Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балық шикізаты, түрлері, құрылысы және құрамы. Олардан алынатын тағамдық өнімдердің түрлері (кептірілген, ысталған, қақталған)

Автор:   •  Октябрь 5, 2023  •  Реферат  •  1,197 Слов (5 Страниц)  •  214 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Тағам технологияларЫ» факультеті

«Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасы

«Тамақ өнімдері технологияларының теориялық негіздері» пәні

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Балық шикізаты, түрлері, құрылысы және құрамы. Олардан алынатын тағамдық өнімдердің түрлері (кептірілген, ысталған, қақталған)

                                     Орындағандар: Мырзахметова Гүлден

                                                                                    Нургалиева Раиса

                                                                                    Нұрғазы Қуаныш

                                                                   Тобы: ТММП 21-12

                                                                   Тексерген: Сыздыкова Л.С

                                                   Алматы 2023

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

1. Балық шикізаты туралы түсінік

2.Балықтың түрлері

3.Балықтың құрылысы мен құрамы

4.Балық шикізатынан алынатын тағамдық өнімдер және олардың түрлері(кептірілген, ысталған, қақталған)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

  Балықтар — желбезектерімен тыныс алып, суда тіршілік ететін су жануары. Олар омыртқалы жануарларға жатады.

  Дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. Балықтың тағамдық және биологиялық құндылығы құрамындағы толыққұнды ақуыздармен, жеңіл қортылатын май және маңызды минералдық элементтермен сипатталады. Балық еті тез қортылып, жеңіл сіңіріледі. Балық етінің құрамындағы ақуыздың көлемі 15%-дан 26% аралығында болғанда, бағалы болып есептеледі. Балықтың ақуызында 20 түрлі амин қышқылы болады, оның 8-і (лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин, изолейцин, треонин, фенилаланин) адам ағзасы үшін өте қажетті зат болып есептеледі. Адам ағзасында синтезделмейтін осы амин қышқылдарының кез келген біреуі ағзада жетіспесе, онда денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Балық шикізаты туралы түсінік

  Балық еті 100 г құндылығы 100–200 ккал құрайды. Балық ақуызының 93–98% сіңеді. Балық денесіндегі май бір қалыпсыз таралған, бұл балық түріне оның физиологиялық ерекшелігіне байланысты. Минералдық құрамы әртүрлі. Балық етінде көп мөлшерде фосфор, кальций, калий, натрий, магний, күкірт, хлор бар. Сондай-ақ темір, мыс,кобальт, марганец, мырыш, йод, бром сияқты элементтер табылған. Минералды заттар зат алмасуды қалыптастырады. Теңіз балықтарының көбінде майда еритін А және D дәрумендері бар, ал суда еритін дәрумендердің ішінде В тобы дәрумендері, никотин қышқылы кездеседі. Балық етінде 55–83% су болады. Балық майлы болған сайын, құрамындағы су аз болады. Балықтағы су байланысқан және бос күйде болады. Балық майлы болған сайын, құрамындағы су аз болады. Балықтағы су байланысқан және бос күйінде болады. Мал етіне қарағанда балық еті асқорту бездерінің секрециясына белсенді әсер етеді. Адам кем дегенде міндетті түрде аптасына бір рет тамақтану рационына балық етін қосу керек.

  Балықтың сапасын анықтауда ең бірінші сыртқы көрсеткіштеріне міндетті түрде көңіл аудару керек. Жаңа ауланған сапалы балықтың желбезектері алқызыл түсті, көздерінің мүйізше қабаты және қабыршағы мен көзді қаптап тұрған шырышы мөлдір, құрсақ бөлігі ісінбеген және зақымдаған, қабыршағы денесіне жабысып және барлық бөлігінде жағымсыз иіс болмауы керек.

Балықтың түрлері

Балық атаулары:

Ақкөз – Суы тұщы келетін өзендерінің сағасын мекендейтін тұқы тұқымдас балық.

Аққайран – Кәсіптік маңызы өте жоғары, тұқы тұқымдас балық

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (103.5 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club