Жарақаттар
Автор: karton228 • Сентябрь 6, 2020 • Практическая работа • 2,121 Слов (9 Страниц) • 858 Просмотры
Тәжірибелік сабақ №8
Тақырыбы: Жарақаттар.
Жарақат (грек. τραῦμα - жара) - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.б.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат — көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Күтімсіздіктен пайда болған жарақат. Катты еден, тұяктың катты ылғалдануы тұяктың мүйізін жұмсартады. Піштірілмеген егіздердің кұлауынан, кұнарсыз күтіп-бағудан, шошкалардың тістесулерінен жаракаттар пайда болады.
Сактандыру. Тайғанак жерлерге ағаш ұнтактарын төсейді. Кораларды уактылы нәжістен тазартып, еденнін, жем астауларының дұрыстығына көңіл аударады.
Пайдалану кезіндегі (эксплуатациялық) жаракаттану. Спорттык жарақаттар (иттер, аттар), сиырларды машинамен сауу (вакуумды көтерген кезде), койды кырку (тілінген, кұлаған кезде) және малды тасымалдау кезіндегі жарақаттар, сонымен қатар азыктан жарақаттанулар болады.
Сактандыру. Жұмыс күнінің режимін сактау, жұмыс аттарын дұрыс пайдалану, сиырларды саууға арнайы күтушіні үйрету, жану- арларды айдау кездерінде тұяктарын тазалау сактық шараларының бірі болып табылады. Сонымен катар жеп-шөптің ластануын болдырмау үшін, оларды таратуға арнайы көлікті пайдаланған жөн болады.
Соғып алу - тері кабаттарының тұтастығын бұзбай жұмсак ұлпаның механикалык зақымдануымен, үшкір емес заттарға соғылуынан пайда болады. Бірінші сатылы соғып алуға жекеше талшыктардың созылуы немесе кысылып қалуы және майда қан тамырларының (капиллярлардың) жыртылуы (қан кұйылу) жата- ды; 2-ші сатылы - ірі тері асты тамырларынынтұтастығы бұзылады және кан (қанды ісік) немесе лимфа (лимфа-экстровазат) шел торшасына кұйылады; 3-ші сатылы - терінің шектелген бөлігі және шел торшасы жансызданады; 4-ші сатылы - ұлпа ұлғайып жұмсарады.
Клиникасы: 1 сатыда - сырып кету, 2 сатыда - ісіну, алғашкыда ыстык, содан кейін суык (10 күн бойы) байқалады, 3 сатыда - зақымданған бөлік ауырғанды сезінбейді, кимылдау кабілеттілігі саябырлап жойылады.
Емі. Теріні йод тұнбасымен дезинфекциялайды, жерғілікті жерге суык басып катты байлап таңады, ал 3-4-ші сатылар бары- сында антибиотик-новокаин косындысын зақымданған бөліктін айналасына енгізеді, канды ісікке ихтиол майын жағады. Қуысқа 1% формалинді спирт ерітіндісін салады.
Созылу және ұлпаның (тканьдердіқ) жыртылуы жануарларда жиі кездесетін жаракаттарға жатады. Бірінші жағдайда ұлпаның гистологиялык кұрылысы бұзылады, екінші жағдайда - оның анатомиялык біртұтастығы бұзылады. Буын сіңірі, тарамыс (сухо- жилия), қан тамырлары, жүйкелердін созылуы және ұлпалардың жыртылуы мүмкін. Жыртылу (үзілу) толык және жартылай бо- лады.
Этиологиясы. Зақымдану ауыржұмыскезінде, секірген, кұлаған, сүрінген, қысып алған, соғып алған кездерде жұмсак ұлпаның физиологиялык майысқыштығынан тазарту күші басым болған жағдайда пайда болуы мумкін. Ауруға арықтык, серуендердің, жаттығудың жоктығы, және т.б. ыкпалын тигізеді.
Белгілері. Жарақат пайда болған жерде жіті асептикалык кабыну (кыздырады, жергілікті қызады, ұлпа ісінеді, ауырсына- ды, кызметі өзгереді) дамиды. Толык жыртылған кезде кабыну реакциясына дейін, сипау аркылы ұлпалардың ашылып кеткен ұштарының арасындағы тереңдікті байкауға болады.
Болжау. Күрделі еттер, сіңір, тарамыс, жүйкелер толык жыртылған ауру малдарды жарамсыз деп санайды.
Емі. Жануарға тыныштык береді. Созылған және жартылай жыртылған кездерде жергілікті салқындататын, ал сосын жы- лытатын процедураларды колданады. Толык жыртылғандарды операциялық жолмен (жыртылған ұштарын тігеді, гипс немесе шиндік байлау салынады) жүргізеді.
Ашық механикалық зақымдану
Жара - ұлпалардын сырткы қабатының (терінін, шырышты, кілегей қабыкшалардың) тұтастығы механикалық жолдармен закымдалуы. Жарадан сырып кеткенді (эпидермистің ошактык закымдануы) және тырнап кеткенді (эпидермистің бір бағыттағы закымдануы) ажырата білу керек.
...