Бас ми жарақаты
Автор: 250998 • Апрель 21, 2018 • Реферат • 457 Слов (2 Страниц) • 1,920 Просмотры
Жоспар:
- Кіріспе
Бас ми жарақаты
- Негізгі бөлім
а) Жіктемесі
б) Диагностика критерийлері
- Қорытынды
Емдеу шаралары
Бас ми жарақаты – бастың зақымдалуы кезінде дамитын симптомокомплекс. Жабық бас ми жарақаты бас терісінің бүтіндігінің бұзылмағандығымен, геморрагиялық сұйықтықтың жоқтығымен, яғни мұрын, құлақ жолдарынан геморрагиялық сұйықтық ағуы болмауымен ерекшеленеді. Жоғарыда келтірілген белгілерінің біреуі болса, көрінсе - бас ми жарақатын ашық деу керек.
Жіктемесі - клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты:
• 1 дəрежесі (төменгі немесе аз қауіп ) – аздаған бас ауырулары немесе болмауы, жүрек айну жəне қысқа уақытқа құсулар, есін жоғалтумен жалғасады( секундтар) баста соғылу белгілері болуы мүмкін.
• 2 дəрежесі (орташа қауіп ) – есін жоғалту 1 минуттан ұзақ, үдемелі бастың ауыруы, ұйқышылдық, 3 реттен артық құсу, бас айналу, аз уақыттық еске сақтау қабілетінің
жоғалуы болуы мүмкін. Бас сүйегінің сыну белгілері, бет қаңқасы сүйектерінің зақымдалу белгілері, көптеген жарақаттар болуы мүмкін.
• 3 дəрежесі – неврологиялық белгілері, бастың енген жарақаттары.
Диагностика критерилері
Оқиға орнында жағдайды бағалау, травматогенезді бағалау, жəбірленушіні тыңғылықты тексеру. Қолда бар белгілердің негізінде бас ми жарақатының ауырлығын бағалау.
Мынадай белгілердің болуы айқын байқалады:
- бас ауыру;
- есінің бұзылуы мүмкін;
- бас айналу;
- ұйқышылдық;
- əлсіздік;
- жүрек айну;
- құсу;
- ес жоғалту;
- тұрақты немесе қысқа уақыттық амнезия.
Бастың шашты бөлігінде жырылулар, гематомалар, жарақаттар. Бір немесе екі жақтық параорбиталдық гематомалар («көзілдірік»). Бір немесе екі жақтық құлақ тесіктерден, мұрын жолдарынан қанды бөлінулер.
Психоэмоционалдық қозу. Тырысу ұстамалары, тырысу ұстамасына дайындық. Анизокория жəне нистагм. Рефлекстердің ассимметриясы. Тыныстың тереңдігі мен реттілігінің бұзылуы, апноэ.
Төменгі жақтың салбырауы, құсу, құсық массасының аспирациясы, жөтел. Гипертензия, брадикардия. Қан айналымның декомпенсациясы, гипотензия. Тахи (бради)-кардия.
...