Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеті

Автор:   •  Март 31, 2019  •  Реферат  •  5,031 Слов (21 Страниц)  •  971 Просмотры

Страница 1 из 21

                 Мазмұны:

  1. Кіріспе..........................................................................................................2
  2. Мемлекет – саяси институт ретінде....................................................... 3-8
  3. Қоғам мен мемлекет................................................................................. 8-9
  4. Азаматтық қоғам .................................................................................... 9-12
  5. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеті..............................12-15
  6. Қорытынды............................................................................................... 15
  7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................16

Кіріспе

    Мемлекет және азаматтық қоғам ертеден ғалым заңгерлердің, саясаттанушылардың, философтардың, тарихшылардың,әлеуметтанушыларды, және экономистердің назарына іліккен. Бұл кездейсоқ нәрсе емес еді, өйткені оларды қалай түсінуге орай мемлекет пен азаматтық қоғамға қатысты проблемаларды, әсіресе мемлекеттің, азаматтық қоғамның «сақтанғыштығы, өмір сүргіштігі, мәселелерін шешу, олардың қазіргі қоғам алдында пайда болған міндеттерді шешу қабілеті соларға байланысты».

    Ұзақ уақыт бойы саясаттануда «мемлекет» және «азаматтық қоғам» ұғымдарының жеке қарастырылмай, бір мағынада қолданылып келгені белгілі. Осыған орай «мемлекет» және «азаматтық қоғам» ұғымдарының  қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарын көрсететіндігін атап айтқан жөн. Мемлекет және азаматтық қоғам таптар, индивиттер және т.б. ортақ маңызды мүдделерінің көрініс беру формасы болып табылады, олардың жүзеге асыру тәсілдері іспетті. Солай болғанмен де оларды түсіндіруде  пікірлер мен бағалаулар шашыраңқы.
   Осыған байланысты мемлекет және азаматтық қоғам туралы мәселелерінің пайда болуы олардың олардың шығуымен болғанын айтуымыз керек. Сол мәселелерді әр заманның ірі ғалымдары көтерді. Мысалы, кім бақылау жасауы тиіс, кім бірінші орында тұруы қажет, мемлекет пе әлде азаматтық қоғам ба? Кім кімнен жоғары тұрады: мемлекет азаматтық қоғамнан жоғары болама немесе  азаматтық қоғам мемлекеттен жоғары бола ма? Осы және өзге де мәселелер қазіргі уақытта да түрлі пікір таластың өзегіне айналып отыр.  Ал нақты, демократиялық елдерде қалыптасқан жағдайлар кімнің қолында саяси билік болса, сол бірінші орынға шығатынына көз жеткізгендей. Сонымен бірге азаматтық қоғамның ірі қоғамдық күш екендігін, онымен мемлекеттің санаспауы мүмкін еместігін атап өтуді дұрыс санаймыз.

    Демек, мемлекет пен азматтық қоғам өзара тығыз байланысқан, олардың өзара байланысының сипаты тарихи тәжірибенің  көрсеткеніндей аса күрделі. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тепе – тендік әр кезде сақтала бермеген.  Осы өзара байланысты бір кезде француз ойшылы Поль Валеди : «Егер де мемлекет күшті болса, онда бізді басып-жаныштайды, еген де әлсіз болса – біз құримыз» - деп, дәл білдірген еді. Бұл мәселенің мәнің дұрыс түсіну үшін ең алдымен мемлекетті негізгі саяси институт ретінде қарастыру қажет.

Мемлекет – негізгі саяси институт

    Мемлекет – бұл күрделі конструктивті, көп функционалды қоғамдық – саяси түзілім. Оны зерттеу әртүрлі аспектіде болуы мүмкін.  Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің аса маңызды институты болып табылады. Мемлекеттің маңыздылығы әлеуметтік – рухани өзгерістерге тиімді және шешуші ықпал жасай алатындай, оның қолында билік пен ресурстардың мейлінше шоғырлануымен анықталады.

    «мемлекет» термині әлеуметтік-саяси әрекеттерде әдетте екі мағынада – тар және кең мағынада қолданылады. Тар мағынада ол үстемдік институты ретінде, мемлекет билікті алып жүруші, иеленуші ретінде түсіндіріледі. Өз мәнінде мемлекет – бұл тарихи қалыптасқан ұйым немесе сол аумақта жоғары билікті иемденген саяси институт. Ал, кең мағынада алғанда мемлекет дегеніміз, қалыптасқан жалпылық, азаматтар одағы, қауымдастық. Бұл жерде ол «мемлекетті»  (тар мағынадағы)  және «қоғамды» қамтитын тұтастықты білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекет деп белгілі бір аймақта орналасқан және жоғарғы билік органдары басқаратын ел, қоғам ретінде түсіндіріледі. Сол себепті, оның төнірегіне басқа да саяси институттар топтасатындықтан, мемлекетке саясаттанулық сараптама жасаудың бастауы  оның қоғамдық-саяси жүйесінің негізгі элементі, бөліктік бөлігі, өзегі екенін анықтаудан басталады. Осыған байланысты саяси ойлар тарихында мемлекеттің шыққан кезінен бастап оған әртүрлі түсініктеме берілді, себебі адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде  оның қайсы бір функциялары мен қасиеттері алдыңғы қатарға шығып отырған.  Сондықтан мемлекеттің генезисі мәселесі жүздеген жылдар бойы ұзаққа созылған пікірсайыстардың тақырыбы болды. Ол туралы әртүрлі көземелер, теориялар, тұжырымдамалар ұсынылды.  
    Мемлекеттің шығу туралы этнография жэәне тарих ғылымдарының жаңа білімдер беріпкеле жатқанын атап  өткен жөн. Осыдан келіп мемлекеттің пайда болуының әртүрлі теориялары: патриархалдық, теократиялық, антропологиялық, қоғамдық келісім,, психологиялық, органикалық, әлеуметтік-экономикалық, күштеу формасы және т.б. қалыптасқан.
    Мемлекеттің шығуы туралы бірден бір ертедегі түсінік патриархалдық теориямен байланысты. Патриархалдық теория бойынша  (Р. Фелмер, Н. Михайловский және тағы басқалар) мемлекет – ерікті біріктірудің негізінде құралған үлкен отбасы тобы ретінде, отандық тбиліктің қорғаушылдығымен  билеуш мен оның қол астындағылардың қарым – қатынасы әке мен отабсы мүшелерінің қарым-қатынасымен ұқсас етіліп, шағын отбасының бірігуі ретінде қарастырылады.  Отбасындағы әке сияқты мемлекетте де билеуші сайланбайды, тағайындалмайды және оны қол астындағылар орнынан ала алмайды, өйткені соңғылар оның балалары. Конфуций билеушілерді қол астындағылармен қарым-қатынасты рахымдылық негізінде құруға шақырды. Патриархалдық теория мемлекеттік  билікті қасиетті, қадірлі санап, бір елдегілердің «туыстығын» құрметке бөлеген ілім. Мемлекет бұл теорияда бәрінің атынан және бәріне пайдалы болғандықтан жүзеге асырылатын патриархалдық биліктің дамыған формасы ретінде көрінеді.

...

Скачать:   txt (70.9 Kb)   pdf (144.8 Kb)   docx (25 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club