Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеу

Автор:   •  Май 27, 2021  •  Курсовая работа  •  24,686 Слов (99 Страниц)  •  701 Просмотры

Страница 1 из 99

Данияр Ахметжан

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеу


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................... 

1

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1

Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және оның экономикадағы орны.............................................................................................................                                                                              

1.2

Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан  қолдау  саясаты........................................................................................................

1.3

Шет мемлекеттердегі шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері және оларды отандық тәжірибеде ..................................                      

2

ҚР ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1

Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу механизмі..................................

2.2

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының  несиелік қабілетіне талдау

........................................................................................................................                              

2.3

Шағын және орта бизнестегі инновациялық бизнес және оның  тиімділігі..................................................................................................

3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................


КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның алғашқы құрылған күндерінен бастап нарықтық қатынастардың негізгі бағыты ретінде шағын және орта бизнеске үлкен көңіл бөлінді, тіпті мемлекеттің экономикалық саясаты шағын кәсіпкерлікке құқықтық тұрғыдан да үлкен мән берді. Алайда, Қазақстанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бұл сектор, өндірісі дамыған Батыс Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегідей ЖІӨ-ді құрайтын негізгі сала ретінде әлі де дамыған жоқ, бірақта шағын кәсіпкерлік біздің елде өте қарқынды белең алуда.

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі - банктік несие болып табылады. Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.

Мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдау бірнеше Үкіметтік бағдарламалар аясында өз орнын тапты. Жоғарыда айтылған бағдарламаларға анализ жасай келе, олардың көбісі шағын кәсіпкерліктің көлемін жалпы экономикада арттыруға бағытталған, әсіресе өндірісте, ақпарпттық қамтамассыз ету системасында, сонымен қатар қаржылық-несиелік және инвестициялық саясатты, құқықтық-нормативтік базаны жетілдіруге байланысты жүргізілді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артуы отандық нарықта бәсекелестікті арттырады. Сонымен бірге құрылып отырған шағын кәсіпорындар жұмыссыз жүрген халыққа жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартады. Алайда, шағын кәсіпкерліктің оң тұстарын айта келе, осы саланың өзіндік проблемалары бар екенін ұмытпау керек. Сондай проблемалардың бірі ол кәсіпті бастауға керек қаржы көзін табу.

...

Скачать:   txt (318.8 Kb)   pdf (557.8 Kb)   docx (118 Kb)  
Продолжить читать еще 98 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club