Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Автор: er3g132 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 374 Слов (2 Страниц) • 691 Просмотры
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Саяси ойлар тарихы халықтың өмірінде өте ерекше орын алатын ғылым, мәдени қазына болып табылады. Ежелгі ғасырдан бері зерттелген, қоғамның пайда болуы және дамуы,олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы көп қажетті ақпараттар береді. Әлем бойынша ойшылдардың саяси ғылым тарихына қосқан ғылыми зерттеулері бүкіл халық үшін маңызы зор.Саяси ғылымдардың аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі, адамдардың мифологиялық ойларынан өтіп ақыл-ойға сүйенген уақытымен қабаттас келді. Тағы бұл кезеңде қоғамдық өндірістің дамуы сатысындағы кітаптар мен мемлекеттің шығуымен толық еді.
VI-VIII ғасырлар кездегі өмірде, адамдар арасындағы өз ара қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын белгісіз болып келген өзге де жаңа ой қарастар айта бастады. Сонымен қатар, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп бастарту тенденциясы байқалды. Келесіде жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйенуден басталады Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Персия, Конфуций,Қытай, Индия ғылымдары басты рөл атқарды.
Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін,сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен кітаптары үшін, олардың қандай қызығушыларын қорғағандығын, бұл ғылымның авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу міндетті. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс сипаттама беруге болады. Ең алдымен саяси ғылымдарының тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын білу өте қажет.
...