Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Автор: Maksat0305 • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 897 Слов (4 Страниц) • 452 Просмотры
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми,мәдени мұра болып табылады.Ғасырлар бойы жинақталған зерттелен қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді.Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу,оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін,қоғам,мемлекет,үкіметтер үшін өте қажет.Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы.
Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыпасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді.Сондай-ақ,бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.
Б.з.дейінгі (1-2 мыңжылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың,үнділердің,гректердің,римдктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды.Олардағы өкімет билігі,басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.
Ежелгі қытай ойшылы Конфуций(б.з.д.551-479ж.ж) өзінің саяси доктринасын моралды максималдарға негіздендірді,үлгілі адам концепциясын жасады.Конфуций бойынша,ондай адамгершілікті адал,таза ниетті болуы керек.Конфуций ел басқарудың адамгершілікті басқару принципін ұсынды.Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жахдайын ойлап түру керек деген.
Гректің ғұлама ойшылы Гераклит біздің заманымыздан бұрынғы щамамен 520-460 жылдары өмір сүрген.Ол: “Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп ,бәрі біртіндеп қозғалысқа ұшырайды”-дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді.Аристократия жағындағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап,мемлекеттегі заңдардың тұрақты болуы үлкен мән береді.
Гераклит:”қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды.Немесе белгілі қарама-қарсылық,өтеді.
Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ,көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға жүгінетіндігін және адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да мифологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігін айқын аңғаруға болады.Мәселен,ежелгі Египет,Қытай және Вавилон халықтарының таным-түсініктері діни-мифолоигялық сипат алған.Бұларда солкездегі саяси билік пен тәртіп аспан тәңіріне тәуелді дейтін таным басым болды.
Әйгілі ежелгі грек ойшылдары Платон және Аристотель алдынғы тарихи материалдарды талдап саяси өмір туралы біртүтас ілім құрастырған. Платонның (б.з.д. 427-347) мемлекет жайлы ойының философиялық негізі – идеализм болып табылады, ол мемлекеттің идеалды ұлгісін құрастыруін мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платон «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінде айтады, бұнда ол адал мемлекетті адам мен салыстырады, мысалы: адамның жанының үш бастамасына (ақылдығы, каһарлығы мен қозулығы) мемлекеттің үш бастамасы сәйкес (келісімділігі, қорғаныстығы, іскерлігі). Ал осы соңғы үш бастамаға елдің ұш қатары сәйкес: басшылар, жауынгерлер, жұмысшылар. Адалдыққа келгенде, осы әр қатардың адамдары тек өз қатарымен араласып тек өзінің ісімен айналысуы керек, сонымен басқа қатардың жұмысымен араласпасын дейді. Және де осы бастамалар бір бірінің алдында иерархиялық бағынуда болғаны міндетті, мысалы: ақылды бастаманың өкілдері — философтар басшы болу керек, қаһарлық – жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастаманың өкілдері — жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуі міндет.
...