Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Консервілердің жаңа түрлері.Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын гигиеналық талаптар

Автор:   •  Октябрь 11, 2022  •  Реферат  •  2,696 Слов (11 Страниц)  •  270 Просмотры

Страница 1 из 11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ  


ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ

ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ  ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Консервілердің жаңа түрлері.Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын гигиеналық талаптар»

                                          Орындаған:  6В09102 - «Ветеринарлық санитария»              

                                     мамандығының 4 курс топ студенті

       

                                                  Тексерген:  

                                                                                                      

АЛМАТЫ 2022

Жоспар

I Кіріспе        

     1. Консервілердің шығу тарихы........................................................................3

 II Негізгі бөлім

2.1Консервілер..................................................................................................6

2.2 Консервілердің түрлері..............................................................................6

2.3Консервілердің әдістері.................................................................................7

2.4 Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын гигиеналық талаптар..................................................................................................................9

III Қорытынды.....................................................................................................13

IV Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................14

I Кіріспе

 1 Консервілердің шығу тарихы

Францияда ХVІІІ ғасырдың аяғында тағамды ұзақ уақытқа сақтау қажеттігі пайда болды. 1795 жылы Францияда азық-түлік қорларын ұзақ уақыт сақтау әдісін ойлап табуға конкурс жарияланды. Жеңімпазға қомақты ақшалай сыйлық пен "Адамзаттың қайырымды адамы" атағы берілетін. Бұл байқау көпке созылды. 1810 жылы Николя Аппер дейтін өнертапқыш күш-жігерінің арқасында тағамды ұзақ уақыт сақтаудың әдісін ойлап тапты. 1810 жылы ол өзінің өнертабысы үшін атақ пен 12 мың франкты Наполеон Бонапарттың қолынан алды. Ал алғашқы консервілер тағамға арналған қалайы құты ойлап тапқан ағылшын механигі, өнертапқыш Питер Дюранның арқасында пайда болды. Қазіргі дамыған консерві құтылардан айырмашылығы алғашқы консервілер қолдан жасалды және қақпағы берік, ашуға ыңғайсыз еді. 1826 жылы-ақ Британ империясы консервіні патенттеп алып, өз сарбаздарының алыс жолда жейтін азығы ретінде шығара бастады. Ал Ресейде 1870 жылы алғашқы консерві зауыты салынды. Еуропа тарихындағы Belle Epoque ("алтын дәуір") сөз тіркесі – консервіге қатысты айтылған. Ол ХІХ ғасырдың аяғы мен Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі  бұқтырылған еттің гүлдену кезеңін білдіреді. ХХ ғасырдың басында консерві тағамын дайындау дәстүрге айналды. Соғыс жылдарында консерві зауытына басты тапсырыс берушілер жауынгерлер еді. Мысалы, сол жылдары Санкт-Петербург консерві зауыты  консервінің – бұқтырылған ет, ботқа, бұршақ қосылған ет, бұршақ сорпасы және қуырылған сиыр еті сынды бес түрін өндірді. Оны негізінен әскерилер сатып алатын.

[pic 1]

Қазіргі темір құтыдағы бұқтырылған еттің сақтау мерзімі 2-3 жыл болса, алғашқы өнімдердің жарамдылық уақыты мейлінше ұзақ болған. Мысалы, 1966 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер соғыс кезінен сақтап келе жатқан консервіні ғалымдарға көрсеткен. Ғалымдар бұқтырылған еттің сапасын тексеріп, оны жеуге болатынын айтқан. Демек, алғашқы консервілердің жарамдылық мерзімі 50-60 жыл болған. КСРО-да Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін консервілер де басқа тағамдар сияқты дүкенде табылмайтын тағамға айналды.  Консерві өндіру үкімет тарапынан бақылауға алынып, өнімдерді бірінші кезекте армия мен басқа әскери-өндіріс кешені пайдаланды. Оны сақтау мерзімі 3-6 жыл болғандықтан, жарамдылық мерзімі бітуге таяғанда көпшілікке сатылымға шығарылатын. Консервілер дүкенге қойылғаннан-ақ халық оны талап алып кететін. Бұл өнімді сол уақытта купондар арқылы немесе халық ішіндегі элита топтар үшін арнайы тапсырыстар бойынша алуға болатын. Жалпы, өткен ғасырдың 50-жылдарында үйінде консервіленген тағамы бар отбасы ауқатты болып саналатын. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір кәсіпкерлер армия қоймаларынан бұқтырылған етті алып сата бастады, ал басқалары зауыттар салып жаңа өнімдер шығарды. Стандарттар мен сапаны бақылау көптеген тәсілдермен анықталмағандықтан, қазіргі бұқтырылған еттерді сатып аларда оның жарамдылық мерзімі мен жоғары сұрыпқа, толығымен табиғи құрамға және өнімнің неден дайындалғанына назар аударған жөн.

...

Скачать:   txt (39.4 Kb)   pdf (438.3 Kb)   docx (288.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club