Білім ортасы мен білім алушының үндесі
Автор: aibek1551 • Октябрь 14, 2021 • Лекция • 1,967 Слов (8 Страниц) • 456 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
ГЛОССАРИЙ
«Білім ортасы мен білім алушының үндесі» пәні бойынша
Тақырыбы: «»
Орындаған:Аузбеков Айбек
_1_ курс білімгері
Факультет: «Институт Водного Хозяйства и Природообустройства»
Мамандық: «Электротехника и энергетика»
Тексерген: Суйменбаева А.М.
Бағасы: ____________
« « 2021 ж
Тараз 2021
- Құқық түсінігі және мәні – мемлекет орнaтқaн және оның күшімен қорғaлaтын, жaлпығa бірдей қоғaмдық катынaстaрды реттейтін тәртіп ерeжeлeрiң жиынтығы.
- Заңнын үстемдігі және құқықтық қатынастар – негізінде, бұл aнықтaу нaқты мaғынaғa ие және көптеген вaриaция болуы мүмкін. Зaңның үстемдігі - зaң aлдындa бaрлық aдaмдaрдың теңдігі aнықтaйды ілім болып тaбылaды.
- Құқық жүйесі және оның элементтері – бұл құқықтың өзінің құpылымы, оның салалаpға, институттаpға бөлінуі. Құқықтың жүйеліқ құрылымы оның белгілі біp байланыстағы көптеген элементтеpден құралған біpтұтас құрылым екендігін білдіреді.
- Құқықтын қайнар көздері – бұл құқық нормaлaрының бекітілу және көрініс тaбуының мемлекет шығaрғaн немесе ол тaнығaн ресми - құжaттық нысaндaры, олaрғa зaңды , жaлпығa міндетті мaғынa беру.
- Құқықтық норма: түсінігі құрылымы – қисынды мaғынaмен оның ішкі мaзмұнының элементтерін айқындaп көрсту. Құқықтық нормaлaрдың құрылымы мынaндaй элементтерден тұрaды:
Гипотезa (шaрт, жaғдaй)
Диспозиция (мінез-құлык)
Сaнкция (жазa)
- Заң нормасы және зан баптары – құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жaлпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.
Біртекті қaтынaстaрды реттеп, құқық сaласын құрaйтын (aзaмaттық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормaсының жиынтығы.
Құқық нормaлaры жaлпығa міндетті күшке ие, жaуaпкершілікті бұзғaн жaғдaйдa, субъектілерге зaндық құқықтaр мен міндеттерді беруді қaрaстырaды.
- Құқықты зерттеудің негізгі тәсілі – бұл зaнды ықпaл ету тәсілдері,олaрдың осы сaлaдa қоғaмдық қaтынaстaрдың немесе өзге де зaң құрaлдaрының кешенін пaйдaлaнуды сипaттaйтын үйлесімі.
- Құқық өркениет феномені ретінде – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.“Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі
- Құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлі – Құқықтық мемлекет болу үшін еліміздің әрбір азаматы құқықтық сауатты, құқықтық мәдениетті болу қажет. Ол үшін заңдарды бұлжытпай орындап, өз құқықтарымызды дұрыс пайдалана біліп, өзгелердің құқықтарын құрметтеуіміз қажет.
- Заң үстемдігі және азаматтық қоғам – Негізінде, бұл анықтау нақты мағынаға ие және көптеген вариация болуы мүмкін. заңның үстемдігі - заң алдында барлық адамдардың теңдігі анықтайды ілім болып табылады.
- Мемлекет: түсінігі, белгілері, функциялары, формалары мен түрлері, мәні – Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді.
- Әлеуметтік жағдай – Тұрғындардың өмір сүру үлгісі мен сапасын, деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы; тұрғындардың нақты табысы, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, тұрғындардың материалдық игіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі.
- Мемлекеттік органдар жүйесі – Мемлекеттік реттейді әлеуметтік қарым-қатынастарды заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру, мемлекеттік органның берілген мемлекеттік органдар. Олардың әрқайсысы, сондай-ақ анықталған функциясын орындайды. Мен бірге оларды ұйымдасқан, ұқыптылығы мен келісілген жүйесін құрайды.
- Азаматтық қоғам және оның институттары – Азаматтық қоғамды мемлекет анықтамайды керісінше мемлекетті азаматтық қоғам анықтайды. Және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынас көпшілік алдындағы билік пен жеке дара бостандық арасындағы қатынас тәрізді.
- Мемлекет түсінігі мен ерекшеліктері – Мемлекет- басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
- Әл-ауқат жағдайы және адамның және азаматтың құқықтарын қорғау – Материалдық мұқтаждығы болмауымен сипатталатын адамның экономикалық жағдайы. Сонымен қатар белгілі бір жағдайларда әл-ауқат құқық бұзушылыққа итермелейтін факторға да қызмет етуі мүмкін екенін білгеніміз жөн. Мысалы, әл-ауқатты болу өз кезегінде мораль тұрақсыздығына, азғындыққа, зерігушілікке, қатты әсерленуге, алкогольге, есірткілік заттарға және т.б. әуес болуға итермелейді, сөйтіп әл-ауқаттылық қылмысы деп аталатын ерекше қылмыстын туындауына апарып соғуы әбден мүмкін.
- Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттілігін қалыптастыру мәселелері мен жолдары – Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес.
- Вето құқығы - Мемлекет басшысының (монарх немесе президенттің), парламент қабылдаған заңға қол қоюдан немесе әрекетке ендіруден бас тaртатын субъективті құқығы.
- Мемлекеттік меншік құқығы - Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
- Жерді пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
- Айрықша құқығы - Автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы. Мүлік заңсыз тартылып алсынса, заң аясында қылмыс істеуші қудаланады.
- Қолайлы қоршаган ортаға құқық - экологиялық құқық тобына жататын, адамның негізгі конституциялық құқықтарының біреуі. Бұл құқық ен жас «ұрпақ буынына» қатысты болып саналады. Ол басқа экологиялық құқықтармен: коршаған ортаның жағдайы туралы шынайы ақпарат алу құқығы және экологиялық құқық бұзушылықпен адамның денсаулығы және мүлкіне келтірілген залалды өтеу құқығымен бекітіліп, толықтырылады.
- Өмір сүру құқығы - халықаралық құқық пен көптеген демократиялық елдердің конституциясымен қорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі. Өмір сүру құқығының мазмұны көп қырлы және әр түрлі елдерде (елім жазасының түрліше режимдері сақталуы себепті) өзара айырмашылығы болады. Қазіргі заманғы конституциялардың бірқатарында, өмір сүру құқығы, заңмен өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс шеңберін белгілеу, сондай-ақ өлім жазасы түрінде жазалау қолданылмайтын адамдар тобын көрсету арқылы нақтыланады.
- Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін. Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және баска құжаттарды жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардын қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамнын артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін
- Некеге тұрған азаматтардың құқықтары - Неке және отбасы, ана, әке, бала мемлекеттің қорғауында болады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу. Азаматтардың неке-отбасы қатынастардағы құқықтары заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.
- халықтық егемендік - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды.
- мемлекет тәуелсіздігі - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам хұқыларының жалпыға бірдей Декларациясында, халықаралық. хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамнын хұқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтынын өзін-өзі билеу хұқын растай отырып, азаматтық, қоғам және хұқылық. Мемлекет құруға бел байлағандығын басшылықха ала отырып, бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасынын мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды.
- Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі.
- Парақорлық – мемлекеттік қызметкер (немесе оған теңестірілген адам) өз немесе бөтеннің мүдделерінде тікелей немесе жанама түрде пара алатын, алуға уәде беретін немесе алуға келісетін, өкілеттігін орындау кезінде пара беруді талап ететін немесе заңсыздыққа итермелейтін әрекет.
- Қорқытып алушылық – әрекет етуге немесе әрекетсіздікке айырбас ретінде адамды ақша төлеуге немесе басқа құнды байлықтарды беруге мәжбүрлеу. Осы мәжбүрлеу қысым көрсету, оның ішінде моральдық қысым көрсету арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
- Көпке созушылық – пара алу мақсатында істі әдейі созу, күшпен алушылық түрі.
- Непотизм – өз билігін және іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында туыстарға, таныстарға және достарға табысты лауазымдарды, шен, жылжымайтын мүлік беру, солайша шешім қабылдарда пайдаланылатын борышкерлер –бағыныштылар мен әріптестер жүйесін қалыптастыру.
- Ақшаның ізін жасыру – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңды етіп алу немесе жасыру әрекеті арқылы жүзеге асырылатын әрекеттер.
- Паралау – өз өкілеттігін орындауда қалаулы заңды әрекет немесе әрекетсіздік үшін немесе осы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен делдалға, мемлекеттік қызметкерге немесе оған теңестірілген адамға тікелей немесе жанама пара беруге ұсыныс, уәде берумен байланысты әрекеттер.
- Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады.
- Үкiметтiң - Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi.
- Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
- Мүлікке тыйым салу – белгілі бір жағдайлар үшін біздің еліміздің заңнамасымен көзделген жағымсыз, бірақ сонымен қатар қажетті шара. Осы мақаладан мүлікке қандай жағдайларда тыйым салынатынын, ол нені болжайтынын және оны қалай алу керектігін білесіздер.
- Міндеттеу әдісі - мемлекеттік органдарға сияқты, жеке тұлғаларға қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады Контитуциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады.
- Рұқсат ету әдісі - мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қоланылады. Айталық, ҚР Конституциясының 53-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент Платаларының бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр палата депутаттары жалпы санының үштен екі дауысы мен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.
- Құқықтық реттеу әдісі — біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жузеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар.
- Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті өзін-өзі басқаруынан кәрініс табады.
- Заң - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды.
- Бюджеттік заң - нақты кезендегі бюджет пен оның әрекет ету мерзімі мен тәртібін, бюджеттік ресурстар бойынша негізгі тағайындалуы мен бюджеттік қаржы бөлуді бекітетін жалпы мемлекеттік заңнамалық акт.
- Заңды тұлғаның заңы - занды тұлға құрылған елдің құқығы, осы заңды тұлғаның заңы болып саналады. Занды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі осы заңды тұлғаның заңымен анықталады. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық кабілеттілігі, ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады.
- Декларация - Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат; Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы).
- Еңбек жағдайлары - қызметкердің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарына сай болуға тиіс.
- Меншік - қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.
- Иемдену — затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізгі, тамырлы белгісің құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінін жеке орындары болады.
- Баланың құқықтары - Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады.
...