Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Реферат  •  757 Слов (4 Страниц)  •  796 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы.

Қазақ елінің саяси ой-пікірлерін дамытуға алғаш болып кіріскен адамдар бірі болып, ұлы ойшыл Абу Насыр Әль-Фарабиді айтады.

Абу Насыр Әль-Фарабиді, тірі кезінде де «Екінші Аристотель» деп атаған болатын. Ол өз трактаттарында  саяси ілімдер туралы және адам бақытына жету жолы жайлы көп ой-ілім қалдырған болатын. Әль Фараби мемлекет адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалған ұйым деп санайтын. Соңдықтан, халық жағдайын ойлап, барлық жұртқа қамқорлық көрсете алатын мемлекет қана өз міндетін дұрыс орындайды деген. Ол мемлекетті екі түрге жіктейтін Қайырлы және қайырсыз мемлекеттергі. Қайырлы мемлекет ой,ақыл,қамқорлық ұқсас қасиеттермен басқарылып елдің қажеттілігін орындай алады. Ал,қайырсыз мемлекет надандық,теріс әрекеттерге сүйенген болады. Адам бақытты болуы үшін қайырымды мемлекетке ұмтылуы қажет, Әль Фараби трактаттарында бақытқа жетуге аса бөлек көңіл аударған болатын. Оның айтуынша, әр адам бақытқа лайықты, ол үшін адам ой,ақыл, еңбек қажет, осы қасиеттердің нәтижесінде ол бақытты бола алады деп санаған.

Жүсіп Баласағұни – әйгілі фәлсафашы, қоғам қайреткері. Жүсіп Баласағұни саясатты зерттеуге үлкен үлесін қосқан болатын. Ол өз еңбектерін сол кездегі ресми араб тілінде емес түрік тілінде жазған болатын.Бұл оның ұлтжандылығын, өз еліне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Одан бөлек, түркі тілде жазудың тағы да бір мақсаты болып, сол кездегі қарахандардың оның еңбегін түсінуі деген мақсат болатын. Жүсіп Баласағұни кезінде қарахандар арасында билікке талас өрбіп жатқан еді. Ол өз еңбектерінде тек саясат туралы ғана емес, әдет-ғұрып, рахымдылық, мінез-құлық жайында жазған болатын.Әлемде еркінділік пен рахымдылықты аңсайтын.

Қоша Ахмет Ясауи де ұлы ойшылардың бірі болған еді. Ол тек саяси көзқарастар мен мемлекет ішіндегі жағдайларды өз жырынды сиппатап, көзқарасын білдірген болатын. Ол осы жырларда ел басшылары халықпен бірге болуы тиіс және осы кездегі надандық,парақорлыққа қарсы жыр үзінділерін қалдырған болатын.

Асанқайғы Сәбитұлы – ақын, жырау. Қазақ хандығының алғаш хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы болып келіп, ел басқаруда ақыл,кеңестерімен көмек беретін. Ол ел қамын, бейбітшілігін ойлап «Жерұйықты» іздеген болатын. Бұл жер барлық жағынан қолайлы болып, еш бір қиындықсыз өмір сүруге тән болатын жер деп санайтын. Алайда бұл утопиялық ой , шындыққа айнала алмады. Асанқайғы ел жағдайын ойлайтын, елге сүйіспеншілігі мол тұлға болатын, ол өзінің ханға жолдауында, елдің қырылып жатуын және оның қызметкерлері надандықпен айналысуына хан көңіл аудармауын айтып, бетіне басқан болатын.

Қазақ елінде ойшылдардан бөлек, саясатты дамытуға үлкен үлесін қосқан хандар да бар. Оларға мысал ретінде Есім, Қасым , Тәуке ханды келтіре аламыз. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның – ескі жолы» деп олардың заңдарын халық әлі де ұмытпаған, алайда олардың еңбектері біздің уақытқа дейін сақталмаған.Ал Тәукен ханның «Жеті жарғысы» сақталған болатын. Тәуке хан ел ішінде дау көп, ішкі және сыртқы саясатты тұрақсыз кезде таққа отырған болатын. Ол ақсүйектер арасында бөліну,ел ішіндегі дауларды шешу үшін арнайы нормалар құрып, барлық ел ішіндегі дауларды осы нормалар арқылы шешуге тырысқан еді. Одан бөлек, ол «Халық кеңесі» мен «Билік кеңесі» атты органдар құрған болатын.

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (45.7 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club