Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттану парадигмалары

Автор:   •  Ноябрь 1, 2020  •  Лекция  •  1,042 Слов (5 Страниц)  •  1,097 Просмотры

Страница 1 из 5

Нихамбаева Елдана 20-16 топ

1- тапсырма: Парадигма үлгі деген  мағына білдіреді. Ол зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория, яғни теориялық көз-қарастың, методологиялық принциптердің , әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған.

Ал саясаттану парадигмалары -  саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары:

  1. Әлеуметтік парадигма
  2. Психологиялық парадигма
  3. Биосаяси парадигма
  4. Теологиялық парадигма
  5. Натуралистік парадигма

Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама-қайшылыққа толы процесс ретінде қарастырады. Үлкен әлеуметтік топтардың (байлар мен кедейлердің, ауқаттылар мен жарлылардың, сословиелердің, таптардың) мүдделерінің антагонизмі қарама-қайшылықтың негізі. Әлеуметтік парадигма таптар мен тап күресінің идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады. Айтарлық К. Маркс пен Ф. Энгельс бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті" атты белгілі шығармада әлеуметтік парадигма адамзатты қанаудан құтқаратын пролетариаттың бүкіл әлемдік-тарихи мессиялық рөлін орнықтыратын революциялық идеологиянық концептуалды негізі ретінде қолданылады. Бұл тарихи міндетті пролетариат революция жасағанда және өзінің таптық диктатурасын орнатканда ғана орындай алады. В.И. Лениннің ойы бойынша марксизмдегі ең басты мәселе — пролетариат диктатурасының тарихи болмай қалмайтындығы мен оның тарихи кажеттілігін мойындау.

Марксизмде әлеуметтік парадигма әлеуметтік - экономикалықка өзгереді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша, қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың материал- дық игіліктерді өндіруі болып табынады, ал ол сатылы процесс ретінде, өндірістің ерекше тәсілі ретінде жүзеге асырылып, қоғамның экономикалық базисін қалыптастырады.

Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Геосаяси идеялар әр түрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды, халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды. Географиялық фактор ретінде климат, жергілікті жердің рельефі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды.Географиялық ортаның саясат пен мемлекеттік құрылысқа тигізетін ықпалына ертедегі ойшылдар да көңіл аударған. Мәселен , Ежелгі грек дәрігері Гиппократ  өзінің "Ауа, су және жергілікті жер туралы" шығармасында аталған табиғи факторлардың адамның денсаулығына, оның мінез-құлқына, сондай-ақ жергілікті жердің қоғамдық және мемлекеттік құрылысына тигізетін ықпалына көңіл бөлді. Адамды "саяси хайуан" деп атай отырып Аристотель қоғам мен мемлекеттің пайда болуының табиғи негізінің бар екенін көрсетті.

Теологиялық парадигма саясаттың және оның проблемаларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде өр түрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Мұнда билік табиғаттан тыс, ерекше абсолютті күш ретінде қарастырылады. Айтарлық, Көрнекті христиан философы Аврелий Августин (б.з. 354-430 жж.) адамдар қауымдастығының бір-біріне кдрама-қарсы екі түрі: "құдай қаласы" және "жер қаласы" өмір сүреді деп есептеді. "Жер қаласы" — кемеліне жетпеген адамдардың шынайы өмірі, ал "құдай қаласы" — Құдайды сүю мен іздеу, бірақ оның жерде тұрағы жоқ болғандықтан ол қаңғыбастық пен үйсіздікке душар болған. Осылай Әулие Августин адамдардың нақты өмірі мен олардың саяси проблемаларының "жер қаласында" болатындығын атап көрсетті.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (325.7 Kb)   docx (923 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club