Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың есебі

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Курсовая работа  •  8,013 Слов (33 Страниц)  •  1,743 Просмотры

Страница 1 из 33

Мазмұны

Кіріспе

1 Капиталдың  экономикалық сипаттамасы  мен оның есебінің міндеттері.

        1.1 Меншікті  капитал –экономикалық ресурстардың  қалыптасу көзі................5

        1.2 Капитал туралы түсінік және олардың түрлері...................................................7

2 Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың есебі.

        2.1 Резервтік капитал мен эмиссиялық кірістің есебі.............................................18

        2.2 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі.......................................................20

3 Есеп бөлімі

          Қорытынды........................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................26

Кіріспе

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Капиталдың есебін халықаралық стандарттарға сәйкес есептіліктерде көрсетілуін,аудиттік талдау және анықтау, сонымен қатар қорытынды беру. Негізгі мақсатыма  жету үшін курстық жұмысымның алдына келесідей міндеттер қойылады:

-        Капиталды экономикалық жағынан ашып көрсету, құрылымын, талдануын және пайдалануын қарастыру.

-        Қаржы есептемесі халықаралық стандарттарының қолданылуын сипаттау.

-        Жалпы капиталды аудиторлық тексеру және қорытындылау

Зерттеудің объектісі: Кәсіпорынның капитал есебі  мен аудитінің халықаралық стандарттарға сәйкес есептіліктерде көрсетілуі.

Зерттеу пәні: Капитал, сонымен қатар оның түрлері мен құрылымы, пайдалануы және оны аудиттау.

Капитал – қаржылық менеджменттің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.

          Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін слаған А. Смит пен Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самульсон мен У. Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы.

Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса.

Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі  кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.

...

Скачать:   txt (117 Kb)   pdf (195 Kb)   docx (44.6 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club