Атыс және мина жарылғыш жарақаттары. Соғыста қан кету және қан құю
Автор: tvenoc • Апрель 10, 2023 • Реферат • 3,174 Слов (13 Страниц) • 554 Просмотры
Реферат
Тақырып:
«Атыс және мина жарылғыш жарақаттары. Соғыста қан кету және қан құю.»
Дайындаған: Булат Дияр
ОҚ ТИГЕН ЖАРАҚАТТАР МЕН МИНАЛЫҚ-ЖАРЫЛҒЫШ ЖАРАҚАТТАРДАҒЫ ҚАНСЫРАУ МЕН ҚАН ЖОҒАЛТУЛАР
Тіндердің механикалық зақымдалуы көбінесе қантамырлардың зақымдануы және қан кетумен жүреді - тіндерге, ағза қуысына, сыртқы ортаға тамырлардан қанның шығуы. Қан кету - соғыста жарақаттанғандардың өлімінің негізгі себебі.
Ұлы Отан соғысы кезінде соғыс алаңында қан кетуден жарақаттанғандардың 37,2%; қаза тапты, 21,99 % - «шартты өлім зақымынан» (В.М. Беленький, 1995ж). Ауғанстанда соғыс алаңында өлім себебінің 42,3% қан кету болса, Шешенстан Республикасында - 44,79%.
Жарақаттанғандардың қан кетуден өлімі болмас шарасыздық болып санала ма? «Қан кетуден болған өлім өте жаман және ең қиыны - дәрігердің өлімнің алдын алуға болатынын білу уайымы» (Н.Н. Бурденко).
Соғыс медицинасының тарихы қан кетулерді қолайлы тоқтату жолдарын іздеумен тікелей байланысты. Тарихи құжаттар қан кетуді суықпен, қыздырылған темірмен, қатты қысып тоқтатуларды сипаттаған. Русьта қан тоқтату үшін таңғыш қолданған. Зақымдалған тамырды байлау әдісін ХVІ ғасырда белгілі француз хирургі Амбруаз Паре енгізген, ол қазіргі күнге дейін қолданылады.
Тамырлар хирургиясына үлкен үлесін Н.И. Пирогов қосқан, ол тамырлардың зақымдалу клиникасын және асқыныстарын сипаттап, өздігінен қан тоқтату механизмін түсіндірген.
Тамырлар хирургиясын қалыптастырған хирургтар - П.А. Герцен, Н.А. Богораз, К.М. Сапешко, Б.В. Петровский «Тамырлар жарақатының хирургиялық емі» (1949 ж) монографиясы қазіргі күні де маңызды болып саналады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде күре қантамырлардың зақымдалу жиілігі - 0,3-1,5%. Ұлы Отан соғысы кезінде Б.В. Петровский мәліметі бойынша 0,5-1%, Ю.Г. Шапошников - 2,4%. Келесі жылдары оқпен атылатын қарулардың ауырлығына байланысты қантамырлардың зақымдалу жиілігі жоғарлайды: Ауғанстан -3%, Шешенстан Республикасы (1999-2000 жж.) - 2,5-3,5%. (Сонымен бірге тамыр қабырғасының зақымдануы кеңейген, артериялармен қатар нерв, сүйек зақымдалып, өлім-жітім мен мүгедектік жоғарылаған.
13.1. Тамыр зақымдануларының жіктемесі
Тамырлар зақымдануының жабық және ашық түрлерін ажыратады.
Жабық зақымданулар ұру, басу, қантамырдың созылуы, тамырдың ашық қабатының жыртылуы, толық және толық емес жыртылуы, қысылу, коллатеральды тарамның үзілуі, сүйек сынықтарының тамыр қабырғаларын түйреп тесуі, спазм, контузияларда дамиды.
Тамырлардың ашық жарақаттануы
Атыс қаруынан емес ашық зақымданулар -түйрелген, кесілген, шабылған, ұрылған, мылжаланған, тістелген.
Атыс қаруынан болған зақымданулар: оқжарақат, шыны, мерген элементтері, шарикті, миналық-жарылғыштық.
Зақымдалған тамыр түріне:
- артерия;
- вена;
- артерия және вена.
Зақымдану сипаты:
- шайқалу, спазммен айқын соғылу;
- толық көлденең жыртылу;
- толық емес көлденең жыртылу;
- бүйір жарақаттар;
- интиманың зақымдануынсыз.
Клиникалық көрінісіне:
- біріншілік қан кетусіз және пульсирлеуші гематома;
- біріншілік қан кету;
- пульсирлеуші гематома түзілумен.
Қантамырлардың зақымдану нәтижесі болуы мүмкін:
- қан кету-тінге, қуысқа немесе сыртқы ортаға қан ағу;
- қан құйылу - тіннің қанмен диффузды тығыздалуы;
- гематома - қуыс түзілумен шектелген қан жиналған тін.
Жарақаттан кейін қан кету күніне:
Біріншілік - жарақат кезінде немесе сол уақытта дамиды.
Екіншілік - біріншілік қан кету өзі тоқтағаннан кейін немесе тоқтатылғаннан кейін дамиды.
Ерте екіншілік жарақаттанғаннан кейін 2-5 тәуліктен кейін, ең алдымен Тамыр кеңістігінен бекітілен тромбтың қанның қысымымен атқып шығуына байланысты, әсіресе өте дөрекі тасымалдау кезінде, иммобилизацияның жетімсіздігінен, жарадағы абайсыз қимылдар кезінде пайда болады.
...