Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Іш қуысының хирургиялық ауруларымен жарақаттары

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Реферат  •  5,195 Слов (21 Страниц)  •  480 Просмотры

Страница 1 из 21

Тақырып: Іш қуысының хирургиялық ауруларымен жарақаттары.

Сонымен, іш қуысы мүшелердің ауруларында ауырғандық және диспепсиялық синдромдарды анықтау өте маңызды.

Ауырғандықтың сипаттамасы келесі белгілермен жүргізледі:орналасуы, таралуы, үнемділігі, күштілігі.

Ауырғандықтың орналасуын бір немесе бірнеше топографиялық аймақтармен өткізіледі.

Ауырғандықтың таралуы(иррадиация) жоғарға,төменге, белбеуше, немесе мүше атаулары бойынша көрсетіледі.

Ауырғандық ұстамалы немесе үнемі ауырғандығымен сипатталады.      

Ауырғандықтың күштілігі шыдамды, қатты және өте қатты түрлері бойынша сипатталады.

              Ауырғандық белгісін жан-жақты зерттегеннен кейін ауыру мүшені болжауға болады.

              Диспепсиялық синдромның зерттеуі құсық,лоқсу,кекірік, тәбеттің нашарлауы,іштің өтуі,іштін қатуы,құсық пен нәжісте патологиялық қоспалардың табылуынан құралады. Құсық пен іштің өтуінің жиілігі мен мөлшері манызды ақпарат береді. Құсық жеңілдікті қысқа уақытқа немесе әкелмеуі мүмкін.Осы және т.б. клиникалық сипаттар кешенді түрінде ауыруды болжауға мүмкіншілік туғызады.

              Хирургиялық ауруларында анықталатын негізгі іш-қуысы симптомдарды анамнездық,визуалдық, перкуторлық, пальпаторлық және аускултативтық түрлерге бөлуге болады.

              Анамнездық симптомдарға аурулардың зерттеуге дейінгі шағымдары жатады.Мысалы:бастапқы кезеңде ауырғандық эпигастрий тұсында орналасып,содан соң, оң жақ мықың тұсына ауысады(жедел аппендицитте кездесетін Кохер симптомы).т.б..

             Визуалды симптомдарға іштін кебуі немесе қабысуы, әлсіз аймақтардың томпаюы, іш қабырғасының тыныс алуға қатысуы немесе қатыспауы, операциядан кейінгі тыртықтардың болуы және іш түсының ассиметриясы жатады.

             Перкуторлы симптомдар: бауыр тұсының тынық дыбысы(бауыр шекарасының үлкеюі немесе кішіреюі) іш тұсының ылди аймақтарында тынық дыбысының болуы немесе кеңге таралған тимпанды дыбыстың табылуы, сонымен бірге, ең қатты перкуторлық ауырсынудың  орналасуы.        

             Жедел хирургиялық ауруларда кездесетің пальпаторлы сиптомдардың ең негізгісі Щеткин-Блюмберг симптомы болып есептеледі. Симптомды анықтау әдісінде іш қабырғасын саусақтармен басып тұрып тез арада қолды іш қабырғасынан үзген кезде іштегі ауырғандық күшейеді. Бұл қабынған іш пердесінің сілкініп кетуіне байланысты. Осы симптом арнайы бір ғана ауруға тән емес, бұл түрлі жедел хирургиялық аурулардың салдарынан іш пердесінің қабынып тұрғанын көрсетеді. Сондықтан диагнозды болжауға Щеткин-Блюмберг симптомның анықталған аймағы маңызды.

             Аускультациялық симптомдарында ішек перистальтикасы естілу-естілмеуі өте маңызды.

             Қосымша зерттеу әдістеріне жалпы клиникалық қан мен несеп анализдері(анемия, лейкоцитоз, гематурия), қанның биохимиялық анализі(билирубин, диастаза,креатинин мөлшелері). Диагнозды дәлелдеу үшін аспаптық зертеулер кең қолданылады: рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық,т.б.. Кейбір жағдайларда диагнозды қою үшін лапароцентез немесе диагностикалық лапаротомия операцияны өткізуге мәжбүрлік туады. Лапароцентез –іш қуысын троакар мен тесіп троакардың түтігінен іш қуысына полимерлік үзын түтік енгізіп сол арқылы 1000мл. физиологиялық ерітінді жіберіп, ішті пальпациялап дене қалпын өзгертіп сүйықтықты ағызып шығарады. Шыққан сүйықтықта патологиялық коспалары(қан, нәжіс, несеп, өт,т.б.) болса жарақаттың барын көрсетеді.

...

Скачать:   txt (52.2 Kb)   pdf (201.5 Kb)   docx (21.7 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club