Дін және азаматтық қоғамның өзара байланысы
Автор: ardak3204 • Апрель 12, 2018 • Реферат • 36,735 Слов (147 Страниц) • 1,090 Просмотры
ЖОСПАР
КІРІСПЕ........................................................................................................3
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
- Азаматтық қоғам құрылымы, қалыптасуы...........................................12
- Қазақстандағы азаматтық қоғам............................................................26
- Азаматтық қоғам жайлы шетелдік және Отандық зерттеулер...51
- АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ДІННІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ..................................................................52
- Дін және азаматтық қоғамның өзара байланысы..........................52
- Қазақстан Республикасындағы Отандық діни зерттеулер..........66
- Азаматтық қоғамдағы діни көзқарастар.........................................76
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің егемендікке қол жеткізуі қоғамның барлық саласындағы түбегейлі өзгерістерге жалғасқандығы белгілі. Саяси-экономикалық кеңістікпен қатар, мұндай оң өзгерістер білім және ғылым, мәдениет және тағы да басқа қоғамның маңызды салаларын қамтыды. Бүгінде мұндай маңызды шешімдер мен қарқынды дамудың кепілі болған тұрақтылықтың тарихы жиырма бес жылға толып отыр. Қазіргі таңда халықаралық саяси аренада еліміз егемен ел ретінде берік орнығып, жарқын болашақ жолындағы дамушы мемлекеттер қатарынан табылып отыр. Бұл әрине ерен еңбек пен салиқалы саясаттың нәтижесі деп түсінген абзал. Өйткені көптеген сарапшылар мен қарапайым тұрғындар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің егемендігі мен жарқын болашағына деген сенімнен гөрі күдікке басым сенгендігі жасырын емес. Міне осындай белестерді бағындыра отырып, еліміз бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігі мен көреген саясаты арқасында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойып, осы бағытта белсенді әрекет етуде. Әрине ел болып танылуының тарихи тамыры тереңде жатқан мемлекетіміздің өз алдына дербес ел болуға тырысушылығы бүгінгі таңда толығымен жүзеге асқан оқиға болып отырғандығы шындық. Міне осындай толағай табыстар тарихы түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстардың нысанына айналып, өз зерттеушілерін де тауып жатқандығы да бар. Дегенмен әлемнің өркениетті елдері қатарынан көрінген еліміздің бүгінгі таңдағы саясат пен экономика және әлеуметтік саладағы қол жеткізген зор табыстарымен қатар, Қазақстандағы азаматтық қоғам тарихын аша отырып, оның қалыптасуындағы діннің атқаратын қызметін ғылыми тұрғыдан негіздеу басты мәселе болып отыр. Осы зерттеу бағытындағы назар аударарлық басты жайт – жалпы азаматтық қоғам түсінігі мен оның Қазақстандағы сипаты мен ерекшеліктерін аша отырып, ең бастысы Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу үдерісіндегі дін алар орны мен өзара байланысын ашу мәселесі болып табылады.
Азаматтық қоғам мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұжымдық жиынтық деп атайтын болсақ, оның қалыптасқан бейнесі мемлекет үшін аса маңызды фактор болып табылады. Өйткені азаматтық қоғамның кез-келген мүшесіне айналып отырған әлеуметтік топтар мен өзге де қауымдастықтардың өзара әрекеттері бір тұрақты жүйені құрауы – тиімді қарым-қатынастар мен сәтті басқарудың негізі болып табылатыны сөзсіз. Мемлекеттің ішкі саяси-әлеуметтік өміріндегі партиялар мен қозғалыстар, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар, мәдениет пен ғылым, сонымен қатар діни ұжымдар мен отбасылық қарым-қатынастар азаматтық қоғамның негізі болып табылатыны сөзсіз. Демек азаматтық қоғам мемлекеттің дамуымен қатарласып өмір сүреді деп айтуға болады. Әрине азаматтық қоғамның теориясына мән беретін болсақ, ол мемлекеттен бұрын пайда болғанына көз жеткізуге болады. Дегенмен азаматтық қоғам жекелеген саяси емес топтардың қызығушылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың жиынтығы болып табылатынын ескерсек, азаматтық қоғам демократиялық биліктің негізіне айналып, тікелей мемлекеттпен етене дамиды. Осылайша саяси тұрақтылық пен саяси жүйенің дұрыстығының кепіліне айналады. Өйткені азаматтық қоғам мемлекеттегі саяси жүйенің тоталитарлық сынды бағытынан аластатып, биліктің тым қаталдануын болдырмауы тиіс. Осы ретте азаматтық қоғамның қалыптасуындағы діннің де алар орны ерекше екендігін мойындау қажет және бұл бағытта қалыптасқан пікірлердің өзі заман ерекшеліктеріне байланысты қайта жанданып отырғандығы да белгілі. Мысалы ортағасырлық кезеңдегі діни ұстанымдардың маңызды болуы себепті азаматтық қоғамның да өзара ішкі байланыстары діни заңдылықтар шеңберінен тыс кетпей отырған. Бүгінгі таңда зайырлылық пен тәрбиедегі еркіндік жағдайы дүниетанымдағы қағидалардың да өзгеруіне әкеліп соқты.
...