Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік саяси ойлардың даму тарихы

Автор:   •  Октябрь 9, 2021  •  Реферат  •  1,300 Слов (6 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 6

Әлемдік саяси ойлардың даму тарихы

  Сaясат сөзі гректін politika — мемлекетті басқару өнері деген сөзінен шыққан. Сaясат -елдің қоғaмдық құрылысы мен экономикалық құрылымын көрсететін мемлекеттік билік және мемлекеттік бaсқару оргaндaрының қызметі.

  Сaяси ой - мемлекет, мемлекеттің шығу тегі, билік, сaяси билік, бостaндықсaясат мәселелерін зерттеудегі негізгі бaғыттары мен көзқaрaстардың дaму дәуірлері және қорытындылaрының жиынтығы. 

Ежелгі мемлекеттердегі саяси ойлардың қалыптасуы.

  Саяси ілімдер тарихы – адамзат қоғамының рухани мәдениетінің басты құрамдас бөліктерінің бірі. Саяси ілімдердің тарихы өткен ұрпақтардың бай саяси-құқықтық тәжірибесі, дәстүрі мен мұрасы. Саяси ілімдер алғашқы мемлекеттердің пайда болу нәтижесінде, халықтың үлкен тобын бір орталыққа бағындыру мақсатында қалыптасты. Қоғамды саяси ұйымдастыру, билік пен мемлекеттің пайда болу себептері мен мақсаттары туралы бастапқы идеялар діни-мифологиялық сипатта болды, мысал ретінде ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грек халықтарының саяси ойларын келтіруге болады. Аталып өткен ілімдердің ішінде брахманизмнің (ежелгі Үндістан ) діни саяси ілімі айтарлықтай қызығушылық тудырады. Брахманизмге сәйкес қоғам төрт варна, яғни төрт әлеуметтік топқа бөлінді, олар: брахмандар, кшатриялар, вайшилер және шудралар Шын мәнінде, кастаның тек алғашқы екі тобы ғана саяси өмірге қатысты. Оларда заңдар қабылдау және мемлекетті басқару құқығы болды. Бұл ілім діни идеялармен тығыз байланысты болды және ежелгі үнді мифологиясының ажырамас бөлігі болып саналады.

  Ежелгі әлемдегі өркениеттің тағы бір ошағы  Қытай болды. Бұл ел саяси ой тарихында ең алдымен Конфуцийдің (б.з. д. 551-479 жж.) ілімімен танымал. Бұл ілімге сәйкес, мемлекет – үлкен отбасы. Мұндай мемлекетте император әке рөлін атқарады, ал саяси субъектілер – балалар. Мемлекетті басқаруда император арнайы білім беру жүйесімен дайындалған мемлекетшіл ер-азаматтарға сүйенеді. Мұндай мемлекет заңдарға сүйенеді ата-баба дәстүрі мен дінді құрметтейді.

  Ежелгі саяси ой антикалық Греция мен Римде өзінің ең жоғары дамуына қол жеткізді. Антикалық Грецияның саяси дамуының ерекшелігі саяси қалаларда – полистерде пайда болған көптеген мемлекеттік формалар болды. Ежелгі грек саяси ойының даму процесінде ерте мифологиялық идеялар біртіндеп философиялық көзқарасқа, рационалды ой-толғауға, логикалық-концептуалды талдауға жол берді. Дами келе саясат пен мемлекетті эмпирикалық-ғылыми және тарихи-саяси зерттеу туындады.

  Көптеген тарихшылар ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға көп еңбегін қалдырған ежелгі грек философы Платонды (б.з.д. 427-347 жж.) саясат туралы ғылыми білімнің негізін қалаушы деп санайды. Платон "Мемлекет", "Саясаткер", "Заңдар" атты шығармаларында әділеттілік заңына бағынатын идеалды мемлекет идеясын тұжырымдады.  Оның ойынша мемлекетті тудыратын – қажеттілік. Себебі, егер біреу егіншілікпен айналысса, ендігі біреу мал шаруашылығымен шұғылданады және т.с.с. Сонында әрқайсысы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды.

  Платон адамдарды үш топқа бөлген: 1) Әкімдер - шындықты, ақиқатты танып біле алатын адамдар; 2) Қорғаушылар – мемлекетті қорғайды; 3) Өндірушілер – мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Ал мемлекеттік құрылысты беске бөлген: 1) Аристократия – мемлекетті тек ақсүйектер билейді; 2) Тимократия – мемлекеттік билік бір ғана адамның қолында; 3) Олигархия – мемлекет азғантай топ қолында; 4) Демократия – мемлекет халықтың қолында; 5) Тирания – мемлекет күшпен басып алушының қолында.

   Платонның ойынша идеалды мемлекет түрі – аристократиялық болды. Мұндай мемлекет қатаң әлеуметтік сословиелік негіздерге сүйенеді. Философтардың жоғарғы қабат өкілдері ретінде мемлекеттің заңдарын белгілейді, келесі әлеуметтік қабат сақшылардың табы мемлекетті қорғайды және заңдардың сақталуын бақылайды, үшінші әлеуметтік сословие мемлекетті материалдық қамтамасыз етеді. Мінсіз мемлекеттегі әділеттіліктің мәні – өз міндеттерін адал орындау және ол үшін тиісті сыйақы алу. Сонымен қатар, Платонның пікірінше мемлекетті басқарудың ең нашар түрі – тирания.

...

Скачать:   txt (17.9 Kb)   pdf (107 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club