Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

Автор:   •  Декабрь 4, 2021  •  Эссе  •  787 Слов (4 Страниц)  •  378 Просмотры

Страница 1 из 4

Ғалымжанқызы Ұлдана

Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

  Саясат дегеніміз – қоғамның даму үдерістерін басқару.Жалпы «саясат» термині ежелгі гректің «polis» және «logos» сөзінен шыққан. Бұл  «қала-мемлекет» және «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Ал саясат жайлы ғылым саяттану деп аталады. Басқа ғылым салаларына қарағанда саясаттану ерекше орын алады. Өйткені саясатсыз ешқандай мемлекет бола алмайды. Оның қалай, қандай жағдайда пайда болатыны халық пен басқару принципіне байланысты.

   Шынында, саясат және саяси ой қалай пайда болды, қалай дамыды? Саяси ойдың дамуы саясаттан және мемлекеттік басқару формаларының пайда болуынан басталады. Кез-келген үкімет басшысы немесе мемлекет қайраткері өзінің жеке билігі мен мемлекетінің күшін арттыру үшін ең жақсы саяси басқару әдістеріне  ұмтылады. Қай заман, қай уақыт болмасын халықты бақытты қылудың көзін іздеу – басты ойландыратын мәселе болған. Мұны әр ойшыл заман талаптарына сай өзінше түсініп пайымдаған. Мен солардың біріне, ежелгі Грецияның классикалық кезеңінің афиналық философы, Батыс әлемінде алғашқы жоғары оқу орнын ашқан – Платонды жатқызар едім. Ол 10 кітаптан тұратын «Мемлекет» деп аталатын кітаптың авторы. Осыдан – ақ Платонның саясатты зерттегенін аңғаруға болады. Оның түсінігінше, мемлекетті басқарудағы ең маңызды нәрсе – әділ болу.Әділетсіздікпен және әділетсіз адамдармен күресу керек. Әсіресе егер олар басқа адамдар үстінен билікке ие болса сақ болған жөн, өйткені олар бұл билікті өздерінің жеке мүдделері үшін пайдаланады. Нәтижесінде әділетсіздік әділдіктен гөрі басым күшке ие болады. Солай халық пен мемлекет арасындағы байланыс нашарлайды.. Платон мемлекетті басқаруды бес бөлікке бөлді. Солардың ішіндегі ең тиімдісі деп аристократияны санады. Ал аристократия-мемлекетті ақсүйектердің басқаруы. Платонның шәкірті, ежелгі грек философы , саясаттың атасы атанған Аристотель ұстазы тәрізді мемлекет мәселесін зерттеуді жалғастырды. Ол отбасын шағын мемлекет ретінде қарастырып, саясат та солай пайда болады деп ойлады. Сонымен қатар Платон мемлекеттің мәні адамдар арасындағы саяси қарым -қатынаста деп есептеді. Саясаттың өрбуі тікелей үкімет пен халық арасында жүреді, сондықтан олардың арасындағы арақатынас дұрыс болуы тиіс деді. Осылайша, ол Платон сияқты саясат мәселесін, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік бостандығы мен теңдігін, қоғамның әр түрлі қабаттарының мүдделерінің үйлесуін талдауды жалғастырды және тереңдете түсті. Аристотель мемлекет формаларының ешқайсысы жеке адамның дамуы мен белсенділігінің мүмкіндіктерін шектемеуі керек деп тұжырымдады. Мемлекетті басқаруға тек ең лайықтылар қатысуы қажет дейді ол. Ежелгі Римнің көрнекті мемлекет қайраткері Марк Туллиус Цицерон ежелгі қоғамның саяси мәселелері саласындағы ірі ойшылдар қатарына жатқызылуы тиіс. Цицерон ойшыл мен саясаткер біріксе жақсы басқару формасын құрады деп есептеді. Ол мемлекет пен қоғамды, мемлекет пен құқықты ажыратуға тырысты. Мен Цицеронның тұжырымын қолдаймын. Шынында, мемлекет әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады, әйтсе де ол бүкіл өмірдің негізі бола алмайды. Саяси ойдың әрі қарай дамуына үлес қосқан қытай данышпаны, саясаттың философиялық және этикалық тұжырымдамасының негізін қалаушылардың бірі – Конфуций. Оның саяси ілімі моральдық нормаларға және қатаң тәртіп тәртіпке негізделген. Конфуцийдің ойынша, қоғам ішіндегі тұрақтылық пен мемлекеттегі тәртіпс сақталса ғана әрі қарай даму болады. Ол ойынша, мемлекеттің мүддесіі халыққа қарсы болмау тиіс, шамадан тыс мүліктік теңсіздікке жол бермеу керек. Саяси ойдың діни жағынан дамуына үлес қосқан - Августин Аврелий. Ол христиандық саяси теорияның негізін салушы. Августин түпкілікті шіркеу мен мемлекетке қарсы болды. Оның пікірінше,күнәхарлар мен әділдер бөлінгенде ғана нағыз ел пайда болады, оның билеушісі тек Құдай.. 

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (81.5 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club