Етті бағыттағы малды күтіп бағу зоогигиенасы
Автор: Zhuka09 • Май 24, 2018 • Курсовая работа • 7,839 Слов (32 Страниц) • 1,452 Просмотры
«Мал шаруашылық объектілерін жобалау негіздері мен зоогигена» пәні бойынша
Тақырыбы: «Етті бағыттағы малды күтіп-бағу зоогигиенасы»
Жоспар
Кіріспе………………………………………………………..…….... 3
Негізгі бөлім……………………………………………………..….. 5
1. Етті бағыттағы малды күтіп бағу зоогигиенасы………..….. 5
1.1.Қорада күтіп-бағу…………………………………………….... 5
1.1.1.Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қораларға қойылатын зоогигиеналық талаптар………………..…..
6
1.1.2.Ірі қара малын байлап ұстауға арналған қораның планы…... 10
1.1.3.Ірі қара малын тұрғызып байлаусыз ұстау кезінде салынатын қораларға қойылатын зоогигиеналық талаптар...…….
12
1.1.4. Ірі қара малын бос-еркін ұстауға арналған қораның планы…………………………………………………………..……...
17
1.1.5. Мал қораларының микроклиматы……………………….….. 19
1.1.6.Мал қораларын сумен қамтамасыз ету……………………..... 21
1.1.7. Мал қораларында желдету жүйелері………………………... 22
1.1.8. Мал қораларында қи шығару жүйелері……………………... 22
1.2. Жайылымда күтіп-бағу………………………………………. 23
1.2.1. Жайылымды таңдау…………………………………………... 24
1.2.2. Мал табындарын құру……………………………………….. 25
1.2.3. Суаруды ұйымдастыру……………………………………….. 25
1.2.4. Малдарды тиісті деңгейде жайып-бағу ережелері…………. 26
3.«Дөңгeлeк» шapya қoжaлығыда өсірілетін етті бағыттағы ірі қараларды күтіп-бағу жүйесі………………………………….
28
Қорытынды…………………………………………………………. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………. 30
Кіріспе
Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигена – малды дұрыс бағу, азықтандыру және күтіп-бағудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететін деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым. Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.
Жекеше гигиена-жеке мал жүретін, жасына және малды пайдалануға (мысалы жас малдар, асыл тұқымды, сүтті, жүнді т.б.) бағытталған.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға
...