Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Буаз малдың организмінде болатын өзгерістер

Автор:   •  Ноябрь 16, 2022  •  Реферат  •  5,255 Слов (22 Страниц)  •  248 Просмотры

Страница 1 из 22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Буаз малдың организмінде болатын өзгерістер»

                      Орындаған:6В09101 - «Ветернариялық медицина»

                                     мамандығының 3 курс 20-02 топ студенті

Ғалбиатқызы Нұрай

Тексерген:Алимгазина.С.Б                                                                                           

АЛМАТЫ,2022ж

Жоспар:

1.Кіріспе....................................................................................................................3

2.Негізгі бөлім..........................................................................................................4

2.1.Буаздық жайлы түсінік......................................................................................4

2.2.Буаздықты анықтау тәсілдері...........................................................................5

2.3.Мал организміне буаздықтық әсері...............................................................10

2.4.Жатырдан тыс буаздық, этиологиясы балау, емдеу ....................................11

2.5.Бұрынғы болған буаздықты анықтау.............................................................14

3. Қорытынды........................................................................................................15

4. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................16

Кіріспе

         Буаздық — ұрғашы жануарлардың аналық клеткасынан ұрық дамып жетілгенге дейінгі физиологиялық күйі. Буаздықтың алғашқы кезеңінде жануарлар жақсы қоректеніп, семіре бастайды. Буаздық мерзімінің 2-жартысында ұрыққа қоректік заттар көбірек қажет болғандықтан, буаз мал арықтайды. Әр түрлі жануарлардың Буаздық мерзімі әр түрлі болады. Мысалы, сиырда 285 күн, жылқыда 340 күн, қой мен ешкіде 150 күн, түйеде 365 күн, есекте 380 күн, шошқада 114 күн, қоянда 30 күн, итте 62 күн, т.б.Буаздық мерзімі жануарлардың жеке түрлерінің ішінде тіршілік ортасына, жыл кезеңіне, жалқы, егіз немесе одан көп ұрпақ табуына, т.б. себептерге байланысты өзгеріп отырады. Буаз малға ерекше күтім қажет.        Буаздық кезіндегі мал ауруларына іш тастауісіп-кебуерте төлдеужатыр жарығыжатырдың бұрылуы не түйілуі жатады. Іш тастаудың үш түрі бар: індеттік іш тастау сарыптан, бактериялық және паративтік ауруларданпаразиттер арқылы іш тастау жыныс аурулары салдарынан, індетке қатыссыз іш тастау малды дұрыс азықтандырмаудан, азықта витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеуінен, малдың бір нәрсеге соқтығып құлауынан, кейде жүрекбүйрекбауыр т.б. мүшелерінің ауруынан болады. Іш тастау қаупі білінген малды бірден бөліп, оның тұрған қорасына зарарсыздандыру жүргізіледі, төсеніші алмастырылады. Буаз малдың ісіп-кебінуі малдың қан айналымының бұзылуынан, жүрек пен бүйрек ауыруынан, малды өріске шығармаудан, т.б. болады. Ісік асқынғанда зәр айдайтын, іш жүргізетін және жүрек қызметін күшейтетін дәрілер беріледі. Ерте төлдеу малға сапасыз азық, суық су беруден не оқыс қимыл жасаудан, жатыр сығатын, іш жүргізетін дәрілер көп беруден де болады. Жатыр жарығы құрсақтың көк еті жыртылғанынан болады. Жатыр төлмен бірге осы жарық арқылы тері астына еніп, бұлтиып тұрады. Бұл, көбінесе, соққыдан, іштегі төлдің ірілігі салдарынан болады. Малды төлдер кезде қыр арқасынан не бүйірінен жатқызады да, төлді жарықтың тесігіне бағыттап, суырып алады, жарыққа хирургиялық операция жасайды. Жатырдың бұрылуы не түйілуі буаз малдың оқыс бұрылуынан, құлауынан болады. Бұл кезде алдымен жатырдың қай жаққа бұралғанын анықтайды. Сабан не пішен төселген жерге малды жатырдың бұралған жақ жамбасынан (малдың бөксе жағын биіктету керек) жатқызады. Малдың аяғын байлап, жатыры бұралған жаққа қарай малды қыр арқасынан тез аударады. Буаздық кезеңіндегі ақаулықтар әр түрлі ауруларға, сүтінің азаюына, кейде малдың қысыр қалуына соқтырады.

...

Скачать:   txt (51.4 Kb)   pdf (498.9 Kb)   docx (328.6 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club