Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аз қуатты жел электростанцияларын шағын және орта бизнесте қолдану

Автор:   •  Апрель 9, 2019  •  Доклад  •  694 Слов (3 Страниц)  •  768 Просмотры

Страница 1 из 3

1. «Аз қуатты жел электростанцияларын  шағын және орта бизнесте қолдану»

2. Зерттеу жұмысының мақсаты:Нарықта электроэнергияның бағасын төмендету мен электро жабдықтаудың дербес жүйесін енгізу, «Жасыл экономикаға» қолдау көрсету.

      Зерттелу әдістері: Буктуковтың ЖЭС әдістерін негізге ала отырып,аналитикалық және тәжірибелі әдістерді, ақпараттың имитациялық үлгісін, анализ жүйесінің математикалық теориядағы көрсеткішін қолдана отырып зерттеу жұмысын атқардық.

      Тақырып өзектілігі: Қоршаған ортаға көп зиянын тигізетін энергия көздерін , табиғатқа зияны жоқ альтернативті энергия көздеріне алмастыру, қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

3. Жобаның қоғамдық маңыздылығын айқындау мақсатында Елбасы  Н.Ә.Назарбаетың сөзіне тоқталғым келеді. «Жасыл» энергетикаға көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл ғаламдық экономиканың дамушы векторы. Қазақстан көмірсутектерді қоса алғанда, біздің жер қойнауымызда орасан зор табиғи байлықтардың болуына қарамастан, жаңартылатын энергия көздерін белсенді түрде дамыту ниетінде. Біздің «2050-Стратегиямызда» сондай міндеттер қойылды.Яғни ,біз жаңашылдық енгізуімен қажет.

4. Бүгінгі таңда жел энергиясы балама энергия көздерінің арасында алдыңғы қатарда, бірақ дәстүрлі энерго тасымалдаушылармен бәсекеге түсетіндей, әзірше, мықты емес. Бұған қоса, ақпараттың жетіспеушілігі және қоғамның экологиялық жарқын болашақты ойлағысы келмейтіндігі білінеді. Қазақстанды Жел энергиясын қолдану жағынан салыстыратын болсақ, басқа мемлекеттер ерекше белсенділікпен дамытуда, атап айтқанда Дания жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді; Португалия — 23%; Германия — 8%. Ал Қазақстанда — 0,5%.

5. (карта)  Бұл слайдта Қазақстан жел энергиясының картасы берілген. Сарапшылардың айтуынша, жел электр энергетикасын дамыту 6 м/с орташа жел жылдамдығында жүзеге асырыла алады. Қазақстанның жел атласына сәйкес , тұрғылықты 7-8 м/с жел ауқымында, ШҚО  жел әлеуеті бойыншы «жоғарғы»  болып табылады. Осыдан-ақ қазақстандық балама энергия көздерінің, атап айтқанда жел энергиясының әлеуеті үлкен, инвестициялық сыйымдылығы мен тартымдылығы жоғары екендігін байқауға болады.

6. Келешекте  облысымызда екі жел энергия станциясы салынуда жоспарлануда:

1.        Ұлан ауданының Тайынты ауылындағы Умыш асарында.  Онда әрқайсысының қуаттылығы 1,5 МВт болатын 16 желгенераторларын құру көзделген.

2.        Жарма ауданының Жангизтөбе ауылында.  жоба қуаттылығы 51 МВт.

          Бұл жоспар бойынша аталған аудандарда суреттегідей ауқымды, әрі қымбат Жел ЭС салыну жоспарлануда, ал кейбіреуінде жоспар жүзеге асырылып жатыр. Ал біз ол қымбат Жел ЭС-ның орнына , өзіндік құны орта және шағын бизнесте тиімді Буктуков Жел ЭС-ын ұсынбақпыз.

7.Бұл суретте біз негізге  алып отырған Буктуков Жел ЭС көрсетілген, оның тиімді жақтарын айып өтсем:

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (89.8 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club