«Алабота» ЖШС - інде жылқы гастерофилезінің таралу қарқыны және сауықтыру шаралары
Автор: Panda93 • Апрель 23, 2018 • Статья • 1,077 Слов (5 Страниц) • 1,090 Просмотры
«Алабота» ЖШС - інде жылқы гастерофилезінің таралу қарқыны және сауықтыру шаралары
А.Б. Қансеитова, 5-ші курс студенті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Гастерофилез - тақ тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр) асқазан жолдарын, таз қарнын мекендейтін Gastrophilidae түқымдасының Gastrophilus туысына жататын бөгелек балаң құрттары туғызатын энтомоз ауруы. Індет ауру малдың ас қорыту процесі бүзылуымен, жануарлардың бірте-бірте арықтауымен, гастритке, гастроэнтеритке шалдығуымен сипатталады.
Жылқы арасында гастерофилез барлық табиғи аймақтарда кең таралған және жылқы щаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.
А.В. Решетниковтің (1988) мәліметтері бойынша Якутияда бұл аурудың салдарынан бір басқа келетін экономикалық зиян 30,0 - 44,2 рубльді құрайды [1]. Жылқы гастерофилезі Беларусияда, Ресейде, Орта Азия Республикаларында (Өзбекстан, Қырғызстан), Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарында жан-жақты зерттелген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған [1,2,3,4,5].
Қазақстанда ертеректе жылқы гастерофилезі оңтүстік-шығыс аймақтарында зерттеп тауып [6], одан соңғы жылдары жылқының бұл ауруына көңіл бөлінбеді. Тек соңғы жылдары Республиканың солтүстік аймақтары мен шығысында гастерофилезге көңіл бөліне бастады [7,8].
Зерттеу нысандары және әдістері. СҚО облысы Тайыншы ауданындағы «Алабота» ЖШС асыл тұқымды зауытында 7 бас жылқы К.И Скрябиннің толық емес гельминтологиялық зерттеу (ТЕГЗ) тәсілімен тексерілді. Олардың инвазия экстенсивтілігі мен интенсивтілігін анықталды.
Онымен қоса 30 бас жылқыларын Animec және Eqvalan duo паста тектес антгельминтиктерімен ауыздан беру арқылы дегельминтизацияланды. Дәрілегеннен кейін жылқылардың нәжістерімен 4-ден 32 данаға дейін гастерофиллалар мен бірге 18 дана оксируоз да шықты. К.И. Скрябиннің толық емес гельминтологиялық зерттеу тәсілімен 7 бас жылқы қарнынан және тік ішегінен жиналып алынған гастерофелла тоғышарлары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ветеринариялық медицина кафедрасының паразитология зертханасында қай түрге жататындығы ажыратылды .
Зерттеу нәтижелері. Жиналған дернәсілдерді тексеру нәтижесінде «Алабота» ЖШС асыл тұқымды зауыты далалы аймағында және Тайыншы орманды алқабы ауданыныда бөгелектердің 4 түрі таралғандығы анықталды. Олар: Gastrophilus veterinus - он екі елі ішек бөгелегі, Gastrophilus intestinalis - үлкен қарын бөгелегі, Gastrophilus nigricornis - қара мұртты бөгелегі, Gasrtophilus pecorum - шөп бөгелегі. Түрлердің дұрыс анықталғандығын профессор Б.Қ. Ибраев тексеріп, растады.
1-кесте – «Алабота» ЖШС асыл тұқымды зауыты және Тайыншы ауданы бойынша жылқы бөгелектерімен зақымдану деңгейі
Жылқылардың жас бойынша топтары | Саны | Зақымдалуы | |||
«Алабота» ЖШС | Тайыншы ауданы | ||||
ИЭ, % | ИИ, (саны) | ИЭ, % | ИИ, (саны) | ||
1жастағы (жабағы) | 4/3 | 82,4 % | 42-129 | 79,4 % | 32-106 |
2 жастағы (тай) | 3/3 | 65,2 % | 77-158 | 84,4 % | 54-80 |
3-4 жастағы (құнан, байтал) | 6/4 | 84,5 % | 43-167 | 89,1 % | 59-108 |
5 жастан аса | 2/5 | 88,7 % | 51-162 | 91,8 % | 62-112 |
Барлығы: | 15/15 | 80,2 % | 53.25 – 154 | 86,17 % | 51,75-101,5 |
Кестеге назар аударсақ Тайыншы ауданының орманды-далалық аймағында «Алабота» ЖШС орманды-далалы аймағымен салыстырғанда гастерофилез жылқыда кең таралған ауру деп есептеуге болады. Жылқы қарын бөгелектері дернәсілдерімен зақымдану экстенсивтігі Тайыншы ауданы бойынша 86,17 %, ал «Алабота» ЖШС бойынша 80,2 % құрады. Демек екінің арасында зақымдану интенсивтілігінің айырымы 5,97 % тең (1 кесте).
...