Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы

Автор:   •  Ноябрь 11, 2021  •  Контрольная работа  •  315 Слов (2 Страниц)  •  329 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы

Қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасын тапқан тарихында біршама саяси ой-пікірлер қалыптасқан. Ең алғашқы саяси ой-пікірлердің бірі- ұлы ойшыл әл-Фарабиға тиесілі. Әр түрлі ғылым салаларынан 160-тан астам еңбек жазып,мол мұра қалдырған ғалымның, саясаттануға байланысты: "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы", "Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы" деген еңбектері бар.Әл-Фарабидің ойынша, қоғамда бейбітшілік пен бақытқа жетелейтін ақыл-парасаты жеткілікті,ғылым мен білімді таянбай игерген адамдар. Әл-Фарабидің трактаттары Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, саясаттану ғылымын дамытуға жақсы әсер тигізді. Осындай ұлы дала ойшылдарына : Қожа Ахмет Йасауи,Жүсіп Хасхаджиб Баласағұниды жатқызуға болады. 

Қазақ хандарының билігі кезінде де өшпес із қалдырған тұлғалар болды. Оларға: Қасым, Есім хандар, билер, шешендер болды." Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" атты заңдар жинағы ел арасында ұзаққа сақталды. Тәуке хан өз заманында қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізген ірі реформатор болды.Атап айтқанда, Жер дауы, жесір дауы, алым-салыққа көп көңіл бөлініп ,"Жеті жарғы" заңдар жинағы құрылды, ол ел ішінде тартыстар мен алауыздықты азайтты. 

ХIX ғасырдың екінші жартысында ағартушы, ғалымдардың саяси идеологиясы үлкен ықпал етті.Бұл кезеңде атақты Абылай ханның шөбересі Шоқан Уалиханов өмір сүрді.Ол бай манаптар мен билеп төстеушілердің  қарапайым халыққа зорлық-зомбылық жасауына жол ашатын- билік деп ұқты.Сондықтан да , бұл жағдай құтылу үшін олардың билігін жою немесе үстемдігін бәсеңдету керек деген пікірді ұстанды. Жалпы,ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.Бұл мақсатта реформалар қажет болды. Сондай-ақ бұл кезеңде саясатқа ықпал еткен Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев сынды ұлы тұлғалар болды.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (42.3 Kb)   docx (145.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club