Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнімділігі жылына 1,5 млн т болатын мұнай фракциясын алу үшін ректификациялық колоннаның есебі

Автор:   •  Май 13, 2018  •  Курсовая работа  •  6,180 Слов (25 Страниц)  •  1,070 Просмотры

Страница 1 из 25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ[pic 2]

КеАҚ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ»

Индустриалды-технологиялық факультеті

 «Химия және химиялық технология» кафедрасы

[pic 3]

«Көмірсутек шикізатың өңдеу технологиясы» пəнінен

Курстық жоба

Тақырыбы:«Өнімділігі жылына 1,5 млн т болатын мұнай фракциясын алу үшін ректификациялық колоннаның есебі»

Орындаған: ХТОВ-15-1 қ/т студенті  Жылқышыбаева П.С.

Тексерген: доцент Абилхайров А.И.

оқытушы.Себепкалиева Н

Атырау 2018[pic 4]

Мазмұны

          Кіріспе......................................................................................................3

I. Әдеби шолу……………………………………………...…..............4

1.1. Сұйықтықты айдау әдістері...............................................................4

1.2. Ректификация түрлері........................................................................7

II. Технологиялық бөлім.......................................................................12

2.1. Ректификация процесінің негізгі аппараттары.............................12

2.2. Ректификациялық колоннаның эксплуатациясы..........................13

2.3. Бензол – толуол қоспасы..................................................................14

2.4. Ректификациялық процестің сұлбасы............................................18

2.5. Ректификациялық колоннаның сипаттамасы................................19

III. Технологиялық есеп........................................................................20

3.1. Материалдык баланс.........................................................................20

3.2. Бу жылдамдығы мен колонна диаметрін анықтау......................

3.3. Табақшалардың гидравликалық есептелуі.................................

3.4. Табақшалар саны мен колонна биіктігін анықтау............................

IV. Қорытынды........................................................................................

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген таза қосылыстарға сұраныстың көбейюіне байланысты ректификация процесі кең қолданыс тапқан процестердің бірі.

Ректификация процесінің қолданыс аясы кең. Аталмыш процесс көпшілігіне мұнай фракцияларын бөлуде, таза еріткіштер мен әртүрлі қосылыстар алуда қолданылады. Сондай – ақ соңғы жылдары ректификация процесі таза металлдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндірісінде де кең қолданыс тапқан.    

Курстық жобаның мақсаты: Үздіксіз әрекетті ректификациялық қондырғының әрекетімен танысу.

Курстық жобаның міндеті:

  1. Ректификациялық процесс негізін меңгеру;
  2. Ректификациялық аппараттар мен қондырғының жұмыс әректімен танысу;
  3. Ректификациялық аппараттарының негізгі параметрлерін есептеп үйрену.

Тірек сөздер: Айдау, азеотропты ректификация, атмосфералық ректификация, вакуумды ректификация, дефлегматор, дистиллят, жоғары қысымды ректификация, колонналы аппараттар, кубтық қалдық, массаалмасу, нығайтылу, пленкалы колонналар, ректификация, саптамалы колонналар, табақшалы колонналар, тұзды ректификация, флегма, экстрактивті ректификация.

Курстық жоба: 2 бөлімнен, 7 суреттен, 5 қосымшадан, 28 беттен, 12 пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

I. Әдеби шолу

1.1. Сұйықтықты айдау әдістері

Сұйық қоспаны бөлу үшін көбіне айдауды қолданады. Айдау процесі ежелден белгілі. Ол крахмал мен қантты материалдарды ашыту арқылы этил спиртін алғанда, орта ғасырларда кең қолданылған.

Қазіргі кезде айдау мен ректификация химиялық технологияда кең таралып, әр түрлі таза өнімдер алуда  және сұйылтылғаннан кейін газ қоспасын бөлуде қолданылады.

Сұйық қоспаны айдау қоспа құрамындағы құрастырушылардың қайнау температураларының ерекшеліктеріне негізделеді. Осылайша екі құрастырушыдан тұратын қоспаны қарастырсақ, қайнау температурасы төмен құрастырушы бірінші болып буға айналып, ал қайнау температурасы анағұрлым жоғары құрастырушы сұйық күйінде қалады [1].

...

Скачать:   txt (84.4 Kb)   pdf (613 Kb)   docx (222.5 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club