жағдайы және т.б. факторларға байланысты болады.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмыс режимі қызмет көрсетілетін контингенттің жұмыс орыны, яғни  өндіріс, оқу орындарының, ұйымдардың жұмыс режиміне байланысты болады. Бұл тұтынушылар ағымының көп уақытында - түскі үзіліс, ауысымдарда кәсіпорынның қарқынды жұмыс істеуін талап етеді.

Қоғамдық тамақтану өнімдеріне сұраныс жыл мезгілі, апта күндері, тіпті  тәулік сағаттарына байланысты. Жазғы мерзімде көкөніс тағамдары, салқын сусындар мен салқын сорпаларға сұраныс артады. Маркетин тұрғысынан қарағанда кезкелген кәсіпорын  сауда нарығын зерттеп, бақылап отыруы қажет, себебі шығарылатын өнім мен қызмет көрсету әдістері соған байланысты болады.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары  тамақтану қызметінен басқа көпдегн қызмет түрлерін көрсете алады, мысалы, салтанаттарды ұйымдастыру және өткізу, отбасылық мерекелер, ыдыстарды жалға беру т.б.

Жоғарыда айтылып кеткен қоғамық тамақтану кәсіпорындарының жұмыс ерекшеліктері кәсіпорын желілерін тиімді орналастыруда, олардың түрлерін таңдағанда, жұмыс режимін анықтауда және мәзірді құрағанда ескеріледі.

1.2. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жіктелуі.

Қоғадық тамақтану кәсіпорындары өндірістік сипатына, шығарылатын өнім ассортимніне, қызмет көрсету көлемі мен түріне байланысты жіктеледі.

...

Скачать:   txt (181.4 Kb)   pdf (730.5 Kb)   docx (286.7 Kb)  
Продолжить читать еще 45 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club