Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауру малдың сүттін ветеринарлық санитарлық сараптау

Автор:   •  Март 22, 2020  •  Реферат  •  1,080 Слов (5 Страниц)  •  894 Просмотры

Страница 1 из 5

      Ауру малдың сүттін ветеринарлық санитарлық сараптау

1.Бруцеллез.

[pic 1]

Сақиналық әдіс. Сүтпен сақина реакциясын ең бірінші рет 1937 жыл Флейшигадэром қойған. Осы серологиялық реакция көмегімен  сүт ішіндегі бруцеллезге қарсы антидене тапқан. Антиген ретінде өлтіріп, боялған бруцеллездің микробын пайдаланған. Антиген мен антидене бір-біріне қосылса ол май түйіршікьеріне шоғырланады да, ал ол жылы ортада жоғары көтеріледі.

Сақина реакциясы сиырдың бруцеллезге балау қою үшін өте пайдалы, сондықтан да бұны шаруашылықтардың сүт фермаларында кеңінен пайдалану керек. Бұл әдіспен жеке сиырдың сүтін ғана емес, жалпы жиналған майлы сүттә детексеруге болады. Қышқылдығы 30-тан жоғары және өте майлы сүт бұл әдіспен тексеруге келмейді.

Реакцияны қою үшін пробиркаға 0,05мл (үлкен бір тамшы) түсті антиген құйып, оған бір мл сүт құяды. Сонан соң бір сағат бойы пробирканы шайқап  термостатқа немесе 37-39-тағы жыл суға 1 сағаттай салып қояды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін реакцияның қорытындысын тексереді.  Болымды реакция болғанда, сүттің беткі жағы қаймақ жиналған жерде көк сақинаны көруге болады. Сүттің басқа қалған  қабаты ағарады. Реакция өтпеген кезде сүт қабатының түсі бастапқыдай көк болады, демек оның бетінде ешқандай сақина пайда болмайды.

Агглютинация реакциясы 10мл жылы35-37 сүтке мәйектің 10 пайыздық физиологиялық ертіндісінің 3-5 тамшысын қосады да тез ұюы үшін, оны 38-40 градустағы ыстық су моншасына салады. Сүтті центрифугадан өткізіп шыққан сарысуын реакция қоюға пайдаланады.

Реакцияны физиологиялық ертінідімен араласқан сарысуымен 1:6-1:160 қояды. Әр пробиркаға 1мл антиген жақсылап шайқайды да30 мин бойы,37 градус жылылықтағы термостатқа қояды. Сонан соң минутына 3000 айналмалы шапшаңтықпен айналатын центрифуганың ішінде 5 мин айналдырады.

Болымды реакция болғанда- пробирканың түбінде саңырау құлақтың басы сияқты, кішкене қабыршақ пайда болады, оны қозғап қалса үлпекке және түйіршекке айналады, ал сарысу мөлдір күйінде қалады.

Реакция теріс болған жағдайда – пробирка түбіндегі тұнбаны қозғап қалғанда тегіс бұлдырды көруге болады.

Реакция дұрыс немесе бұрыс шыққанын білу үшін оған тиісті бақылау қояды. Сүт бойынша ауру деп тапқан сиыр қанын да тексереді.

Агглютинация реакциясының пластинкалық тәсілі. Бұл тәсіл  бруцеллез малдың сүтін тез анықтауға мүмкіндік береді. Реакцияны майлы сүтпен немесе сүт сарысуымен жасауға болады. Ол үшін сүтті мәйек қосып  немесе гр пепсин 1мл тұз қышқылының қосындысымен ірітеді. Іріген сүтті қағаз сүзгіден өткізіп, кішкене әйнектің үстіне екі шеті мен ортасына (3жерден) 8,4 және 2 тамшыдан алынған сарысуды тамызады да, әрқайсысына 1 тамшыдан бруцеллездің қою антигенін қосып, шыны таяқшамен араластырады. Реакцияның тез өтуі үшін әйнекшені спиртовканың жалынында ұстайды.

Болымды реакция болса ақ үлпек пайда болады.

Реакцияның дұрыстығын анықтау үшін 2 тамшы физиологиялық ерітіндіге 1 тамшы қою антиген қосады және 2 тамшы сарысуға 1 тамшы физиологиялық ертінді қосады.

[pic 2]

Адамдарға бруцеллез малдармен жұмыс жүргізгенде, сүт тағамдарын пайдаланғанда жұғады. Сүт тағамдарының ішінде сүзбе ірімшігі, әсіресе қой ірімшігі, кілегей және сары май бруцелла қоздырғыштарының тіршілік етеін қолайлы ортасы. 1 мл ауру малдың сүтінде 10-20 мың бруцеллаға дейін. Бруцеллалар тек сиыр сүтімен емес, қой, бие, түйе, буйевол сүтімен де бөлінеді. Сүтте бруцеллалар өсіп өнбейді, бруцелланың өсуі 380С – та 40 сағаттан, ал 200С-та 3 күннен соң бастайды. Олар төменгі температурада өте жақсы сақталады. Мысалы, 200С –та бруцелланың өсуі байқалған. Ал жоғары температураға төзімсіз. 700С*та 10 минут 80-850С-та 5 минуттан соң өледі, Ал қалыптағы температурадағы өзінің өмір сүруін 10-16, салқындатылған өнімде 6-40 күн, ал 560С-та 15 -90 минут сақталады. Қаймақта – 10 күн, сары майда 25-67 күн, ірімшікте 45 күн сақталады .

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (299.6 Kb)   docx (958.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club