Саясаттану-қоғамның
Автор: abdieeev • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 324 Слов (2 Страниц) • 198 Просмотры
Саясаттану-қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, ұйымдастырылуын, қазіргі саяси өмірді басқаруды, оның құрылымы мен қызметін зерттейді. Саясаттану-бұл қоғамдағы саясаттың мәнін түсіндіретін ғылым, яғни адам мен ондағы қоғам арасындағы қатынасты анықтайтын ұғымдар жиынтығын үйлестіреді.Салыстырмалы әдіс дегеніміз әртүрлі елдердегі саяси жағдайларды зерттеп, соғын салыстырма жасау дегенді білдіреді. Олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жіктеуге септігін тигізеді. Ондағы саяси тұрақтылық пен оның шешімдерін бағалауға, қажетті тұстарын қабылдауға мүмкіндік жасайды. Саясаттанудың салыстырмалы әдісі туралы ерекше айта кету қажет. Оны саясаттануға тән әдіс деп қарауға болмайды, бірақ ол жалпығылымдық әдіс, өйткені салыстыру барлық ілімдерді тануға апаратын жол. Салыстыру әдісі, әлемді тану сияқты өте көне. Бұл әдіспен 158 грек қалаларын зерттеуге, ондағы басқару формаларын салыстырган Аристотельдің «Саясат» кітабында кеңінен қолданған. Қазргі заманғы батыс саясаттану ғылымында да салыстыру әдісі ең жақсы дамыған бағыт болып есептеледі. Әңгіме саяси жүйелер мен институттардың және т.б. салыстыра отырып зерттелуі туралы. Бұл әдістің өзіміздің Қазақстан Республикасында алатын маңызы зор. Себебі еліміздегі жүріп жатқан саяси реформалардың нәтижелі болуына басқа елдердің озық тәжірибесін пайдаланып, тиімді тұстарына салыстырма жасау арқылы қоғамға енгізу жеңісті шешім болмақ.
Жүйелеу әдісі дегеніміз қоғамдағы саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың құрамдас бөлшегі ретінде қарастырып, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік ортадағы орны мен қызметін және басқа құбылыстармен
...