Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

Автор:   •  Октябрь 6, 2021  •  Доклад  •  1,055 Слов (5 Страниц)  •  431 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                            Факультеті: «Экономика және жоғары бизнес мектебі»

                         Кафедрасы: «Қаржы және есеп»

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

             Орындаған: Ордалы Әмина Қуанышбекқызы

                      Тексерген: Инкарбаев Есенай Турганбаевич

                                                             

                                                           Алматы, 2021ж

                                  Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

   Жоспар:

1.Адамзат қоғамындағы саясаттың дамуы.

2.Қазақ жеріндегі саясаткерлердің саяси іс-әрекеті.

3.Түйін.

Саясатты мемлекетті басқарудағы өнер деп түсінсек болады. Күнделікті өмірде саясатты алдаумен, жемқорлықпен, әділетсіздікпен, сыбайластықпен, қылмыскерлікпен байланыстырып жатамыз. Соның әсерінен соңғы кезде халықтың арасында «абсентеизм» ұғымы кең тарап кетті. Абсентеизмді қарапайым сөзбен түсіндірсек, азаматтардың саяси өмірде пассивті позицияны ұстануы. Саяси өмірден қанша қашқанның өзінде де, әр адам дерлік саясатпен тікелей болмаса да, жанама көріністермен соқтығысады.

Саясат тарихи құблысқа жатады. Адамзат қоғамының тарихында саясат болмаған кезеңдер де болды. Біз діни және моральдық құндылықтар үстемдік еткен қарабайыр қоғам туралы айтып отырмыз. Біздің эрамызға дейін шамамен 8-6 мыңжылдықтары билік пен басқару қатынастардың алғы шарттары пайда бола бастады. Бірқатар халықтардың мифтерінде алғашқы билікті құдайлармен байланыстырды. Құдай адамдарға басқару өнерін үйретіп, билікті жердегі билеушілерге табыс еткен деп сенген. Осыған дәлел ретінде, ежелгі заманда сот қазылары өздерімен бірге әртүрлі иконалардың мүсінін алып жүрген, осылайша олар әділдік белгісін білдірген. Енді әртүрлі ойшылдардың саясат туралы көзқарасына тоқталып кетейік.

Конфуций «Лунь Юй» кітабында: мемлекетті үлкен отбасыға теңесе, ал ханның билігін отбасындағы әкеге теңеді. Отбасыда кішілер үлкендерге қалай тәуелді болса, солай халық ел билеушілеріне тәуелді болады деп ойлаған. Ойшылдың пікірінше, мінсіз билік ақсүйектер мен ханның ұрпағында емес, ғұламалар мен ойшылдардың билік еткенінде деп түсінген. Қытайда Конфуцийдің ілімі ресми идеология ретінде танылған. Конфуцийдің ілімімен қатар Мо Цзының ілімі де үлкен рөл атқарды. Мо Цзы барлық адамдардың теңдігі туралы идеяны алға тартты және халықтың жоғары билікке тиесілі екенін тұжырымдады. Кедейлікті басқарудағы тәртіпсіздіктің тамыры деп түсінген. Осылайша Мо Цзы шенеуніктердің билігіне қарсы шықты.

Ал, грек ойшылы Платон керісінше иерархия мен тұқым қуалаушылық сипатын жақтады. Ол кедейлер мен тойымшылдықты білмейтіндерді билікке жақындатпау керек деп ойлады. Бірақ та, Платон мемлекеттегі тиранияға түбегейлі қарсы болды. Оның пікірінше, ең дұрыс саясат - халықтың билігі белгілі бір шеңбермен шектелу қажет. Платонның шәкірті Аристотель, адамды табиғатынан саясаттың бөлігі деп түсінді. Ғұлама мемлекеттік басқарудың алты түрін анықтады: олардың үшеуі дұрыс (яғни, үкімет – жалпыға ортақ мүдде үшін) бұл – монархия, политика және аристократия, ал қалған үшеуі билеушілердің өз мүдделерін жүзеге асыратын – тирания, олигархия мен демократия. Аристотель басқарудың идеалды формасы – политика деп ойлады. Политика дегеніміз олигархия мен демократияның қоспасы, яғни орта  тапқа арналған. Ол билікке әйелдерді, құлдарды, қолөнершілерді, саудагерлерді жақындатпау керек деген тұжырымды ұстанды.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (131.6 Kb)   docx (62.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club