Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
Автор: GLADIATOR • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 558 Слов (3 Страниц) • 6,666 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
РЕФЕРАТ Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
Қабылдаған: Жалмурзина Айгуль
Жасаған:Бахыт Балғабеков
Қазақ қоғамында да саяси ой-пікірлер қалыптасуының түп тамыры ерте замандарға барып тіреледі. Мысалы, Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген андроновшылар мен сақтардың қауымдық-саяси қатынастар туралы ойлары мифологиялық деңгейде болған. Мысалы, андроновшылар «о дүниелік өмір» жер бетіндегі тіршіліктің жалғасы деп есептеді. Саяси білімдердің дамуына сонымен қоса сақтарда жарқын мысал бола алады. Негізінен, Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың қоғамдық-саяси ойпікірлерін білдіретін тұтас сақталған аңыздар, мифтер өте аз, жазба деректер де жоқтың қасында. Қоғамдық жүйенің дамуындағы осындай ерекшеліктер Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың өміріндегі алғашқы қауымдықсаяси қатынастардың қалыптасуына негіз болып, ұжымдық меншіктің шығуы ру мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтты. Барлық мәселелерді тайпа мүшелерінің жиналысы шешіп отырды. Жиналыста ру басшыларын сайлап, немесе орнынан босатты және рудың салт-дәстүрлерінің қатаң сақталуын қадағалады. Айыптылар халық алдында жазаланды.
Таңғаларлық жағдай - ежелгі заманның өзінде-ақ Евразия даласында демократияның айқын көріністері өмірге келген. Сақтардың әлеуметтік құрылысының осындай деңгейге көтерілуіне екі себеп әсерін тигізді: біріншіден, мүлік теңсіздігінің пайда болуы қоғамның әлеуметтік жіктелуін күшейтсе, екіншіден, тайпалардың арасындағы қақтығыстар, соғыстар жиіленді. Бірнеше тайпалар бірігіп, жауынгерлер қауымына айналды. Сақ тайпаларында патшалар сайланатын, яғни, билікті мұра ретінде алған жоқ. Бірақ олар жауынгерлердің арасынан ғана сайланатын еді. Осы себептен бұл кезең әскери-демократия құрылысының пайда болған кезеңі болып саналады.
Б.з. ІІ-ІІІ ғасырларда Ферғанадан Арал теңізіне дейінгі Сырдарияның бойын толығымен бақылауға алған қаңлылар мемлекеттік дәрежеге жетіп, қоғамдық билік жүйесін жаңартуға талаптар жасады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырды. Яғни, монархия, абсолютизм қалыптасты. Осылайша Қазақстан жерінде бірте-бірте саяси даму жүріп жатты.
ІХ ғасырдан бастап Қазақ жерінде саяси білімдердің рационалдық деңгейге көтерілуіне жағдай туды. Осы кезде Қазақ даласында бірінен кейін бірі ортағасырлық феодалдық қарлұқ, оғыз, кимек, қарахан, қарақытай, қыпшақ мемлекеттері қалыптасты. Олардың бәрінде толық мемлекеттік деңгейге жеткен басқару жүйесі қалыптасты. Екі фактор әлеуметтік топтардың бірлестігін нығайтуға негіз болды. Олар, біріншіден, этникалық тегі жағынан қоғамдық топтардың басым көпшілігі түрік тілдес болып, осы мемлекеттердің көпшілігі түрік тіліне бейімделді. Екіншіден, қоғамдық топтар шаруашылықтың бір түрімен – мал шаруашылығымен айналысуы біртұтас 12 этностың қалыптасуын жақындатты. Маңыздылығы орасан зор болған тағы бір фактор – Қазақстанның жеріне ислам дінінің тарауымен байланысты 893 жылы Таразда ашылған алғашқы мешіттен бастап араб тілі, жазуы, мәдениеті тарады. Қазақстанның оңтүстігінің Араб халифаты империясының құрамына қосылуы Түргеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінде феодалдық мемлекеттіліктің үлгісін жетілдірді. Осы факторлардың барлығы мәдениеттің, білімнің, ғылымның, оның ішінде саяси ғылымның дамуына негіз болды. Сол кездегі Қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауй болды.
...