Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Автор: Aseke2004 • Ноябрь 3, 2021 • Эссе • 662 Слов (3 Страниц) • 387 Просмотры
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Егер адамзат өркениеті жануарлар дүниесінен бөлініп шықты деген теорияға сүйенер болсақ, онда қазіргі басқару мен билікке жету үшін адамдар тобын тәртіпке бағындырар басқару мен саясат қажет болары сөзсіз. Тарихы тереңде жатқан саясаттан адам өзін қанша аулақпын десе де, саясатқа арқа сүйеп өмір сүреді. Енді осы адам ойын өрістеткен саяси ойлардың тұтас әлемдегі даму тарихы қалай жүрді?
Ертеде бір шаһарда патша сарайына онымен көріспекке бір кемпір келіпті. Патша құзырына шыққан кемпір үйіне ұрылар түсіп, тонап кеткенін айтып, оған патшаны кінәлапты. Патша «Қызықсыз, тәтті ұйқыға батқаныңыз соншалық үйіңіздің тоналғанын да байқамапсыз. Неге бұған мен кінәлі болады екенмін?» десе, кемпір «Патша ағзам! Кешірерсіз, бірақ біздер – халқыңыз сізді ояу деп білгеніміз үшін жайбарақат ұйықтайтын едік» деп жауап қайтарыпты. Мұнымен нені түсінеміз? Саясат арқылы адам өмірінің барша қажеттіліктерін, талап-тілегін қанағаттандыруға болады, ол - қоғам өмірінің барлық салаларындағы алуан түрлі іс-қимылдардың көрсеткіші, сонымен бірге шектеушісі. Осыны түсінген адамзатта әуел бастан саяси ой қалыптасқан. Бірақ алғашқы кезеңдерде адам барлық нәрсені құдіретті күштерге таңды. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, коғамдық кұрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болды. Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіңдегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың кұдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші кұдайлардың өздері деп пайымдаған. Одан соң саясатты діни- мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Мен бұл ғұламалардың көзқарастары мен тұжырымдарынан әрқайсысының тек кейбір тұстарына қосылар едім. Мәселен, Платонның мемлекет астындағылар ортақ игіліктерді табу үшін қызмет етуі тиіс десе, Аристотелдің мемлекетті адам емес, заң басқаруы тиіс, адам қанша әділетті болам дегенмен, сезімге бой алдырады, ал заң парасаттылығынан айнымайды деп, ал Цицерон жеке мүдделерге қол сұғылмауы керек деп есептеді. Бұдан соң орта ғасырдағы саяси ойлар дін өкілдерінің араласуымен туындады. Христиандық саяси ілімді шыңына жеткізген Фома Аквинскийді атап өтуге болады. Араб ойшылы Ибн-Халдунь адамның жануардан айырмашылығы саяси билікті қажет етуінде деп білді. Қайта өрлеу кезеңінде саяси ойдың жаңа толқыны келді. Бұл менің ойымша техникадағы жетістіктерге де байланысты болды деп ойлаймын. Себебі ғылыми-техникалық прогресс болған сайын әлемді зерттеп білу кеңейді. Бұл кезеңде ең бірінші ауызымызға алынар Н.Б. Макиавелли екені сөзсіз. Макиавелли осыған дейінгі саяси ілімнің негізі ретінде қарастырылған дінді енді сол саясаттың қаруы ретінде көрді. Бір орталықтан басқарылатын, моральға емес, күшке сүйенген мемлекет ұғымын енгізді. Маған көптеген қаталдықпен ұштасқан биліктер осы ойдан бастау алған секілді көрінеді. Бірақ оның арқасында қоғамның теологиялық саяси ойдан арылуына, қазіргідей ой қалыптасуына жол ашылды. Кейін феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың дамуы қоғамның демократияланып, саяси партиялар мен қазыналардың, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді. Мемлекетаралық қатынастар ауқымы кеңейіп, саясат теориясы күрделене түсті. Осы сәттерде Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т. Джефферсон, Т.Пейн, И.Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді. Қазақ даласында да өзіндік саяси ойлар қалыптасты. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн іргетасын берік қып қалаған саяси ойды қазақ хандары мен Асан қайғы секілді ұлылар жалғастырды. Бертіндегі Шоқан заманындағы, отаршыл тұстағы жаңа саяси жүйенің желіне етін тосып, білімі артқандар, одан кейінгі Алаш арыстарының саясаттағы сара жолы неге тұрады? «Саясат — жоқты бар ету өнері» дейді Отто фон Бисмарктің сөзін осының бәрі растайтын еді.
...