Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік саяси ойдың даму тарихы

Автор:   •  Март 9, 2022  •  Реферат  •  1,022 Слов (5 Страниц)  •  356 Просмотры

Страница 1 из 5

                            Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

                        Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

                                                    [pic 1]

              Факультеті:<< Экономика және бизнес Жоғарғы мектебі>>

               Кафедрасы:<<Менеджмент және басқару>>

СӨЖ

               Тақырыбы:<< Әлемдік саяси ойдың даму тарихы>>

Орындаған;Оразбай А.

 Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған, зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.

 Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мелекеттің шығуымен тұстас еді.

  Б.э.д. дейінгі (I-II мыңжылдықтарда)ежелгі Египеттіктеердің, қытайлықтаpдың, үнділіктердің, гpектеpдің билігі, басқаpу тәpтіптеpі көбінесе құдаймен байланыcтыpылды.

  Б.э.д VII-VI ғасылаpдағы өмірде, тіpшілікте адамдаp аpасындағы қатынастаpда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Сондай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене басталды. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштарының (Перссия), Конфуцийдің, Мо-Цзының(Қытай), Будданың(Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

  Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж.) өзінің саяси доктринасын  моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуцийдің ойы бойынша, ондай адам адамгершілікті, адал, таза, ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұя, қоғамға, мемлекетке, ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарушысының адамгершілікті басты  принцип ретінде ұстануын ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап тұру керек деген. Дана басшы жақсы біледі – адамның бәрі абырой мен байлыққа ұмтылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін  әлеуметтік дифференцияны жақтау, жіне олардың мәнін сипаттамалау болды.

  Гректің ғұлама ойшылы Гераклит б. э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: «Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды» - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократияны жақтаған Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі заңдардың тұрақты болуына үлкен мән берген.

  Гераклит: «қарама- қайшылықтар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қайшылық, екінші бір қарама-қайшылыққа өтеді. «Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады» деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғарғы мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта болады. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күреседі.

  Демокрит(б. э. дейінгі 460- 370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі боған. Егер адамдар бір-бірін күндемесе, зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда заңдардың қажеті шамалы деген пікір қалдырған. Сондай-ақ, ол қағамның пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынды.

  Әйгілі ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель алдынғы тарихи материалды талдап саяси өмір туралы біртұтас ілім құрастырған. Платонның(б. з. д. 427-347) мемлекет жайлы ойы, философиялық негізі-идеализм болып табылады, ол мемлекеттің идеалды үлгісін құрастыруын мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платон «Мемлекет, Заңдар, Софист, Парменид» еңбектерінде айтады, мұнда ол мемлекетті  адам мен салыстырады, мысалы: адамның жанының үш бастамасына( ақылдылығы, қаһарлығы мен қозулығы) мемлекеттің үш бастамасы сәйкес(келісімділігі, жауынгерлері, іскелері). Ал осы соңғы үш бастамаға елдің ішкі қатары сәйкес келеді: басшылар, жауынгерлер, жұмысшылар. Адалдыққа келгенде, осы әр қатардың адамдары тек өз қатарымен араласып тек өзінің ісімен айналысуы керек, сонымен басқа жұмыспен  айналыспасын дейді. Және де осы бастамалар бір- бірінің алдында иерархиялық бағынуда болуы міндетті, мысалы: ақылды бастамасының өкілдері-философтар басшы болу керек, қаһарлық-жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастамасының өкілдері-жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуы міндетті.

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (154.9 Kb)   docx (57.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club