Түбегейлі және жүйелі өзгерістер
Автор: kengesbayeva00 • Октябрь 11, 2018 • Реферат • 1,224 Слов (5 Страниц) • 1,098 Просмотры
Түбегейлі және жүйелі өзгерістер
Бұл кітаптың мазмұны «бұл жолы бәрі басқадай болады» деген көнеден келе жатқан тәмсілді шындыққа айналдыратын, «технологиялар мен цифрлық қайта құрулар маңайындағысының барлығын түбегейлі өзгерте алады деген түйінді ойдан бастау алады. Басқаша айтқанда, негізгі технологиялық инновациялар ғаламдағы кезеңдік өзгерістердің буырқанған шарықтау шегінде тұр және ол қуатты дүмпуге әкелмей қоймайды.
Болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарымы бүгінгі сәттегі дизруптивтік инновацияны қабылдар, түсінудің қаншалықты өткір қойылып отырғанын айқын аңдатады. Енді инновациялардың даму және таралу қарқыны бұрын болып көрмеген шапшаңдықпен жүреді. Бүгінде кеңінен танымал Airbnb, Uber, Alibaba сияқты дизруптивтік платформаларды осыдан бірнеше жыл бұрын кім көз алдына елестетіп еді? Қазір дүниені жайлап алған iPhone нарыққа алғаш рет 2007 жылы шығарылды. Ал 2015 жылдың аяғында дүниежүзінде екі миллиардтан астам смартфон қолданылатын болды. 2010 жылы Google компаниясы жүргізушісіз алғашқы автомобиль жасағанын жария етті. Шваб Клаустың ойымша, олар таяу жылдарда жолдағы әдеттегі құбылысқа айналады.
Бұл тізімді толассыз жалғастыра беруге болады. Бірақ оның даму қарқыны ғана таң қалдырмайды, құлашының күн сайын кеңге жайылып бара жатқаны да қайран қалдырады. Цифрлық қайта құру – автоматтандыру деенді білдіреді, ол дегенңіз, компанияларға табыс көлемінің төмендеу қаупін туғызбайды (болған жағдайдың өзінде, ол болымсыз деңгейде ғана). Оның қалай болатынын елестету үшін 1990 жылғы Детройт (сол уақытта ол дәстүрлі өндірістің басты орталығы болатын) және 2014 жылғы Силикон алқабын салыстырып көрейік. 1990 жылы Детройдтың үш алып компаниясының жинақталған нарықтық капиталдануы 36 млрд АҚШ доллары, ал ақшалай түсімі 250 млрд доллар болса, қызметкерлер саны 1,2 млн адамға жеткен. 2014 жылы Силикон алқабының үш алып компаниясының жинақталған нарықтық капиталдануы әлдеқайда жоғары көрсеткішке (1,09 трлн АҚШ доллары) жетсе, шамамен осындай сомада табысы (247 млрд АҚШ доллары), ал қызметкерлер саны он есеге жуық аз (137 мың адам) болды.
Осыдан он-он бес бұрынғыдан әлдеқайда аз жұмыс күшін тарту арқылы құндылық бірлігін жасау – бағаны арзандата отырып, оны нөлге дейін түсіруге тырысатын цифрлық бизнестің арқасында мүмкін болды. Одан басқа, цифрлық дәуірдің ақиқаттығы мынаған әкелді: көптеген жаңа компаниялар сақтауға да, тасымалдау мен таралымға да ешқандай шығын шығармайтын «ақпараттық тауарлар» ұсына бастайды. Дизруативтік технологияларға негіздеоген кейбір компаниялар жедел өркендеу үшін ешқандай капиталды талап етпейді. Мысалы, Instagram немесе WhatsApp сияқты компаниялар: олар шынында да өз жұмыстарын жолға қою үшін бастапқы қаржыландыруды қажетсінген жоқ. Төртінші индустриялық революция аясында олар капитал мен бизнесті ауқымдандырудың рөлін өзгертіп жіберді. Тұтастай алғанда, бұл ауқымдылықтың тиімділігі – өсуді ынталандыратынын және тұтас саланың өзгруіне ықпал ететінін көрсетеді.
Төртінші индустриялық революцияның бірегейлігі – даму қарқыны мен кең құлаштылығынан басқа, сан салалы, алуан түрлі ғылыми пәндер мен жаңалықтарды үйлестіру мен кіріктіруін үдете түсуінде.
Әртүрлі технологиялардың арасындағы бір-біріне тәуелділіктің нәтижесіде туындайтын материалдық инновация бұдан былай ғылыми фантастика болудан қалады. Мәселен, бүгін өндірістің цифрлық технологиясы билогиялық әлеммен қарым-қатынасқа түсуі мүмкін. Кейбір дизайнерлер мен архитекторлар қазірдің өзінде автоматтық жобалауды, аддитивтік технологияларды, материалдар инжинирингін және микроорганизмдердің біздің организмдермен, біз қолданып жүрген өнімдермен, тіпті тұрып жатқан ғимараттармен арадағы өзара әсерлесу жүйесінде жаңалықтар ашу үшін синтетикалық биологияны қатар қолдануда. Ол үшін олар үнемі өзгеріп және бейімделіп отыратын (өсімдік және жануарлар әлемінің айырым белгілері) нысандар жасауда (тіпті «өсіріп» те жатыр).
...