Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық гуманитарлық құқық

Автор:   •  Май 20, 2022  •  Реферат  •  10,860 Слов (44 Страниц)  •  225 Просмотры

Страница 1 из 44

Білім және ғылым министрлігі

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

          РЕФЕРАТ[pic 1]

Тақырыбы:«Халықаралық гуманитарлық құқық»

Орындаған: Абдыкалыкова Анель Қанатқызы

Тексерген: Абулкаирова Б.Т

Факультет:Ю2В/к-21

(1группа) Құқықтану

Кафедра :Құқықтық пәндер

                                 

Алматы 2022ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I.        ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

II.          Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы, реттеу заты және қайнар көздері

III.           Халықаралық гуманитарлық құқықтағы соғыс құқығының салдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. 2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. 3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. 4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады.[1]

Сондықтан еліміз жаңа әлемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда халықаралық гуманитарлық құқықты дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып отыр. Қазіргі кездегі нарықтық экономика мен әлемдік кризисті қарастыра-отыра, әлемдік кризистің құрамдас бөлігі ретіндегі әлемдік мемлекеттер арасындағы халқаралық даулар мен жан жалдықты алдын алушылық шаралар қолдану үшін халықаралық гуманитарлық құқықтын міндеттері мен негізгі қағидаларын дамыту ел алдында ғана емес бүкіл халықтын міндеті десек артық емес деп ойлаймыз.Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде халықаралық гуманитарлықты дамыту ел алдына қойылған үлкен міндет. Олай болса, халықаралық гуманитарлық құқықтары туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.

Сондықтан қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықты зерттеу, оның негізгі артықышылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген мемлекеттік саяси жүйесі үшін аса маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқыққа сәйкес гуманитарлық құқық әлемдік құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы халықаралық гуманитарлық құқыққа қарастыру тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік деңгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті мәселелер қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді. Сонымен бірге біздің ойымызша осы қарастырылатын мәселелердің өзектілігін сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XX ғасырдың басында Репарациялық шаралар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одан әрі рәсімделе бергендіктен. Германияның антигитлердік елдерге келтірген залалы 200 млрд.доларды құрады, ол Германияның барлық ұлттық құндылықтарының көлемінен асып түскендіктен, оған залалды толық көлемде өтемеу қағидасы қолданылды. мұнан басқа, 1945 ж. Ялта және  Потсдам конференцияларында репарация көлемін  айқындаған кезде, репарациялық шаралардың шамаға шақ қағидасы ескерілді, өйткені олардың эканомикалық дамуына кері әсерін тигізбеуі керек болатын. Сондай-ақ, Германияға қарсы соғысқан және зиян шеккен барлық мемлекеттерге репарация алу құқығы берілген жоқ, ондай құқық тек аумақтарында соғыс қимылдары жүргізілген және аумақтарды басып алынған мемлекеттерге ғана берілді. Сол тарихи кезіңде екінші дүниежүзілік соғыстан киінгі БҰҰның бейбітшіліктер мен мемлекеттер арасындағы даулар мен жан жалдарды тоқтату үшін, сонымен қатар соғысты реттеу үшін бүкіл әлемдік мәселеге айналып, осы мән жайларды қазіргі кезде халықаралық гуманитарлық құқықта қарастыруға болады.

...

Скачать:   txt (169.3 Kb)   pdf (356.6 Kb)   docx (74.3 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club