Қозғалмайтын мүлікті сатып алу – сату шартында меншік құқығы сатып алушыға қашан ауысады?
Автор: Nazgulsyzdykova • Апрель 9, 2018 • Реферат • 2,672 Слов (11 Страниц) • 1,610 Просмотры
Қозғалмайтын мүлікті сатып алу – сату шартында меншік құқығы сатып алушыға қашан ауысады?
Шартты мемлекеттік тіркеуден өткізуден кейін
Азамат өз мүлкін оны мақсатты түрде ғана пайдалану шартымен басқа тұлғаға сыйға тартуға құқылы ма?
Жоқ, құқылы емес
Эвикция дегеніміз – ол: 415 бап
Сатылған затты сатып алушыдан үшінші тұлға сот арқылы қайтарып алуы
Бөлшектеп сату келісім шарты қандай сәттен бастап тиісті нысанда жасалды деп саналады
сатушы сатып алушыға касса немесе тауар шегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап
Кәсіпорынды сату шарты қандай кезде жасалды деп саналады
өткізу актісі және сатып алу – сату туралы жазбаша келісім шартын мемлекеттік тіркеуден кейін
Ғұмырлық рента қандай мерзімдерде төлену қажет
Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбiр күнтiзбелiк ай аяқталғанда төленедi
Бағасы он айлық есептік көрсеткіштен жоғары заттарды сыйға тарту қандай жағдайда және кімдерге рұқсат етілмейді
мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол берiлмейдi
Тауардың кездейсоқ жойылу қаупі сатып алушыға қай кезден ауысады
Сатушы сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап
Айырбас шартына оның мәнiне қайшы келмейтiн қандай келісім шарттың ережелері қолданады
Сатып алу – сату шартының ережелері қолданады
Сыйға тартуды уәде беру арқылы жасаған келісім шарттан сый тартуға уәде берген тарап өз міндетінен бас тартуға құқылы ма
Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайына, денсаулығына байла- нысты шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, құқылы
Егер энергиямен жабдықтау шартында абонент ретінде тұтынушылық мақсатпен оны пайдаланатын азамат болса, онда келісім шарт қай кезден бастап жасалды деп саналады
белгiленген тәртiппен абоненттi жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi
Сатыпл алу – сату шартының елеулі жағдайларына нелер жатады?
Тауардың атауы, саны осы келісім шарттың елеулі ережелеріне жатады
Сатып алу сату шарты – бұл:
Меншік құқығына немесе шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығына ақылы негізде мүліктің берілуі
Сатып алу сату шарты - бұл:
Консенсуалды шарт
Егер сатып алу сату шарты бойынша сатушының сатып алушыға тауарды беру міндетін орындау мерзімін анықтау мүмкін болмаса, онда сатушы сатып алушыдан оны орындау туралы талап берілген күннен бастап мына мерзім шінде орындауы тиіс:
талап берілген күннен бастап жеті күн шінде орындауы тиіс
Сатушының тауарды беру міндеті орындалды деп мына сәтте есептеледі:
Тауарды нақты беру немесе сатып алушының билігіне беру сәтінен
Егер сатушы сатып алушыға шартта белгіленген мөлшерден тауарды көп берсе, сатып алушы сатушыға хабардар етеді, ал егер ақылға қонымды уақыт ішінде сатып алушы бұл тауар бөлігіне билік етпесе, онда сатып алушы қандай әрекет жасауға құқылы:
Осы тауар бөлігін қабылдауға және шарт бойынша қабылданған тауарды белгіленген баға бойынша сатып алуға
Жолда келе жатқан сатылған тауардың кездейсоқ бүліну қаупі сатып алушыға қай кезде ауысады:
Егер шартта немесе іскерлік айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе сатушы тауарды тасымал-даушыға бергеннен бастап
Сыйға тарту шартының пәні не болып келеді:
Мүлік және мүліктік құқықтар
Егер сатушы шартта көрсетілген тауар түр-түрін бұзатын тауарларды жіберсе, сатып алушы қандай әрекет жасауға құқылы:
Сатып алушы өз қалауы бойынша осында көрсетілген әрекеттердің кез-келгенін жасай алады
...