Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Меншік құқығының пайда болу негіздері және оның тоқтатылуы

Автор:   •  Март 27, 2018  •  Курсовая работа  •  7,196 Слов (29 Страниц)  •  1,629 Просмотры

Страница 1 из 29

МАЗМҰНЫ

Кіріспе        3

I.     Меншік құқығының ұғымы және мазмұны

  1. Меншік және меншік құқығының ұғымы        4
  2. Меншік құқығының мазмұны        8
  1. Меншік кұқығының түлері
  1. Меншік құқығының түрлері мен формалары        9
  2. Меншік құқығының субъектілері, нысандары        10
  3. Меншік құқығының объектілері        12
  1. Меншік құқығының пайда болу негіздері және оның тоқтатылуы
  1. Меншік құқығың пайда болу негіздері        14
  2. Меншік құқығының тоқтатылуы                        16
  1.  Меншік құқығының даму кезеңдері        20

Қорытынды        22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі        24

Қосымша А.............................................................................................25

Қосымша Ә.............................................................................................26

Қосымша Б..............................................................................................27


                                                     Кіріспе

        Менің жұмысымның мақсаты-меншік құқығының түсінігін беріп,оны барлық салаларда қарастыру болып табылады. Бұл тақырыпты толыққанды қарастыру үшін «Азаматтық құқық Кодексі»-не көз жүгірту абзал деп ойлаймын. Себебі қарастырылып отырған тақырыптың мән-жайлары бұл Кодексте толыққанды жазылған.

Меншік ұғымы сан ғасырлар бойы сараптан өтіп,ойы озық, ақыл кемел адамдардың талқы-таразасынан шыққан толлыққанды түсініктер катарына жатады. Дегенмен іс теориялық мағынадағы таным-біліммен, күреспен ғана шектелмесе керек. Бүкіл дүние жүзін дүр сілкіңдірген әлеуметтік соғыстардың басты себептерінің бірі ретінде қалыптасқан меншік қатынастарын өзгерту осы қатынастардың жаңа құрылымын қалыптастыру болып табылады. Бір жағдайларда осындай іс-әрекеттер жетістіктерге жеткізсе, келесі жағдайларда толық құлдырауға әкеп соғып жатады.

Жиырмасыншы ғасырдың даму үрдісі барысында біздің елде меншік қатынастарын бұзу екі мәрте жүргізілді. Оның біріншісі 1917 жылдың қазаң айында басталып адам. төзгісіз солақай,сұрапыл зардаптарға әкеліп тірегені белгілі. Екіншісі қазіргі кезеңде жүргізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты меншік қатынастарының шынайы мазмұнын қалпына келтірулерінің әлеуметті бөлігін қалыптастыру болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта меншік қатынастарын қалыптастыру қажеттілігі айқын көрініп тұр. Өйткені,бұл қатынастарды дамыту нарықтық экономиканы дамытудың алғышарттарының бірі болып табылады. Елімізде жүргізілген жекешелендіру жеке меншік қатынастарын қалыптастырудың алғашқы қадамдарының бірі еді. Қазіргі уақытта елімізде меншік қатынастары қызу қарқын алып келе жатыр.

Меншік қатынастары кез келген қоғамның экономикалық негізін қалыптастырады, сондықтан осы қатынастарды қорғау қандай да болмасын жүйенің маңызды мақсаты болып табылады. Әрине, меншік қатынастарының кеңеюі мүлікке қатысты даулардың көбеюін туындатады. Сондықтан да меншік қатынастарын реттейтін және қорғайтын заң нормаларын жетілдіріп, толықтырып отыруда аса маңызды мәселелер санатына жатады.

Жалпы бұл жұмыстың мақсаттарының бірі меншік ұғымының мәнін ашып, меншік құқығын және басқа заттық кұқықтарды қорғаудың әдістерін жан-жақты қарастыру.

I. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны

1.1 Меншік және меншік құқығының ұғымы

Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды. Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

...

Скачать:   txt (103.1 Kb)   pdf (332.2 Kb)   docx (991.2 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club