Бұлшықет физиологиясы. Жүктеме кезіндегі бұлшықеттердің жұмысы. Бұлшықет жарақаттары
Автор: Dkzzz • Сентябрь 24, 2020 • Реферат • 1,063 Слов (5 Страниц) • 945 Просмотры
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Биотехнология және микробиология кафедрасы
[pic 1]
БӨЖ
[pic 2]
Тақырыбы: «Бұлшықет физиологиясы. Жүктеме кезіндегі бұлшықеттердің жұмысы. Бұлшықет жарақаттары»
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Нұр-Сұлтан, 2020.
Бұлшық ет
Бұлшық ет - тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі болып саналады. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде, яғни оның жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене бір орыннан екінші орынға ауысса оны динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда және дене қозғалыссыз қалса – оны статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттер: біріңғай салалы, көлденең жолақты (қаңқа) және жүрек бұлшық етінен тұрады.
Біріңғай салалы еттер - ішкі мүшелердегі тамырлардың және терінің құрамында кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады.
Бірыңғай салалы ет ұлпасының құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады. Еттің жиырылуы осы актин және миозин филаменттің сырғанауына байланысты. Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты болып келеді, ол адамның еркіне байланысты денені қозғап жүргізеді, теңдікті сақтауға қатысады және т.б. қимыл қозғалыстары осы ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет қызметіне байланысты. Сонымен бұлар бірыңғай салалы ет ұлпасынан айырмашылығы - ерікті жиырыла алуы. Әрбір бұлшық ет талшықтарын жүйке ұштығы қамтиды. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин белогына бай. Миоглобин гемоглобинге ұқсап оттегін байланыстырады. Бұлшық ет талшығының пішініне және саркоплазмалық миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау және аралық бұлшық ет талшықтары болады. Саркопазмасы көп талшықтар қызарып баяу жиырылады, ал саркоплазмасы аздарының ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды. Бірыңғай салалы бұлшық еттер баяу жиырылса да өте күшті жиырылады және барлық бұлшық еттерді жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.
Бұлшық еттердің құрылысы.
Қаңқа бұлшық еттері жұп және тақ болып сүйектерге жабысып, бірнеше қабат болып жатады. Әрбір бұлшық еттің ортасын - денесі, ал екі шетін - сіңірі дейді. Бұлшық ет құрамының 75-і су және 25-і тығыз заттан (белок, май, көмірсу, тұздардан) тұрады. Бұлшық ет майда миофибриялардан (ет талшықтары ) түзілген. Олар ядродан және сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қапшықшасы болады. Миофибриялар бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер ұлпасынан тұратын кілегей қабықшасымен қапталған.
Қаңқа еттері мүше ретінде көлденең-жолақты ет талшықтары бірігіп, дәнекер ұлпа қабықшасымен қапталған, оны - эндомизия дейді. Егер олардың бірнешесі бірігіп жуандау будалар құраса, оларды онда - перимизия дейді, ал жалпы бұлшық ет тығыз қабықшамен қапталса - эпимизия немесе фасция дейді. Бұлшық еттердің түсі оның жұмысына қарай қызыл және боз ( ақшыл-қызғылт) болады. Егер бұлшық ет көп қызмет ететін болса қанның көп келу нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе ашықтау келеді. Бұлшық еттің түсі жасқа қарай өзгереді. Мысалы: жаңа туған нәрестеде ашық қызыл болады. Өйткені ересек болған сайын, қимылдау жұмысының артуы мен күрделенуіне байланысты қызыл бола бастайды. Бұлшық еттер негізінде сіңір арқылы сүйекке жабысады бірақ кейбір бұлшық еттер екінші ұшымен теріге, бұлшық етке, шеміршекке бекуі мүмкін.
...