Қазақстандағы коммунистік өзгерістер
Автор: Zouldic • Апрель 7, 2018 • Реферат • 3,730 Слов (15 Страниц) • 1,532 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
I тарау.......................................................................................................................4
II тарау......................................................................................................................7
III тарау...................................................................................................................11
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................................14
Кіріспе.
Ғылыми жұмыстың қысқаша анықтамасы. Әскери коммунизм саясаты 1918-1921 жж. азаматтық соғыс уақытында ел экономикасын централизациялау және күшпен жоспарлы экономикаға өту негізінде коммунисттік қоғам құру мақсатында жүргізілген озбыр саясаттың жоспарсыз түрде жүргізілуі әлеуметтік ахуалдың төмендеуіне алып келіп, жаңа экономикалық саясаттың туындауына алып келді. ЖЭС саясатының нәтижесінде ел экономикасының үлкен жетістіктерге жетуі, халықты жаппай ұжымдастыру мен қазақ халқының жерлерін тәркілеумен байланысты.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Әскери коммунизм және ЖЭС саясаттарының алғышарттары, хроникасы, салдары қазіргі таңда да тың дерек болып қалуда.
Ғылыми жұмыстың тарихнамалық базасы. Ғылыми жұмысты жазуда Қазақстан тарихының 5 томдық еңбегінің 4 томы қолданыс тапты. Ж.Б Абылхожиннің «Очерки социально-экономической истории Казахстана XX века» атты кітабы негізгі еңбектердің ретінде ғылыми жұмыс жазуда қолданылды. Танымал тарихшы Талас Омарбековтың кітабы «20–30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» ғылыми жұмыс жазуда Қазақстанның 20 жж. әлеуметтік-саяси тарихын орнатуда пайдаланылды.
Ғылыми жұмыстың методолгиялық негізі. Ғылыми жұмыс жазуда әдебиеттер негізінде тарихи сараптама әдісі қолданылды.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың мақсаты ретінде ХХ ғ. 20 жж. Қазақстандағы әскери коммунизм мен ЖЭС саясатының жүргізілуін ашу алға қойылды.
Ғылыми жұмыс жазу кезінде мынадай міндеттер қойылды:
- Әскери коммунизм саясатының Қазақстанда жүргізілуін айқындау;
- Жаңа экономикалық саясаттың жүргізілу үрдісін анықтау;
Ғылыми жұмыстың хронолиясы. Ғылыми жұмыстың хронологиясы ХХ ғ. 20 жж. қамтиды.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау.
Әскери коммунизм – бұл 1918 – 1920 ж.ж. экономикалық саясат, халық шаруашылығының басқарудағы орталықтандыруы, тек қана ірі өндірістерді мемлекеттендіруі ғана емес, сонымен бірге орта және жарым- жарты кіші өндірістердің мемлекеттендіруі, нанға және басқа ауыл-шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік монополия (азық-түлік салғырты), жеке саудаға тиым салу және тауар – ақшалық қатынастардың тоқтатуы, еңбектің милитаризациясы. Жоғары айтылған бұл уақыттағы экономикалық саясаттың ерекшеліктері, марксистердің ойлауы бойынша коммунисттік қоғам міне осыдан басталады. Өндіріске, ақшаға және тауар – ақшалық қатынасқа жеке меншіктің жоқтығы, материалды иеліктерді таратуда әркімнің теңдігі. Бірақ коммунизм бұл жоғары дамыған техникалық база дәне әкімшілік-бұйрықтық әдістермен басқарылды.
Бұл саясаттың енгізулідің бірнеше себептерін қарастыруға болады, біріншіден жаңа ғана құрылған Кеңес мемлекетіне материалдық база қаражат керек болды, екіншіден ол кездегі негізгі тапшы ресурс ол азық-түлік болып табылады, соғыс майданындағы әскерлерді бірінші түрде азық-түлікпен қамтамассыздандыру керек болды. Большевиктер осы мәселенің шешімін «әскери коммунизм» саясатында көрді.
Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді.
...