Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы іс жүргізуді жақсарту ерекшеліктері анықтау

Автор:   •  Март 31, 2020  •  Творческая работа  •  578 Слов (3 Страниц)  •  654 Просмотры

Страница 1 из 3

Бағдаулет Әйгерім, 101-топ

  • Семинар сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы іс жүргізуді жақсарту ерекшеліктері анықтау.

       КСРО құрамындағы мемлекеттер үшін Ұлы Отан соғысынан кейін экономиканы қалпына келтіру қажеттілігі 1940-1950 жылдары іске асырыла қоймады. Кеңсені баскару неrізіне деген қызығушылық 1960 ж. басында ғана жанданды, 1960-1980 жж. Іс қағаздарын жүргізу саласында кең заңнамалык база жасалды, құжаттаманың стандарттар жүйесі, Бүкілодақтық жіктеушілер және бірыңғай күжаттама жүйесі кұрылды. РСФСР Министрлер Кенесі «РСФСР-нің мекемелері мен ұйымдары үшін іс қағаздарын жүргізу туралы үлгі нұсқаулықты» бекітті. КСРО Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 25 шілдедегі «КСРО-дағы мұрағат ісін жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қарары шықты. Содан кейін кеңсе жұмысының бірыңғай жүйесін кұру, кеңсе жұмысын біріздендіру қажеттілігі мойындалды. ЕГСД-тің дамуы КСРО-ның Главархивіне жүктелген. 1966 жылы КСРО Главархивіаясында Бүкілодақтық қүжаттама және мұрағат ісі ғылыми-зерттеу институты (ВНИИДАД) кұрылды. Бірыңғай мемлекеттік стандартты әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар бірнеше кезендерде аяқталды:

  • Мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесіне материалдар дайындау (1965);
  •  ВНИИДАД -пен бірлесіп әдістемелік зерттеулер бағдарламасын (1967 ж.) эзірлеy;
  •  Бірыңғай мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелерінің жобасын жасау (1970).

      Жобаны дайындауға: еңбек ғылыми-зерттеу институты, кеңсе техникасы ғылыми-зерттеу институты қатысты. 1973 жылы Бірыңғай мемлекеттік стандарттау жүйесінің (ЕГСД) негізгі ережелері КСРО ғылым және технология жөніндегі мемлекеттік комитетімен мақұлданды және министрліктер, ведомстволар мен ұйымдарға пайдалануға ұсынылды. Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 20-25 маусымдағы қаулысымен қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Мәскеуде инженерлік- техникалық және әкімшілік персоналдың еңбегін механикаландыру жөніндегі Бүкілодактык жиналыс өткізілді. Отырыста бүкілодақтық және республикалык комитеттер мен министрліктердін өкілдері мемлекеттік аппаратта іс қағаздарын ұйымдастыруда жоғары білікті кадрларды даярлау қажеттілігі туралы мәселе көтерді. Жиналыста «Мэскеу мемлекеттік тарихи-мұрағат институтындағы тәрбие жұмысын қайта кұру» тақырыбында институт директоры А.С. Рослова баяндама жасады және «Мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша алғашқы оку жоспары 1960 жылы 30 тамызда РСФСР Жоғары білім министрлігімен макұлданды. Бұл пәндерді оқыту үшін 1960 жылдың 19 кыркүйегінде Жоғары және орта арнаулы білім министрінің бұйрығымен (1960 ж. 15 кыркүйек, Ne 654) және институт директорының бұйрығымен (1960 ж. 17 кыркүйек, No 151) республикада тұңғыш рет кеңестік іс жүргізу кафедрасы құрылды.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (86.9 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club