Қазақстандағы кітапхана ісінің даму тарихы
Автор: Aida.Kapasova • Октябрь 3, 2020 • Реферат • 403 Слов (2 Страниц) • 981 Просмотры
Қазақстандағы кітапхана ісінің даму тарихы
Қазіргі уақытта қоғамның ортасында кітапхана,кітапханашы мамандығы жай қалыптасқан дегенді көп естейміз.Кітапханаға кім барады?Баратындар барма? -деген сұрақтарға жиі ұшыраймыз.Негізіне келгенде,кітапхана және кітапхана ісі мамандығы қоғамға ,күнделікті өмірге керек сала.Кітапхана-мәдени-ағартушылық мекеме болып табылады.Кітапхана баспасөз ақпараттарын жинау, сақтау,насихаттау және оқырманға сол баспасөз беттерінен ақпаратты берумен,мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.Кітапхананы зерттейтін өзіне тән саласы да бар,ол «кітапханатану» деп аталады. «Кітапханатану» -кітапхана ісінің тарихын,әдістемесін,жүйесін және теориясын зерттейтін ғылым.Кітапханатанудың өз тарихы,кең түсіндірілетін ақпараттары және де тәжерибелік қолданулары бар.Бүгінгі таңда,жаңа ақпараттық заманда кітапхананың маңызы азайғандай көрінеді.Алайда,бұл олай емес кітапхана мәдени-ағарту саласының бір бөлігі болғандықтан, адамдардың рухани байлығын дамытуға, өскелең ұрпақтың қабілеті мен санасын жетілдіруде ерекше орын алады.Қазақстанда мәдениетке аса көңіл бөлінеді, сол себептен қазіргі кезде заманға сай жабдықталған,қол жетімді ,жаңа кітапхана жүйесін орнатуда.Бұл Қазақстан Республикасының дамуына үлкен үлесін қосады
Қазақстанда кітапхана ісінің тарихы 200 жыл бұрын басталған.Алғаш кітапхана 1831 жылы Орал қаласында ашылған екен.Кітапхана ісі сол кездегі мәдениттің дамып бастауы болып табылады.Себебі аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге жете білді.Кітапхана ісінің Қазақстанда дамуының көптеген кезеңдері мен түрлері бар.Біраз уақыт ішінде сауатсыздық жойылып,күрделі өзгерістер болды.Оның дәлелі білім беретін мектептер,училищелер,жоғары оқу орындары,көптеген ғылыми институттардың пайда болуы.Осыншама уақыт ішінде Қазақстанда кітапхана ісі көңіл толарлықтай табыстарға жетті десе де болады.
...