Тарихи зерде ұрпақтардың мәдени сабақтастығының және ұлттық-азаматтық сәйкестілігінің негізі ретінде
Автор: madinassym • Сентябрь 28, 2021 • Контрольная работа • 3,275 Слов (14 Страниц) • 697 Просмотры
Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар:
1 семинар. 1 апта. 2 сағат. 15 б.
Тақырып: Тарихи зерде ұрпақтардың мәдени сабақтастығының және ұлттық-азаматтық сәйкестілігінің негізі ретінде.
«Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы» тақырыбы бойынша рефлексия түріндегі эссе.
1.Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы: ежелгі дәуір және ерте ортағасырлар.
2.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы пікірі.
3.Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігінен айырылуы. ХVІІІ-ХІХ ғғ. ұлт-азаттық көтерілістерінің тарихи маңызы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ мемлекеттігінің ежелден, яғни сақ заманынан бастап, түркі дәуірі кезеңіндегі дамуын көрсету. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай Н.Ә. Назарбаевтың салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзін талдау, қазақ хандарының саяси қызметіне баға беру, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық тәуелсіздік жолындағы көтерілістерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан аумағындағы ежелгі және ерте ортағасырлардағы мемлекеттер және Қазақ хандығы тарихына байланысты деректер мен зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаты, қызметіне байланысты кесте дайындалуы қажет. С.Датұлы, И.Тайманұлы және М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы және т.б. басқарған көтерілістердің тарихи маңызы талданады. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, эссе дайындап баяндайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Т. 1, 2, 3 томдар. – Алматы: Атамұра, 1996, 2002, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. Төрт кітаптан тұратын оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
2. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. – Алматы, Заң әдебиеті, 2009.
3. Бекмаханов Е. ХІХ ғ. 20-40 жж. Қазақстан. – Алматы, Қазақ университеті, 1992.
4. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі. 11 қыркүйек 2015. http://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/memleket-basshysy-nenazarbaevtyn-kazak-handygynyn-550-zhyldygyna-arnalgan-saltanatty-zhiynda-soilegen-sozi
5. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы, 2015.
6. АяғанБ.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
2 семинар. 2-апта. 2 сағат. 15 б.
- Тақырып: Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялыларының қызметі. "Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, "Алаш", "Үш Жүз", "Шуро-и Исламия", "Шуро-и-улемия" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу.
1.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал. Қоныстандыру саясаты.
2.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.1917 ж. Ақпан төңкерісінің Қазақстанға ықпалы.
- Алаш қозғалысының тарихы. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту.
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы, саяси партиялардың құрылуы мен ұлт зиялыларының қызметін, Алаш қозғалысының тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуынаауызша жауап беріледі. Қазақ зиялыларының қалыптасуы туралы кесте дайындалады. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен тарихи маңызына және оның 100 жылдығына байланысты шыққан құжаттар мен ғылыми еңбектерге талдау жасалады. Сондай-ақ көтерілістің орталықтары бойынша карта дайындалуы қажет. Алаш қозғалысының тарихы, қазақ халқының саяси көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне байланысты студенттер ізденіп, жаңа әдебиеттерді жариялаудың тарихи маңызын анықтайды. ХХ ғ. басында құрылған саяси партияларға арналған ғылыми-зерттеу жобасын әзірлейді.
...