Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салқын және тездетілген кондиционерлеуді қолданып сортты ұнтақтау тізбегінің жобасы қарастыру

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  6,581 Слов (27 Страниц)  •  986 Просмотры

Страница 1 из 27

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Техника және технология»  факультеті

«Инженерлік технологиялар және көлік»  кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Салқын және тездетілген кондиционерлеуді қолданып сортты ұнтақтау тізбегінің жобасы қарастыру

 

                                                     Орындаған :

                                    Пәні : Қайта өңдеу өндірісінің арнайы технологиялары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................................................4

  1. Ұнның түрлерін және сұрыптарын  сипаттау...................................................4
  1. Ұнның жіктелуі және оның  түрлері.............................................................4
  2. Ұнның ассортименті және сапа стандарттары..............................................5
  3. Ұнтақталатын негізгі дәнді дақылдар…....……........……...........................7

2 Сұрыптық ұнтақтау үдерісін сипаттау.............................................................11

2.1 Ұнды ұнтақтау түрлері. Сұрыптық ұнтақтау ..............................................11

2.2  Ұнтақтауға дәнді дайындау үдерісі …………….........................................12

2.3 Астықты гидротермиялық өңдеудегі салқын және тездетілген

кондиционерлеу.....................................................................................................17

2.4 Астықты ұнтақтау үдерісі ..............................................................................24

3. Шикізатқа қойылатын талаптар........................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

КІРІСПЕ

Отандық ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы көкейкесті мәселелер ол аграрлық ғылымды көтеру, ғалымдардың жаңа формациясын даярлау, ауыл шаруашылығын нығайтуға қажетті ғылыми жаңалықтарды жеткізу, бидайдың сапасын арттыру, бұрынғы ескірген әдіс-тәсілдерді жаңартубүгінгі таңда басты тақырып болып табылады.

Соның бірі ұн өндірісі бұрыннан бері қалыптасып келе жатқан дәстүрлі өндіріс болып саналады. Ұн өндірісінің негізгі процесі дәнді ұнтақтау болып табылады. Адам баласының дән ұнтақтау үшін қолданған алғашқы жабдығы екі жалпақ дөңгелек тастан жасалған және үстіңгі дөңгелек тас өз осінде айланып қозғалатын тас диірмен болған. Дөңгелек жалпақ тастардың бетінде ырылып арнайы салынған арналар белгілі бір пішінмен және бағытпен орналасырылған. Үстіңгі тас дөңгелек айналған кезде дән екі дөңгелектің арасына түсіп, үстіңгі дөңгелектің салмағы және екі дөңгелектің үйкеліс күшінің әсерімен ұнтақталады. Бұдан дәннің диірмен тастарының арасында қысу және жару арқылы ұнтақталатыны анықталған

Қазақстанда ұн өндірісі қарқынды даму үстінде, ауа-райы жағдайларының әсеріне және айрықша қасиеттері бар жаңа  өнімдер мен өндірушілердің  пайда болуына қарамастан, нарық динамикалық  түрде дамып келеді.

Қазіргі таңда ұн түрлерінің  өте көп екенін айта кеткен жөн. Әрбір тұтынушы өзінің дәмдік қажеттіліктері мен өнімнің технологиялық ерекшеліктерін қанағаттандыратын  ұнның  кез келген түрін, сұрыбын және басқа да қасиеттерін оңай таңдай алады. Ең көп таралған ұн ең жоғары сұрыпты ұн деп саналады, себебі одан  жасалған өнімдердің  нәзік құрылымы бар,олар жұмсақ және «үлпілдек», сондай-ақ  оны тұздықтар мен дәмдеуіштер жасауға  пайдаланады. Бұл  сұрыпта  астықтың қабықшасы және өзекшесі болмайды, бірақ дәрумендер мен минералды заттардың  жеткілікті мөлшері бар.

...

Скачать:   txt (96.8 Kb)   pdf (748.7 Kb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club