Хирургиялық инфекциясың алдын алу. Асептика және антисетика
Автор: Кәусар Кенесарина • Январь 18, 2018 • Доклад • 2,124 Слов (9 Страниц) • 4,161 Просмотры
Тақырыбы: Хирургиялық инфекциясың алдын алу.
Асептика және антисетика.
Алдымен хирургиялық инфекцияның негіздерімен танысайық.
Түсінігіне келетін болсақ - хирургиялық инфекция дегеніміз ағзаға немесе жараға микробтардың енуінен дамитын, көбінесе ірінді қабыну түрінде өтетін, және хирургиялық емді талап ететін, патологиялық процесс. Дегенімен,кейбір хирургиялық инфекцияға жататың аурулар ерекше қабыну түрінде өтеді(сүйек-буын туберкулезы,үшлік мерез,сібір жарасы,т.б.).
Хирургиялық инфекцияны басқа түрлі инфекциялық процесстерден ерекше көрсету үшін оның(хирургиялық инфекцияның) даму жағдайың анықтайық. Біріншіден,қандай болсада, инфекциялық процесс даму үшін микробтық фактор болуы керек. Бұл фактор қоршаған ортада жеткілікті түрінде бар екені мәлім.
Екіншіден, инфекциялық процесс күш алып кетуі макроорганизімның(адам ағзасы) иммундық жағдайынада байланысты. Иммундық статусы төмен адамдар түрлі инфекциялық процесске бейім болады.
Үшіншіден Микробтардың ағзаға(жараға) енетін жолдары табылуы кажет. Осыған келетін болсақ инфекциялардың басқа түрлеріне (тыныс жолдары инфекциясы, ішек инфекциясы) салыстырғанда хирургиялық инфекцияның енетін жолы ерекше – бұл үлпаның жарақаты. Зақымдалған ұлпалар, соның ішінде тері жамылғысы хирургиялық инфекцияда ен негізгі енетін жолы болып табылады.Себебі зақымдалған ұлпа қорғаныс қызметін жоғалтады. Ал, басқа инфекциялық процестерде, енетін жолдары, айтарлықтай үлпалардың зақымдалуыменен сипатта алмаймыз.
Сонымен, хирургиялық инфекцияның енетін жолы ұлпалардың жарақаты деп табылды. Түрлі ашық жарақаттар (кейде жабық жарақаттарда) хирургиялық инфекцияның қоздырғыштарының енуіне жағдай туғзады. Орындалатың түрлі хирургиялық операцияларда үлпалардың зақымдалуымен өтетіні анық. Сондықтан хирургиялық операцияларды және түрлі инвазивты манипуляциялар қатаң залалсыз (стерилді,асептикалық) ортада орындалуы қажет.
Енді, хирургиялық инфекцияның қоздырғыштарна тоқталып кетейік.
Қазіргі кезенде 30 шақты аэробты және анаэробты бактериялар, 9 түрлі саңырауқұлақтар және 8 түрлі вирустар ірінді хирургиялық ауруларның себептері болып табылды. Ауыр түрінде өтетін ауруларды және асқынуларды дамытатын қабықдамытқыш (спорообразующие) бактериялар мен вирустар қауптілік жағынан өте маңызды. Себебі қабықдамытқыш микроорганизмдер түрлі көрсетлетін әсерлерге түрақты болып келеді. Сондықтан оларды жою үшін арнайы залалсыздандыру әдістері қажет.
Ірінді-қабыну процестердін жиі кездесетін себептері стафилококктар, стрептококктар, протейлер, көкірін және ішек таяқшалары. Барлық қоздырғыштардың биологиялық қасиеттері келесі белгілерімен сипатталады:
-өзгерулігіне байланысты, өмір сүру ортасына беймделу қабілеттігінін биіктігі,
-макроорганизмге енуін женілдететін түрлі белсендігі бар экзотоксиндерді
өндіру,
-патогендігі – микробтардың ағзада ірінді процестерді дамыту қабілеттігі.
Жоғарда айтылып кеткендей, инфекциялық процесс даму үшін макроорганизмнін микробтарға түрақтылығыда жауапты. Сондай-ақ адамнын иммунитеті төмен болса және белгілі бір микроорганизмге сезімталдығы биік немесе бұзылған болса инфекциялық процестін дамуына ынғайлы жағдай болып табылады.
Хирургиялық инфекцияның ену жолдарына келетін болсақ келесі түрлерне тоқталып кетейік. Жанасу жолы, ауа-тамшылы,имплантациялық және гематогенді, лимфогенді жолдар.Аталып кеткен ену жолдарын жою үшін асептика шаралар кешені орындалады.
Асептика
Асептика-ағзаға немесе жараға инфекцияның түсүін алдын алу үшін бағыттылған кешендіқ шаралар.Асептиканың негізгі шараларың екі топқа бөлуге болады:стерилизация(залалсыздаңдыру) және дезинфекция (зарарсыздаңдыру).
Залалсыздаңдыру- физиқалық немесе химиялық факторларының әсерімен, ағзамен жанасатын заттарды микробтардан түгел арылту.
...